Өмірбаян: Қыдырәлі Болманов Нұртайұлы (1964 жылы 19 мамыр)

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — әнші, продюсер. Философия ғылымдарының докторы (Phd 2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері (2013).
Өмірбаяны
Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991).
1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.
1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.
2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
Қоғамдық жобалары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
1 0

Өмірбаян: Әйгерім Рақыш (Ayree)

Жас әнші (шын есімі – Әйгерім Рақыш) Ayree 1992 жылы музыканттар отбасында дүниеге келген. Әйгерімнің әкесі саксофонда ойнайды, анасы вокалдан сабақ береді. Бауырларының бәрі де музыкаға жақын. Әйгерімнің өзі музыкалық мектепте 10 жыл бойы домбыра сыныбында сабақ алған. Одан кейін Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдады.
Ayree-ді көрермендер 2013 жылы өткен «Қазақстан даусы» жобасы арқылы таныды. Ол кезде Әйгерім финалға дейін жетіп, жоба соңында 2-орынға ие болған еді. Ал жеке әнші ретінде үлкен сахнаға 2016 жылы 1 наурызда «Шоу» әнімен (авторы – Бауыржан Бимахан) шықты. Сол аралықта жас әншінің алғашқы бейнебаяны да түсірілді. 2016 жылды жас орындаушы үшін толассыз ізденістер жылы болды деуге болады. Дәл осы жылы ол «ABU» телевизиялық әндер фестиваліне қатысып, Франция мен Қытайға гастрольдік сапармен барып келді. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Нұрлан Өнербаев (1961 жылы 4 қараша)

Нұрлан Өнербаев 1961 жылы 4 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. Ол өнер жолын театр әртісі ретінде бастағанын тыңдармандардың көпшілігі біле бермейді. М. Әуезов атындағы драма театры жанындағы актерлер студиясын бітірген жас актер әкемтеатрда 10 жылға жуық уақыт қызмет етіп, 15 шақты қойылымда ірілі-ұсақты рөлдерде ойнады. Театрда жүрген кезінде ән айтуға ден қояды. 1984 жылы сахнаға алғаш ән айтып шыққан әншінің бүгінде 300-ге жуық әні бар. Олардың арасында «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндері, сондай-ақ халық әндері «Дудар-ай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндері халық арасында жақсы танылды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Олжас Абай (“Ochooou”)

Олжас Абай Алматы облысы, Ескелді ауданында дүниеге келген. Ол Талдықорған қаласындағы Д.Рақышев атындағы спорт мектебін, кейін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Олжасты көпшілік “Ochooou” деп таниды. Бұл әртістің сахна үшін арнайы таңдап алған псевдонимі емес. Оны әкесі бала күнінде осылай еркелеткен екен. Әкесі қойған атпен сахнаға шыққан әртіс бір жағынан осындай өзгеше лақап атымен ерекшеленгенді жөн көріпті.
Шындығында, Олжастың сахналық есімі ғана емес, репертуарындағы әндері де ерекше. Әсіресе, оның 2016 жылы бейнебаяны түсірілген “Бомба” әнін айрықша атап өтуге болады. Бұл әннің өзі де, бейнебаяны да тыңдарман тарапынан жылы қабылданып, “Гәкку” арнасында миллионнан астам қаралым жинады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Әлия Әнуарбек (1993 жылы 30 сәуір)

Әлия Әнуарбек (Телебарисова) 1993 жылы 30 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Бойы 178 см. Жас актриса 2012 жылы түсірілген "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зере ролін ойнағаннан кейін әйгілі болды. Ең алғашқы ролі - Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясындағы кіші келін. Сондай-ақ, "Жас ұлан", "Балкон" фильмдеріне және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2", «Жаным» телехикаяларына, бірнеше қысқа метражды киноленталарға түскен. Лос-Анжелесте Нью-Йорк киноакадемиясының актерлік өнер бөлімінде оқыған.

