Құмалақшылық өнерінің тарихы бірнеше ғасырлардан бері халқымызбен жасасып келеді. Бұл ұлттық дарын-қабілеттің ерекше бір түрі болғандықтан құмалақ, құмалақшы, құмалақ ашу атауы өз қадірін жойған жоқ. Құмалақ ашатын адамды кейде балшы немесе "Балгер" деп те атайды. Бұл жаратылыстың пен табиғаттың ерекше құбылыстарын ұдайы бақылау нәтижесінде пайда болған сәуегейлік ілім.