Мұғалім оқушыға жоғары сапалы білім беруі үшін үлкен ізденісте болып, өзінің біліктілігін арттырып отыратыны секілді мен де біліктілігімді арттыру үшін Кембридж бағдарламасы бойынша білім алуға оқуға келдім. Бағдарлама курсының І бетпе бет кезеңінде үстел басына отырғаннан, тренеріміз Бадигүл апаймен, кураторымыз Ләззат апаймен таныстық. Тренеріміз ортаға түрлі - түсті қағаз, фламастер, түрлі - түсті бояулар, ақ бет парақтар, қайшы, скотч таратып бергенде бұл оқудың жай бұрыңғыдай оқу емес, ерекше екеніне көз жеткіздім. Бадигүл апай «Таныстыру» тренингінің түр - түрін өткізіп, бір - бірімізге шапалақ.......