Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс)

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша бата - тілек: Айт мерекесі

Айттарыңыз қабыл болсын,
Бар жақсылық тамылжысын.
Ұлы Алла жарылқасын,
Жақсы етсін қарымтасын.
Жақсы тілеу үзілмесін,
Жемісі мол күзін берсін.
Есіктерің ашық болсын,
Ыдыстарың асып....
Баталар
Толық
3 -2

Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Музыка, ән

...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым
Мұхтар Әуезов

Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті — оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезімталдығы мен сезгіштігі
Борис Владимирович Асафьев
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық
0 0

Қазақша ашық сабақ: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні

Ашық сабақтың тақырыбы: 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
Ашық сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Ашық сабақ көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.
Ашық сабақтар
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Күлпаш)

Күлпаштың көңілсіздікке түсіп жүрген күндерінің бірі еді...Үстінде, өрім-өрім болған соң әр жерінен бір түйіп қойған ескі көйлек, оның сыртында тозығы жетіп тулаққа айналған қысқа ескі тон, басында селдіреген көне бөкебайдың жұрнағы. Бет-аузы көнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша Күлпаш отыр. Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр. Үй суық, жамаулы терезенің жыртығынан кірген ызғырық шекеден шыққандай... үйдің ішін жылытуға - пешке жағатын отын жоқ. Отын табылар жер де жоқ... қара судан баска.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Ұлбосын)

Шәрипа көпке шейін баласыз жүрді. Бастапқы кезде баласыздықты ескермесе де, 3-4 жыл өмір өтіп, тұрақты қалыпқа түскен соң, бала керексінді. Өзіндей жас әйелдердің бәрі де бала сүйіп отыр, бауырында бесігі отыр. Шәрипаға ол жоқ. "Мұның себебі не?" деп кейде өзіне-өзі сұрау береді де, шешуін тапқан сияқтанады: "Олар бақытты, мен.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Оңай олжа)

Елдің кәсібінің түріне орай әңгімелері де өзгеріп отырады. Егін, пішен, жоқ болса, ел ашаршылыққа бет алса, өріс алатын әңгіме — ұрылардың ептілігі, еті тірі жігіттердің елден олжа түсіргіштігі, ақсақалдардың билікке шеберлігі, тағы сондайлар.

Биыл елде егін, пішен мол ғой. Елдің әңгімесі шаруашылық туралы көбірек ұшырайды: Мырқымбайдың тарысының бітіктігі, Шарбайдың жерін әдемі тырмалағандығы, Мөжібайдың.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Түйебай)

Біздің ауылдың жайлауы Қоржынтомар дейтін жер. Қоржынтомар екі жағы қоржын секілді бүйірлі, ортасы үзіліс -алшақ. Томардың ортасы Қүрақты көл; біздің ауыл ылғи күншығыс жағында отырады. Ауыл отыратын жағында томардың кезең суаты бар. Бала-шаға күн ұзаққа сол суатқа суға түсіп, ішіміздегі бойшандарымыз орталықтағы құраққа да барады; ең жаңа көшіп келген әзірде, құрақтың ішінде, ескі қамыс саңылтырларды судың бетіне жинап үйіп, шағала жұмыртқа.....
Әңгімелер
Толық
0 0