Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Тәңірі)

Зор Тәңірі, күштісің сен, сенеміз біз,
Әділ деп, әр ісіңе көнеміз біз.
Өз құлын өзі еңіретпес тура Ие деп,
Өзіңе ерік тізгінін береміз біз.
Ауыздан Алла атыңды тастамаймыз,
Алласыз ешбір іске бастамаймыз.
«Әділ хан, бұйрығыңа бойсұндық»- деп,
Бұйрықсыз бір адым да аттамаймыз.
Кеш, Тәңірім, болса сөзім......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Толған ай)

Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып,
Толсаң да солсаң-дағы айрылмайтын
Жолдасың - жұлдызыңмен қол ұстасып.
Далада жолаушыға сен жолбасшы,
Егерде жазатайым жүрсе адасып.
Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің,
Жүресің жылжып қана әсем басып.
Ажары ақ жамбыдай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жаралы жан)

Cap дала бейне өлік сұлап жатқан,
Көбіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Жалқау жел өзін өзі зорға сүйреп,
Жан-жақты жүргендей-ақ жындар билеп.
Ың-жың дауыс келеді құлағыма,
Перілер ән салысып......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Немере мен әжесі)

-Айтшы, әжетай, көк деген не?
Теңбіл-теңбіл көктеген бе?
Жұлдыз көзін жымыңдатса,
Ай-әжесі: «Тек!»- деген бе?
Бұлттар бөрте ешкідей дәл
Мана тізген көк көгенге.
Қатар көкте шұбырып барад,
Ағытып біреу: «Шек!»- деген бе?
-Қой, құлыным, обал......
Өлеңдер
Толық
0 0