Өмірбаян: Жұмағали Маханов Паринбекұлы (1962 жылы)

Маханов Жұмағали Паринбекұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері.
1962 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген.
1979-1983 жж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетін оқып-бітірді.
1983 жылы Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Гүлшат Тұтова Әбсаттарқызы

Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - актриса.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген.
1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А.Сүлейменовтің «Кегінде» әйел (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Әйгерім, Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанында» Бибіш (реж. Қ.Сүгірбеков), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан (реж. Т.әл-Тарази), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Күләй, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағдат (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Зина, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Жеңгей, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Қарлығаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Назгүл (реж. Ә.Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Айзада Сатыбалдиева Таңатарқызы

Сатыбалдиева Айзада Таңатарқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылында дүниеге келді.
1994-1998жж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институты театр факультетінің муздрама бөлімін оқып-бітірді.
1998ж. жолдамамен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының актерлік құрамына қабылданады.
2007ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы болды.
2009ж. тамыз айында М.Әуезов драма театрына қабылданды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Аружан Саин (1976 жылы 10 тамыз)

Аружан Саин ( 1976 жылы 10 тамызда туған, Қызылорда, Қазақстан) — қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, "«Милосердие» ерікті қоғам" қайырымдылық қорының директоры.
Өмірбаяны
Аружан Саин Алматы қаласындағы №138 гимназияда білім алған. 1991 және 1992 жылдары географиядан республикалық олимпиядалардың жеңімпазы болады 1993 жылы Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, география факультетінде, экология және мониторинг кафедрасында оқып шығады. 1994 жылы "Аружан және Компания" продюсерлік орталығын ашады. 2006 жылы «Милосердие» қайырымдылық қорын ашады. Қор балалар үйлеріне көмек, ауру балаларға көмек және Қазақстаннан да тыс жұмыс атқарады. 2009 жылы Алтын Журек премиясына «Инвалидтерге қамқорлық» номинациясы бойынша тағайындалды.
Мансап ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерлан Көкеев Амантайұлы (1971 жылы 21 мамыр)

Ерлан Амантайұлы Көкеев 1971 жылы 21 мамырда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Көкеев Амантай Мұқашұлы, апат учаскесінің шебері. Анасы - Мұқашева Гүлсім Мұқашқызы, үй шаруасымен айналысады
Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін домбыра және хорға дирижерлік ету классы бөлімшесін (1991); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбыра классы бойынша бітірген (2000), халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, концерттік қызметті ұйымдастырушы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Сая Оразғалиева Магзумбекқызы (1988 жылы 7 сәуір)

Оразғалиева Сая Магзумбекқызы - актриса, әнші.
1988 жылы 7 сәуірде Ұлан ауданының Ақ тауында дүниеге келген.
Алматы Қазақ-түрік, гуманитарлық технологиялық колледжін бітірген, аудармашы-референт (2009); «Тұран» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген (2012).
«Shine» тобының вокалисті (2010-2012).
Сая «ВУЗеры» телехикаясынан кейін танымалдылыққа ие болды.
Кинодағы рөлдері:....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0