Өмірбаян: Санжар Мәдиев Нұрланұлы (1986 жылы 4 тамыз)

Санжар Нұрланұлы Мәдиев - актер.
1986 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Халықаралық Лингвистика гимназиясын бітірді, кейін Қазақ Ұлттық университетінде «экономика» факультетінде оқыды. Оқуын университет магистратурасында жалғастырып, сонымен қатар Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды. 2008 жылы магистрлікті қорғап, театр режиссері мамандығы бойынша академиядағы оқуын жалғастырды. New York Film Academy-да (Лос-Анджелес, Калифорния) Film Making мамандығы бойынша білім алды.
Кинода «Кері жағы» фильмі арқылы дебют жасады (2009).
2014 жылы үйленді. Әйелі - Мөлдір Мәдиева. Бір қызы бар....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Азат Сейтметов Райымбекұлы (1964 жылы 14 желтоқсан)

Азат Райымбекұлы Сейтметов (1964 жылы 14 желтоқсанда Алматыда туған) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1988 жылдан).
Азат Райымбекұлы 1964 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ ұлттық өнер академиясының "кино және театр актері" мамандығы бойынша бітірген.
1988 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Майя Манеза (1985 жылы 1 қараша)

Майя Манеза - 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген.
Отбасы
Әкесі - Манеза Салахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады.
Білімі
Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алуда.
Дүнген
Жетістіктері
2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Рахия Қойшыбаева Рысбайқызы (15 қазан, 1916жылы)

Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947).
Өмірбаяны
Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Қарағанды облыстық драма театры) бастады.
1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды.
Ойнаған рольдері
Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Әзиз Бейшеналиев Болотұлы (1971 жылы 15 наурыз)

Бейшеналиев Әзиз Болотұлы - актер.
1971 жылы 15-наурызда Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек, Қырғыстан) дүниеге келген.
1989-1992 ж.ж. Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетінде, қытай филологиясы кафедрасында оқыған.
1996 жылы М. Горький атындағы Ташкент мемлекеттік академиялық орыс драма театры жанынан құрылған Островский атындағы Ташкент көркем-театр институтының Мектеп-студиясын тәмамдаған (В. Вержбицкий мен В. Шапиро дәрісі бойынша).
В 1994–1997 ж.ж. «Лик» Ташкент заманауи хореографиясы театрында (Лилия Севастьянова жетекшілігімен) қызмет атқарған.
Шетелдік кинодағы рөлдері:
2015 Ищейка (Ресей,аяқталмаған) - Ким
2014 Ерлер демалысы / Мужские каникулы (кіші хикая, Ресей) - Рашид
2014 Бывших не бывает (кіші хикая, Ресей) - Улутбек Гафуров (Бек)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Дәурен Айдарқұлов (1982 жылғы 6 қыркүйек)

Дәурен Айдарқұлов - актер.
«КешYOU» тобының экс-солисті Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке үйленген. Бұл жұптың 2017 жылдың жазында Ибрагим есімді ұлдары дүниеге келді. Алдыңғы некесінен актердің үш баласы бар.
Дәурен Айдарқұлов 1982 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Дәурен физика-математикалық мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетіне «Менеджмент» мамандығына түскен. Кейін магистратурада халықаралық қатынастар бағыты бойынша оқыды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Сара Тыныштығұлова Өрдембайқызы (1942 жылы 1 қаңтар)

Сара Өрдембайқызы Тыныштығұлова (1942 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бөрлітөбе ауылында туған) — әнші. Қазақ КСР Халық артисі (1979). Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1970). Алматы облысының Құрметті азаматы (2001). Парасат орденінің иегері (2017).
Сара Өрдембайқызы 1942 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бөрлітөбе ауылында дүниеге келген.
1966 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық эстрада студиясын бітірген.
1971 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
1969 - 1975 жылдары Гүлдер (ансамбль)нің солисті.
1976 жылдан Қазақконцерттің солисті.
Шығармашылығы
Сара Тыныштығұлованың репертуарынан Қазақтын халық әндері ("Ауылың сенің іргелі", "Ақ дариға") мен осы заман композиторларының Н.Тілендиевтің "Алатауы", Ш.Қалдаяқовтын "Шынарым", Е.Хасанғалиевтің "Аңсағаным", және шет ел халықтарының (түрік, вьетнам, т.б.) әндері орын алды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Әсел Сәдуақасова (1985 жылы 31 қаңтар)

Әсел Сәдуақасова - актриса, әнші, продюсер.
1985 жылы 31 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша бітірген, ұлттық және бал билерімен айналысқан. Екі жоғары мамандықтың иегері - журналистика мен психология.
2002 жылы «Дауыс International» тобына кастинг арқылы қабылданған. Топ құрамында 11 жыл бойы өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Аяри» лақап атымен жеке шығып жүрді. Кейіннен құрбысы екеуі жаңа құрамның продюсері атанды. Екі бейнебаян түсірді. Әсел Сәдуақасованың өзі продюсер болған «Жұлдыз болғым келеді» жобасында жаңа жұлдыздарды тапты – «Altyn Girls» мен «Кофеин» топтары.
2015 жылы бірнеше жобалар мен бағдарламалардың жүргізушісі болды. Әселдің айтуынша, ол қазір ән айтуды тоқтатқан. Қазіргі таңда, жүргізушілік, актерлік және продюсерлік салаларға көбірек көңіл бөліп жүр. «Sunny Production» продюсерлік орталығының негізін қалаған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Дастен Шәкіров Бақытбекұлы (1987 жыл 21 қыркүйек)

Шәкіров Дастен Бақытбекұлы - актер.
Дастен Шәкіров 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ш.Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназиясына оқуға түсіп, 2005 жылы аталған білім ордасын бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбын қызыл дипломмен тәмамдаған.
2009 жылы Халықаралық бизнес академиясының «Қаржы» факультетін бітірген.
Жарнамалық роликтер мен бейнебаяндарға түскен.
Кинодағы дебюті - «Жаным» телехикаясы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қожа Бақтияр Абдуллаұлы (1957 жылы)

Қожа Бақтияр Абдуллаұлы - актёр.
1957 жылы Өзбекстанда туылған.
Т. Жүргенев атындағы Қазақ өнер институтына түсер алдында, эстрада бағытындағы миниатюра театрында ойнаған.
1979-1981 ж.ж. Кеңес Әскерінде болған.
1981 жылдан бері - М. Әуэзов атындағы Алматы Қазақ драма театрының актері. 30 жылдық қызметінде театрда 100-ден астам рөлдерді сомдаған.
Кинодағы рөлдері:
2015 Ауылдан қашу. «Махаббат» операциясы / Побег из аула. Операция «Махаббат» - Айсұлудың әкесі
2013 Бауыржан Момышұлы / Бауыржан Момышулы (Қазақстан)
2012 Құрбылар / Подружки (хикая, Қазақстан)
2011 Тонаушылар олимпиадасы / Олимпиада....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0