Бекежан Айбекұлы (1667, Ақтөбе өңірі, Мұғалжар тауы маңы - 1730) - батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі. Сүрмерген садақшы, «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі - башқұрт мырзасы .....
Викентий Никонорович Тощенко (1910, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы - 27.11.1943, Украина, Днепр бойы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия капитаны. 1932 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, тұрақты әскери қызметкер болды. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күннен майданға жіберілді. 1-гвардиялык атты әскер дивизиясы 5-гвардиялық Тамань атты әскер полкінің қатарында Солтүстік Кавказдағы, Днепрдегі шайқастарға қатысты. 1943 жылы 26 қыркүйекте Тамань атты әскер полкінің 1-эскадроны .....
Арал батыр (18 ғ.) — қолбасы. Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Кіші жүздегі Кете руынан. Әжібай би Балпашұлының інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының "Сабалақ” дастанында суреттелген. Ол Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен .....
Ақша Сартұлы (1707 — 1729) — батыр. Қойгелді батырдың інісі. [1]Әкесі Сарт Шақанұлы Ташкент маңын қыстап, қазіргі Қаратау қаласының іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күздеуі еткен атақты бай болған. Ақша алғаш 1723 ж. жоңғар қалмақтарымен болған соғыста көзге түсіп, батыр атанған.[2] Тараз қаласын талқандап, қазақ байларының ауылдарына .....
Еменәлі Жалбырұлы - батыр. 15 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасынан шыққан. Өзінің аталас туысы Жаңбыршы биден тәлім-тәрбие алған. Бұрындық ханмен, Жаңбыршы бимен бірге қазақ жұртын сыртқы .....
Шәкіров Астанқұл (1.4. 1922, Өзбекстан, Әндіжан қаласы - 11.1.1945, Украина, Калининград облысы Нестеров ауданы Калинин поселкесі) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы желтоқсан айында шақырылды. 75-гвардиялық атқыштар полкінде (З-Беларусь майданы 11 -гвардиялық армия 26-гвардиялық атқыштар дивизиясы) 111. 1944 жылы 15 шілдеде .....
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі .....
Дәуқара Қарақожаұлы (шамамен 17 ғасырдың соңы - 18 ғасырдың ортасы) - батыр, би. Есімі байұлы тайпасы құрамындағы байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысқан. Ел арасындағы бір аңыздарда дене бітіміне қарай .....