Реферат: Қазақ әдебиеті | Төлебай Әжімов

Төлебай Әжімов (1921, Ресей, Астрахан облысы Икрян ауд. Мушрын а. - 14.2.1988, Алматы қаласы) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ефрейтор, барлаушы. Қазақ. Ұлы Отан соғысына дейін Ә. Омбы қаласында тұрып, балықшы болып жұмыс істеді. 1942 жылдан майданда болды. Ол 198-атқыштар дивизиясында Старая Русь түбінде, Брянск ормандарында шайқасты. Беларусьті азат етуге қатысты. Майданда Әжімов жау тылына талай рет барып, бағалы мәлімет алып келді. 1944 жылдың 24 шілдесінде ержүрек жауынгер Польшаның Красностав қаласынан азат ету үшін .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қарасай Алтынайұлы

Қарасай Алтынайұлы (1589-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға жөне олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қарасақал

Қарасақал, Қарахан, Шона (шамамен 1705 — 1749) - батыр. Шыққан тегі белгісіз. Кейбір деректер бойынша - башқұрт. 1735 жылдан бастап Ресей үкіметіне қарсы күресті. Ал- дымен И.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясына қарсы шықса, 1740 жылы башқұрттар көтерілісін басқарды. Көтеріліс талқандалғаннан кейін, қазақ даласына келіп, Орта Жүзді паналады. Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қаракерей Қабанбай батырдың қол астындағы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Тойшыбек Қасаболатұлы

Тойшыбек Қасаболатұлы (1783, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран а. - 1860, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас а.) - би, батыр. ¥лы жүздің дулат тайпасының ботбай руынан. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қолдау танытқан. 1849 жылы Алматы қаласына таяу маңда, Ақсай және Қарасу өзендерінің түйіскен тұсында бекініс салдырды. Бекініс қабырғасының ұзындығы 85 м, биікт. 5 м болған. Патшалық Ресейдің Жетісу өңіріне енуіне қарсылық танытып, оған қарсы күресте Қоқан хандығына арқа сүйеді. Осы мақсатта өзінің бекінісінде қоқандық Аққұлы бек басқарған әскери горнизон ұстады. 1850 жылы 19-23 сәуірде Ресей армиясының капитаны Гутковский 2 зеңбірегі бар 300 әскермен Тойшыбек бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Тойшыбек бастаған жасақ Гутковскийдің шабуылына тойтарыс беріп, бекіністі талқандауға жол бермеді. Шабуылда Т-тің жасағынан 200-ден астам адам қаза тапты. Ресей өкіметі Т. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Ысқақ Ыбыраев

Ысқақ Ыбыраев (10.5.1911, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қаратал ауылы - 13.7.1965, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі. Қазақ. Петропавл қаласындағы педагогикалық училищені (1930) бітіргеннен кейін Есіл ауданындағы Орталық, Бірлік, Жарқайың ауандарында 12 жыл мүғалім болды. 1942 жылдьщ шілдесінде Кеңес әскері қатарына шақырылып, Горький (қазіргі Нижний Новгород қаласы) қаласындағы әскери-саяси қызметкерлер курсын тәмамдады. Сол жылдың қазан айында Прибалтика майданына жіберіліп, 50-полктің рота командирінің саяси бөлімі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Могилев жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей

ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей[1] (1707, Есіл өзен бойы – 1800, қазіргі Ресейдің Челябинск облысы Итиль ауданы) – батыр. Орта жүз батыры Ертісбайдың отбасында дүниеге келген. Тұрсынбайдың атасы Атық 17 ғасырда батыр әрі әулие атанған. Тұрсынбай 9 жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі "Қарнақ” .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қайқы Ұзақұлы

Қайқы Ұзақұлы (1845, қазіргі Жалағаш ауданы – 1918, Тереңөзек ауданына қарасты «Қайқы ағашы» деген жер.) – батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. Әділдігімен, өткір де ержүректілігімен .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Таңғыт Еңсеұлы

Таңғыт Еңсеұлы (1879, Қытай, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжін ауд. - 1952, сонда) - қоғам қайраткері, рубасы. Әкесі Еңсе үкірдай қажыға барарда Т-ты өз орнына найман елінің жұмық руына үкірдай етіп қойып кеткен. Ол осы орын- да 1897 жылдан 1936 жыл- га дейін болды. Т. өзінің әділдігімен, парасаттылығымен ел көңілінен шығып отырған. Халықтың оқу-білімін жетілдіру жағына баса назар аударды. Азамат соғысы жылдары .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Уәлі Итенұлы

Уәлі Итенұлы (1798, қазіргі Қызылорда облысы, Құмкөл өңірі - 1881, Қорқытата қорымы) - би. Ресей патшасының қазақ жерін отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдарымен бірге әкесі Итен де балаларын алып, қазіргі Ақтөбе, Қостанай облыстарының жеріне көшкен. Қазір де Қостанай өңірінде «Құлтының қара моласы» деп аталып кеткен жер бар. Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәлі өзіне қарасты ағайындарымен .....
Рефераттар
Толық
0 0