Мен 2014 жылдың 14 маусымында шаңырақ көтердім. Жолдасымның есімі – Азамат. Мамандығы – заңгер. Осындай парасатты, өзіме қамқор әрі тірек болатын жанды кездестіргеніме Аллаға сансыз шүкірлік айтамын.
– Ата-енем, күйеуім маған қашанда қолдау көрсетіп отырады. Сол үшін де ол кісілерге алғысым шексіз. Жаныңда сенің өнеріңді түсінетін, құрметтейтін адамдар жүрсе, жұмысың да өнімді болады.
Өздеріңіз білесіздер, актердің мамандығы басқа қызметтерден бөлектеу. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, мұнда сенің жұмысыңды өз ұжымың ғана емес, көпшілік бағалайды. Бірақ қандай қиындықтары болмасын, мен өз мамандығымды жақсы көремін. Өзінің сүйікті ісімен айналысқан жан – бақытты. Сол себепті де жолдасым менің шығармашылықпен айналысқанымды қалайды. Бүгінде киноға түсемін, сценарий жазамын, монтажбен айналысамын. Үйде жүрген кездің өзінде, демалыста жүргенде қолымнан камера түспейді. Түсірген дүниемді дереу монтаждаймын. Нәтижесінде, әдемі отбасылық деректі фильм болып шығады. Сүйікті ісіммен айналысқанның арқасында керемет естеліктер қалады.
Ерін күтіп-баптай білген нағыз инабатты қазақ қызының отбасы жайындағы қағидасы: «жұмысым ол – хоббиім, ал отбасым – менің карьерам». Осы қағидаға сай, Әлия үй жұмыстарының барлығын өзі істейтіндігін, тамақ жасау, кір жуу, жалпы айтқанда нағыз келіннің жұмысын жасайтындығын айтады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерке Есмахан (1986 жылы)

Ерке Есмахан 1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ата-анасы қызының өнерге бейім екенін бірден байқап, оны музыкалық мектепке берген. Мектепті бітірген соң, Ерке Ақтөбедегі музыкалық колледж бен Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алды. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, продюсер Баян Мақсатқызының назарына ілігіп, «Іңкәр» тобына қабылданды.
Ерке халыққа бірден таныла қойған жоқ. Алдымен, «Іңкәр» тобында ән салды. Одан соң, жеке шығармашылығына ден қойды. «Асыл арман», «Айша бибі», «Бал сезім», «Жаным болшы», «Еркемін», «Әйел бақыты» әндерін жарыққа шығарды. Десе де, бұл әндердің барлығын әншінің биыл орындаған «Қайда?» әні басып озды. Еркенің көптен күткен жұлдызды шағы енді келді десе болғандай. Олай дейтініміз, «Қайданың» бейнебаяны «Youtube» арнасында қазақ әндері арасында бұрын-соңды болмаған рекорд көрсеткішті жинады. Желіге маусым айында жүктелген бейнебаянды 5 айдың ішінде 40 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар қазақша әнге reaction жасап, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп жатты. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғалымжан Молданазар (1988 жылы)

Ғалымжан Молданазар 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол қазақ эстрадасының тыңдармандарына таңсықтау синти-поп, брит-поп, рок, инди-поп жанрларында ән салады. Көрермендер алғаш рет Ғалымжанды 2011 жылы «Хит тв» телеарнасынан көрді. Ол кезде Ғалымжан рок-әнші Әсеммен дуэт айтып шыққан болатын.
Ғалымжан өзі орындаушы болғанға дейін «Орда» тобына, Қайрат Түнтеков, Әсем, Асыл Беделхан және тағы басқа әншілерге ән жазған. 2013 жылдан бастап жеке әнші ретінде эстрадаға келген ол бұл ортадан тез жалыққанын былайша түсіндіреді: «оқушы кезімде жұлдыз болғым келді. Кейін Алматыға келіп, композитор ретінде әншілерге ән жазып, осы салада жұмыс істеп көргеннен кейін ойымнан айнып қалдым. Шыны керек, эстрада маған ұнаған жоқ. Бәрі жалған, фонограмма, барлығы өтірік... Менің ойымша, өнерде алдамшы нәрселер болмауы керек. Мысалы, фонограммаға адал ақша емес, фальш ақша төлеңіз. Дұрыс қой?..»
Әнші дәл осы себептермен 2013 жылы эстрададан кетті. Оған көп жерде фонограмма талап етілетіні ұнамады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Renzo тобы

