Өмірбаян: Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жылы)

Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жыл, Қарағанды, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер.
Өмірбаяны мен шығармашылық жолы
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі көркем фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.
2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Бұл көркем-суретті киноны журналистер мен сыншылар жылы қабылдады және фильм – кинотеатрларда кезекте тұрған көрермендердің көңілінен шықты. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Баянғали Әлімжанов Тақанұлы (1954 жылы 16 қазан)

Әлімжанов Баянғали Тақанұлы (16.10.1954 т.ж. ) - ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Негізінен қазақ тілінде, арасында орыс тілінде де жазады. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, бокс, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, теледидар көру және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, поэзия, драматургия, кино, айтыс, жырлар, дастандар («Манас»).
Өмірбаяны
Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданы) Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Болат Ұзақов Қасымжанұлы (1962 жылы 25 қараша)

Болат Қасымжанұлы Ұзақов (1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы - режиссері.
Болат Қасымжанұлы 1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институты)ның «Театр» факультетін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов пен КСРО халық артисттері Ыдырыс Ноғайбаев және Фарида Шәріпованың классын бітірген.
1994 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссері» мамандығы бойынша ҚР халық артисі, профессор Маман Байсеркенов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхановтың классын бітірген.
1984 - 1997 жылдары Бикен Римова атындағы театрдың актері әрі қоюшы - режиссері болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Дулыға Ақмолда Досмахамбетұлы (1971 жылы 10 желтоқсан)

Дулыға Досмахамбетұлы Ақмолда (1971 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында туған) - кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
1971ж. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келді. Байқадам орта мектебі және Саудакенттегі Ықылас атындағы музыкалық мектепті бітірді.
1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр жәнЕ кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) «Театр-кино актері» мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Асылбек Боранбай Райханұлы (1972 жылы 9 қыркүйек)

Асылбек Райханұлы Боранбай (1972 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1993 жылдан).
Асылбек Райханұлы 1972 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
1994 жылдан Тамаша әзіл-сқақ театрының актері.
2008 жылдан Тамаша әзіл-сқақ театрының бас режиссері, көркемдік жетекшісі.
Гастрольдік сапармен Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Айдос Бектеміров Жұмаділдәұлы (26 мамыр 1950 жылы)

Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров (26 мамыр 1950 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарғалы ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2016). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (2003 жылдан).
1967ж. Алматыдағы Эстрада-цирк студиясын,
1973 ж. Мәскеу театр институтын,
1998 ж. Алматы театр және кино институтын бітірген.
1969 — 70 ж. “Қазақконцерт” бірлестігінде,
1970—71 ж. әскери борышын өтей жүріп, Орта Азияәскери округының ансамблінде,
1972 — 73 ж. республикалық “Гүлдер” ансамблінде өнер көрсеткен.
2003 жылдан бастап Әуезов театрының құрамында.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтар)

Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорғанда туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1980 жылдан).
Мұрат Нұрәсілов 1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорған облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген.
1980 жылы Алматы Театр және Көркемсурет институтынн бітірген.
1980 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік құрамында еңбек етеді.
Сахнадағы негізгі рөлдері...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Меңтай Өтепбергенов Смағұлұлы (7 тамыз 1946 жылы)

Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов (7 тамыз 1946, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылы - 5 қаңтар 2016 жыл, Алматы) — киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996).
Өмірбаяны
Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалылының клоунада және пантомима бөлімін (1968)
Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974).
1969 -70 ж. Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті.
1974 жылдан" Қазақфильм" киностудиясының актері.
Шығармашылығы
Ол 40-тан астам киноға түскен. "Біз - ересектер" (1980), "Жаушы" (1980), "Ақ шаман" (1983), "Жеңімпаз" (1984), "Интердевочка" (1991), "Шанхай" (1996), т.б. фильмдерінде ойнаған....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0