Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Нағашыларға)

Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа,
Дәм жазбады, бара алмадым ол жаққа.
Көрмесем де, көп кішілік сәлемім
Нағашымыз Махаң менен Қожаққа.
Аралап ем шығыс, батыс арасын,
Ертіс, Еділ, Сырдария даласын.
Дәм жазбады бүгінгі күн көруге
Ел-жүртымыз Баян - Шақа баласын.
Сол Шақада қажы Жүсіп дер еді,
Жақып пенен Өсіп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өнер-білім қайтсе табылар)

Ер жігіт өнер табар ерте қуса,
Ерініп шаршамастай, белін буса,
ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей,
Періште боп анадан қайта туса!
Жақын туған, бауыр деп айналмаса,
Қатын-сатын дегенге байланбаса,
Тынықпай, дамыл....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жарыма)

От жұтқан туысқанның халін көріп,
Күнәсіз судай аққан қанын көріп,
Айрылған ар-намыстан қарындастың
Көз жасы, қалың қайғы, зарын көріп.
Елжіреп жүрек-бауырым, ішім еріп,
Бейнетке белді буып, қолды беріп,
Ант етіп айнымасқа ес білгеннен,
Байлаулы бауырыма........
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Орал)

Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы,
Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы.
Арғы жағы - көк көзді жын ұясы,
Бергі жағы - Түріктің cap даласы.
Асқар Орал - кәрі Алып күзет тұрған,
Күн мен түн арасында «Қытай қорған».
Денесі - тас, қарағай - қою мұрты,
Оң мен сол, түстікке ол мұртын бұрған.
Қарамай еш нәрсеге......
Өлеңдер
Толық
0 0