«Renzo» – 2015 жылдың соңында құрылған қазақстандық бойз-бенд. Топ Жанболат Ертаев, Есет Жарылқасымов, Ержан Жүнісов және Асқар Ахмет есімді талантты жігіттерден құралған. «Renzo» деген сөз жапон тілінен «үшінші бала» деп аударылады. Топ продюсері Алуа Қонарова мұның алдында «Ringo» және «Ayumi» жобаларын жарыққа шығарғанын ескерсек, «Renzo» расымен де «үшінші бала» болып тұр.
Енді топ мүшелерін жеке-жеке таныстырайық. Асқар Ахмет Шымкент қаласында дүниеге келген. Бос уақытында суда жүзгенді, бокстасқанды ұнатады. Көзі қарақты көрермен Асқардың «Ринго» тобында өнер көрсеткен әнші Батыр Байназаровтың інісі екенін білетін болар.
Ал, Жанболат Ертаев – Семей қаласының тумасы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Каратэ, жеңіл атлетикамен айналысады және бидің барлық түрлерін ерекше жақсы көреді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ринат Зайытов (1983 жылы 17 қараша)

Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 13 жасында әке-шешесі ажырасып, бала Ринат анасымен қалады. Әкесі Рифхат Зайытұлының қазір басқа отбасы бар, Аягөзде жергілікті мектепте мұғалім болып істеген, кейін директор болды.
Отбасында төрт ағайынды.
"Егер ата-анам ажыраспағанда, мүмкін, мен Семейге келіп, айтысқа араласпас па едім?! Бүгінгідей Ринат болмас па едім?! Барлық нәрсенің бір себебі болады. Жас күнімде балалығымнан қалған ашынудың әсері ме, бұзық болып өстім. Тағы бір мінезім – қанша қиналып тұрсам да, білдірмеймін. Адам баласына зарымды айтып, мұң шағып көрмеппін", -деген еді 2016 жылы берген сұқбаттарының бірінде.
Ринаттың өнерге деген құштарлығы бала кезде оянды. Сондықтан ба, мектептен кейін актер болуға бел буып, М.Төлебаев атындағы музыка колледжін "Драмалық театр актері" мамандығы бойынша тәмамдады. Диплом алғаннан кейін Семейдегі мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Осылайша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болады.
Айтысқа 17 жасынан бастап араласа бастаған. Семейдегі жастар театрында қызмет етті. Аймақтық, республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы.
"Аягөз ауданының құрметті азаматы, "Астананың дамуына қосқан үлесі үшін" медалінің иегері. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Зируза Тасмағамбетова (1997 жылы)

Зируза Тасмағамбетова 1997 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін «Қобыз» класы бойынша бітірген. Ал қазір Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледже білім алып жүр.
Зируза – небәрі бір жылдың ішінде тыңдарманға тез танылып үлгерген жас талант. Алғашында Алматыға арман қуып келген балауса қыз «Juz Entertainment» продюсерлік орталығында тәжірибеден өтті. Ол жерде Ерболат Беделхан ашпақшы болған girlz-band құрамында ән салуға дайындалған болатын. Алайда, кейін продюсердің бұл ойы жүзеге аспай қалған соң, Зируза продюсерлік орталықтан кетті.
Сол сәтсіздіктен кейін қаладағы кафелердің бірінде ән салып жүрген Зирузаға «Инстаграм» желісінде продюсер Ерлан Әлімов бірге жұмыс жасауға ұсыныс жасайды. Жас әнші көп ойланбастан келісімшартқа қол қояды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0