Ашық сабақ тақырыбы: 12 сәуір – ғарыш күні. Ашық сабақ мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру. Ашық сабақ жоспары: І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. ( слайдтар ) ІІ бөлім: Білім сайысы. І - жүргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 12 сәуір - ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз! ІІ - жүргізуші. ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы....