Өмірбаян: Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жылы 6 қазан)

Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жыл 6 қазанШығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулы) - ақын.

1976 жылы көршілес Шыңғыстай аулындағы орта мектепті бітірді. 14 жасынан өлең жазып, әдебиетке деген ерекше құштарлығымен көзге түскен.

1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған .

1976 жылы Бақытжан Раисова С. М .Киров атындағы (қазір Әл Фараби атында) Қазақ Мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Университеттегі ұстаздары Р.Нұрғалиев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, А.Оразбаева Бақытжанның әдебиетші - маман ретіндегі жан-жақты білімін, табиғи берген ақындық дарынын ұштауға, тереңдете түсуге сәулелі жол ашқандай болады ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы)

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы туған, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001).

Өмірбаяны
1996 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1998 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірді.
2000 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтын бітірген.
2000 жылдан Астана қаласындағы "Елорда" баспасының редакторы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бөлтірік Әлменұлы (1771 жылы)

Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.

Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Байғожа Баязитов (1929-1999)

Байғожа Баязитов (1929-1999) 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Ақынтоғай ауылында туған. 1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Еңбек жолын Киров ауданындағы «Победа» мектебінде бастауыш сыныптарға мұғалім болып бастаған. Содан соң әр жылдарда Киров, Түркістан, Қызылқұм аудандарында, Арыс, Жетісай қалаларында орта мектептердің директоры, аудандық атқару комитеті жанындағы кәмелетке жасы толмаған балалар істері жөнінде комиссияның жауапты хатшысы болған. Медальдармен марапатталған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бөрібай Оразымбет (1954 жылы)

Бөрібай Оразымбет - 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай өңірінде туған.

Еңбек жолы
Ауылдағы орта мектепті аяқтағаннан кейін, еңбек жолын шопан болып бастаған. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, орта арнаулы оқу орындарынан есепші және агроном мамандықтарын алған. Көп жыл бойы Шардара және Мырзашөл аудандарында сауда саласында қызмет еткен. 1992 жылы Мырзашөл аудандық Киноландыру жүйесінің директоры қызметін атқарған. Қазіргі таңда мәдениет қызметкері. 1998 жылдан бері Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі. «Ақ-Бөрі» атты телефильмнің бас кейіпкері. 2001 жылы өткен Республикалық термешілер сайысының, 2003 жылы Ташкентте өткен «Өзбекстан — ортақ үйіміз» Халықаралық фестивалінің лауреаты. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының I және ІІ құрылтайының делегаты. Бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы, Халықаралық ақындар айтысының жүлдегері. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0