Өмірбаян: Тауман Алыбайұлы Төреханов (1931 жылы 15 наурыз)

Тауман Алыбайұлы Төреханов-қазақтың белгілі журналисі, жазушысы, редакторы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, Шалқар қаласының және Шалқар ауданының Құрметті Азаматы.
Өмірбаяны
Тауман Төреханов 1931 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары (1941-1945) Тауман Төреханов тылда жұмыс істеген.
Соғыстан кейін, 1947-1949 жылдары Шалқар қалалық Совет атқару комитетінде іс жүргізуші болып қызмет атқарған.
1949-1950 жылдары Шалқар аудандында шығатын «Социализм туы» газетінде аға әдеби қызметкер болған.
1950-1955 жылдары Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқып, үздік бағамен бітірген. Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін Тауман Төреханов А.А. Жданов атындағы Ленинград университетіне аспирантураға жолдама алады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Аралбай Оңғарбекұлы (1854-1914)

Аралбай Оңғарбекұлы (1854, қазіргі Маңғыстау облысы, Қарақұм ауылы – 1914, сонда) – ақын. Мұсылманша білім алған, шығыс әдебиеті нұсқаларымен жақсы таныс болған. Жас кезінен темірші-ұсталық, етікшілік, аңшылық, балықшылық сияқты кәсіптермен айналысады, тас қашап, зират ескерткіштерін жасаған. Аралбайдың қолынан шыққан сәулетті ескерткіштердің үздігі – Қарашүңгіл зиратындағы Бырттың мазары.

Өмірбаяны
Аралбай қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аймағындағы Қарақұм өңірінде дүниеге келіп, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Айрақты, Қарнау және Қаракұм деген жерлерде ғұмыр кешкен. Бейіті Қарақұм өңіріңдегі Қарашүңгіл қорымында. Аралбай Адайдың Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары – Жетімек деген әулеттерінен шыққан. Жетімектің Ырсалы деген бөлімінен.

Аралбай Айрақты маңында Каспийден балық аулап күнелткен қайықшы кедей адам болған. Аралбай балық аулаудан басқа там салумен, етік тігумен, күміс соғумен, жыр айтумен айналысқан – сегіз қырлы шебер, өнерлі адам болған. Ол Қарашүңгіл зиратындағы Бырт байдың құлпытасын шапқан бас шебер.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Мұхамеджан Рүстемов (1932 жылы 15 мамыр)

Рүстемов Мұхамеджан -1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған.
Өміржолы
1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандақ комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметін бастаған.
1951 жылы маусымда сол комсомол комитетінде екінші хатшы болып сайланады.
1952 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың тамызына дейін ол Ташкент қаласындағы №9 Өзбек қыздары орта мектебіндегі 11-педагогикалық класты бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беретін мұғалім болып шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратас (Қазіргі Қазығұрт) ауданына келіп, «Жігерген» елді мекеніндегі Молотов атындағы орталау мектепке жолдама алады. Cол жылы қарашада аудандық комсомол комитетіне хатшы болып сайланды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Арғынбай Жұмажанұлы

Арғынбай Жұмажанұлы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0