Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Киік)

О заманда бар екен жалғыз киік,
Тамам кәпір аттанды тұзақ жиып.
Тұзағына кәуірдің (кәпірдің) киік түсіп,
Тартып үзіп кете алмай, қалды киік.
Құдайым жеткізбесін бізді жүзге,
Естімеген сөз кетер құла түзге.
«Киік» - деген аз ғана өлеңім бар,
Тыңдасаңыз, айтамын....
Өлеңдер
Толық
17,5 -9,5

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Ит дүние)

Бұ дүние жолдас емес адамзатқа,
Кетедi, қайта тастап жанған отқа.
Дүниенiң жамандығын көзiне айтып,
Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа.

Бұ дүние қыларына тимек шырын,
Аунасаң, кетiресiң ердiң түрiн.
Аулад адам жаралған барша жанды
Келесiң бәрiн тастап....
Өлеңдер
Толық
19 -11

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Соқыр, саңырау және жалаңаш)

Жалғанда таппай бiр жар жалғыз жүрдім,
Кез болмай мен иеме далаға үрдім.
Айтқанмен көп соқырға кім нанады,
Дегенмен жұрт көрмеген бiр iс көрдім.

Болғанмен жүрген жерiң мидай тақыр,
Таусылу жүре берсең бар ғой ақыр.
Болғаннан дүние - дүние....
Өлеңдер
Толық
5,5 -3,5

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жарты нан)

Айтатын құран сөзiн молда қайда?
Дүние үшiн ойлағаны амал, хайла.
Айтайын бұрынғының нақыл сөзiн
Қайырдан аз да болса көрген пайда.

Дүние өтер бәйге атындай желiп шауып,
Шөп шығар тақыр жерге жаңбыр жауып.
Бiр жаяу жолаушы боп....
Өлеңдер
Толық
19,5 -10,5

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жарапазан)

Жарапазан айта келдім, сіз байларға,
Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?!
Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бір келген он екі айда шақыр рамазан,
Қылыңыз рамазанда жанды құрбан!
Үш айда енді бізге қалам, Құран,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бес парыз мұсылманға минат болған,
Ораза, намаз, зекет....
Өлеңдер
Толық
13,5 -6,5

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Бозторғай)

«Қиын жол қияметтің - тар-ды» - дейді,
«Бір жағы- су, бір жағы от, жар-ды» - дейді.
«Хазірет Ғалы пайғамбар заманында
Маңайында бір мүсәпір бар-ды!» - дейді.
Көңілінде ол мүсәпір аласы жоқ,
Ерлі-байлы екі бас , баласы жоқ.
Жарлығы Жаратқанның....
Өлеңдер
Толық
6 -4