Қазақша Махаббат хикаясы: Сол жазғы кездер...

Жаз айы. Күн шайдай ашық, ауа-райы сондай тамаша. Нағыз көлге баратын кез еді. Сұлтан таңертен ерте тұрып, серуенге шығып, біршама жүгіріп қайтады. Уйіне келгенде ақ дастархан жайылып, шай дайын тұр екен, ал алдында күлімсіреп отқан анасы Сұлтанды күтіп отыр. Анасы екеуі таңғы асын ішіп, әңгімеге кірісіп кетеді. Жүрек жалғап алғаннан кейін Сұлтан өз бөлмесіне жүгіре жөнелді. Бұны түсінбеген анасы баласының артынан еріп барса, Сұлтан ұялы телефонмен сөйлесіп жатыр екен. Тұтқаны қойғаннан кейін, анасы одан жөнін сұрастырды. Сөйтсе, телефон шалған Сұлтанның достары екен, олармен көлге баруын, барлық сыныптастар сонда жиналатыны жайлы айтыпты. Ол анасынан рұқсат сұрайды, себебі достарын көрмегелі көп болды. Анасы мақұлдап, баласына рұқсат береді. Сағат түскі үш болып қалды. Сұлтан үйден шығар кезде, анасы оған көп кешікпеуін өтінді. Бірақ ол анасының айтқанын естімей, үйден тез шығып кетті. Достарымен көрісіп, бір көңіл көтеріп қалды. Сыныптағы қыздары сұлу, әрі әдемі болып кетіпті. Әсіресе Балкен, ақылына көркі сай, бойы да өсіпті. Бәрі бір-бірімен әңгімелесіп, бой жазып.....
Махаббат хикаялары
Толық
19 -10