Әңгіме: Эрнест Хемингуэй | Шал мен теңіз

Шал Гольфстримге қайығымен бір өзі ғана шығып жүрді. Міне, сексен төрт күн болды, теңізге күнде шығады, бірақ қармағына әлі де ештеңе іліккен жоқ. Бастапқы бір жарым айдай уақыт бойында бұған бір бала серік болған еді. Күн өте берді, қолға балық түспеді, содан соң баланың ата-анасы күдер үзіп, бұл шалды "жолын қырсық шалған сорлы-бейбақ" десіп, балаға енді басқа қайыққа ауыс деп әмір еткен-ді. Басқа қайыққа барғанда баланың жолы болып, серігі мен екеуі алғашқы аптаның ішінде-ақ үш ірі жайын ұстаған-ды. Шалдың жағаға күнде құр алақан оралғанын көргенде, бала оны қатты аяп, жаны ашитын; балықшының багор, гарпун секілді құрал-саймандарын, қайық үстіне құратын желкенін қарияның үйіне көтерісіп жеткізіп салу үшін ылғи алдынан шығатын-ды. Қарттың қайығының үстінде шиыршықталып жататын, он бойына кенеп жамау жапсырылған қырық сұрақ желкен — бейне тас-талқаны шыққан жасақтың құлаған туы сияқтанып елестейтін көзге.

Шал — титықтаған арық кісі еді; маңдайы, мойыны арса-арса; бетіне күрең-қоңыр дақтар түсіп, өңі шұбар тартқан, мұндай дақтар ыстық жақтардағы теңіз бетіне түскен күн сәулесінің адамның өңіне шағылысуынан пайда болады......
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Грек рим күресі жаттығуларында балуандардың жылдамдығын арттыру әдіс тәсілдерін жетілдіру

Тақырыптың өзектілігі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды спорт арқылы дамыту - мәселені түбегейлі шешері сөзсіз. Қазіргі кезде елімізде қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және де дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Бүгінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алу үшін денсаулығы мығым, қоғамды соның ішінде жастарды, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғары дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Еліміздегі қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірден-бір құралы ретінде және дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау мен теориялық жағынан зерттеу.
Зерттеу пәні: Қоғамды салауатты өмір салты мен дене-тәрбиесіне қалыптастыру және дамытумен байланысты мәселелер.
Зерттеу объектісі ретінде түрлі сипаттағы спорттық техникалар мен жаттығу әдіснамалары алынған.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізін кеңестік кезеңіндегі жаттырықтушылар мен қазіргі заманғы отандық жаттықтырушылардың еңбектері, алдынғы қатарлы шетел әдебиеттері құрады. Дипломдық жұмысты жазу барысында грек-рим күрес әдістерінің техникасын жетілдіру әдістері, салыстырмалы талдау әдістері, ғылыми абстракция әдістері пайдаланылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының жетінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының жетінші қарасөзі
Сабақ мақсаты: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Жыл басына таласқан хайуандар

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:
— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.
Түйе айтады:
— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.......
Ертегілер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның ішкі суларының түрлері (9 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ішкі суларының түрлері
Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстанның ішкі суларының түрлерімен танысып, ерекшеліктерін талдайды.
Оқу мақсаты: 9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулар.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: ГОСО мектепалды даярлық сыныбына

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;
2) интеграция – мазмұнның құрылымдық бөліктері арасындағы байланысты жасайтын процесс;
3) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық балалардың тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
4) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы; .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ауыл күзі (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Ауыл күзі
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: - шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқиды;
- шығарма мазмұнын бойынша сұрақатарға жауап береді;
- өлеңнін көркемдеуіш сөздерді табады;
-көркем сөздерді түріне қарай ажыратыды;
-төрт жолды шығарма мазмұнына сәйкес келетін өлең, сурет, мәтін құрастыра алады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
2 -1

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» 1-ші сабағы
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;
Сабақ мақсаттары: - Мәтінді түсініп оқиды.
- Сюжеттің дамуын болжайды;
- Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді / нақыл сөздерді қолданады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0