«Тілге құрмет – елге құрмет» (әдеби - музыкалық кеш. Апталықтың ашылуы) Мақсаты: Оқушыларды ана тілін сүюге, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту. Барысы: «Адай» күйі орындалады. Бір оқушы «Сүйінші! Сүйінші! Той басталды!» Би: Қазақ биі Жүргізуші: (жай музыка қосылып тұрады) Туған тілім – тірілігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Өшсе тілім, менде бірге өшемін, Өссе тілім, мен де бірге өсемін. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Біздің ата мекеніміз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – достықтың киелі мекені. Республикамызда 130- дан астам.....