Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Толымды жәнe толымсыз сөйлемдер
Айқын ойлы кісінің әрбір сөйлемі дұрыс құралып, ой-пікірі же-тер жеріне жеткізіле айтылады. Ол үшін тілде бар әр алуан сөйлем түрлерін дүрыс ойдың формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, жазушының кітабына көз жіберсек, не баяндамашының сөзіне құ-лақ қойсақ, олардың, сөзінде сөйлемнің әр түрі болатынын ақғара-мыз. Соларға синтаксистік талдау жасау арқылы дәл айқындауға болады. Ал жазушы мен баяндамашы ойын хабарлауда мына жерде сөйлемнің мына түрін пайдаланайыншы, мына түрін қоя тұра-йыншы деп жатпайды. Тілді жақсы білген кісі оның байлығына қанық болады да, тілдік жалпы дәстүр, үйреншікті дағды, тілдік сезім бойынша ойын дәл беретін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлем түрлерін пайдалана береді. Ол білгенін саналы сезім, стильдік тұрғы талаптарымен ұштастыра білсе, құпа-құп.
Рефераттар