Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Етістіктің шақтық тұлғалары
Әдетте шақтық тұлғалардың жүмсалу тәсіліне қарай сөйлем мағынасы әр түрлі ұғынылады. Сол себептен де шақтық тұлғаларды дұрыс қолдану сөз сындарлығының басты бір белгісі болып отырады. Нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп аталатын тұл-ғалар мән-мәнері тұрғысынан да бір-бірінен ерекше. Нақ осы шақ сөйлеуші сөйлеп тұрған сәттегі іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Сөй-леп тұрған сәттегі іс-әрекет отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері ар-қылы беріледі: Мақсұт кітап оқып отыр. Совет үкіметі дүние жү-зінде бейбітшілікті сақтауға бар күшін салып отыр. Егер сөйлеуші енді ғана басталып отырған не енді анық басталатын іс-әрекет жайында хабарлағысы келсе, жоғарғы тұлғаның орнына -а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктелген түрін, ауыспалы осы шақ тұлғасын қолданады, Мысалы: Әуелі ол жанжалдың алдындағы өз жайым мен жер астының кейбір жайларын айтайын
Рефераттар