Мен қара мрамор, қара таспын. Адам қолынан өткен соң айнадаймын. Алдымдағының бәрін көремін, түгел көремін. Адам күнге қарай алмайды. Мен қарай аламын. Адам қызыға қарайды, қуана қарайды, қорқа қарайды. Мұның бірі де дұрыс көру емес. Менде ондайдың бір да жоқ, мен анық көремін. Мен түнде ғана көре алмаймын.
Мен қара мрамор, қара таспын. Көргенімді ғана айта аламын. Мен адамның қуанышын да сезінбеймін, қайғысын да сезінбеймін. Менде көргенімнен бұзылар көңіл де жоқ. Мен қалай көрсем солай ғана айта аламын. Менің куәлігімнен адам өзі қандай қорытынды жасар, оны адамның өзі білсін.
Ол мейрам күні емес-ті. Бұл кезде бұл елде мейрамға ұқсар еш нәрсе жоқ-ты. Соғыс салмағынан жаншылып, жеңіліс азасын енді ғана сезіне бастаған ел езу тартуға ұялатын. Менің алдымнан ылғи жабырқау адамдар өтіп жатты. Көпшілігі балғын жастар, оқушылар, әйелдер мен кәрілер. Жемірілген өкшелер, жырым-жырым шалбар балақтары өтіп жатты. Қабақтары түюлі, үсті-бастарына қара май, көгалжім, сарғылт бояулар жұққан, шалбар тізелері бұлтиып кеткен жұмыскерлер мана, күн шықпай өткен.
Соғыстан бұрын қыздар менің тұсымнан өткенде көздері бір жарқ етіп қалушы еді, қазір ол да жоқ. Балалар мойны жіңішкерген, әйелдер еңсесі түсіңкі, барлық адам кішірейіп, шөгіп кеткен. Бірен-сарандаған соғыс машиналары үн шығармай, ұрланып қана кетіп барады. Бұған дейінгі кеудем соқ, әлгі жүрістің уақыты өтіп кеткендей.
Пән: География Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері №1 Оқу мақсаты: 10.4.1.6 дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау 10.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану.....
Адамға ең бірінші ақыл керек. Ал, ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Ұстаз - санамызға жақсы сөздерді түйіп, бізге тек жақсылық тілейді. Өнерге де, білімге де ұстаздың еңбегі зор екеніне сенімім мол. Біз білім алу үшін «мектеп» деген киелі ордаға келеміз. Өмірдің жаңа жолын бірінші сыныптан бастаймыз. Бәрі де өзімізге байланысты екенін білуіміз керек. Сол себепті сабақты жақсы оқу, ата-анамыздың үмітін......
Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді: — Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Ол құсты менің бас жағыма әкеп отырғыз. Таң атқанда, ол құс мені сайраған даусымен оятсын. Ал, сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, бір жұмсақ нәрсе тап. Ол нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме тақау қой. Құстың сайрағанымен оянған кезімде, бетім сол жұмсақ нәрсеге тисін......
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім Сабақтың тақырыбы: Доспамбет жырау «Айналайын, Ақ Жайық» толғауы 2-сабақ Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.....
Көкіұлы Есет (1667–1749) — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіруы ішіндегі тама руының, аташал тармағынан. Әбілқайыр хан Россияға қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта.......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: Үй құстары №6 сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу 4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу 3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану Сабақ мақсаттары: 1. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну 2. Оқыған мәтіннің мазмұнын жазу Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жазады және қимылды білдіретін сөздерді қолдау арқылы қолданады. Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын жазады, қимылды білдіретін сөздерді орынды қолданады. Оқушылардың кейбірі:тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі,мәтін мазмұнын жазуда мағыналас сөздерді қолданады....