Сауат ашудан сабақ жоспары: «Менің мектебім» О дыбысы және әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: «Менің мектебім» О дыбысы және әрпі
Оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі
1.1.3.1 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен)
Сабақ мақсаттары: Өзгелердің сөзін тыңдау, түсініп кейбір тұстарының не туралы екенін айтуға қалыптастыру;
Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндауға үйрену (мұғалім көмегімен)....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Өз арманым

Арман - мақсат сияқты. Бірақ арман мен мақсат екі түрлі. Мақсат дегеніміз - мақсатына жету, аңсағанына жету. Ал арман өзінің үлкен болғанда қандай кәсіп иесі болатынын, қандай зат алатынын. Әркімнің өз мақсаты, арманы болады. Мысалы, менің мақсатым өзіміздің үлкен үйіміз болса. Ал арманым үлкен болғанда - әнші болу. Досымның мақсаты бай болу, арманы дәрігер болсам дейді.

Арман......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: 4-сабақ Мәтін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
- тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) ажыратады,
мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.
Оқушылардың көбі:
- суреттер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды;
- тірек сөз бен көмекші сөз арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) ажыратады,
мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды мәтіннің мазмұны бойынша құрастырады, оларға жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, негіздей алады;
- тірек сөз бен көмекші сөз арқылы мәтін түрлерін өз бетінше (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) ажыратады, құрай алады және мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды өз бетінше құрастырады, нақты тұжырыммен жауап береді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстандағы ойконимдер (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Әлеуметтік география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ойконимдер
Оқыту мақсаты: 9.4.1.9 Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
Сабақтың мақсаты:Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Көшпенділер

ҚАҺАР

БIРIНШI БӨЛІМ

I

Ай сәулесі жүдеп, қырқа үсті ақ шолаң тарта құлан иектеніп атып келе жатқан таңмен бірге шашақты сасыр, түйе жапырағы аралас, ат құлағы көрінбейтін көк шалғынды ылдидан қалың кеш көрінді.

Аздан соң көгілдір аспанды алтын сәулесімен шарпи, қызарып күн де шықты. Төңірек сандықтан суырған гауһар тастай жалт-жұлт ойнап ғажайып сәулетті түрге енді. Жаз ортасы ауған шақ еді. Даланың сәнге бөленген кезі өтіп, сұлу ажары кеми бастағанымен, күн сәулесіне бөккен жасыл шалғын семіз малдың түгіндей құлпырып тұр. Қалың шөп арасынан сыңсыған қып-қызыл қой бүлдіргенінен, сиыр бүлдіргенінен көз тұнады. Әбден саумалданып саяу бере бастаған қымыздық та шоғырлана кездеседі. Мезгілі өтіп бара жатқан қалың балауса, көк шалғынның хош иісі таңғы кіршіксіз таза ауамен араласып мұрынды жарады.

Күн сәулесіне шомылған кештің беті күнгей тұс. Көш басында тең үстіне қызыл ала масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі шал. Астында тобылғы күрең ат, үстінде қоңыр түйе жүн шекпен, басында төрт салалы пұшпақ бөрік. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. Кейбір қомды түйелерде ағараңдаған әйел кимешектері көрінеді. Шаңырақ доңғалақты екі аяқ шиқылдақ арбаларда кемпір-шал, бала-шаға... Қыз-келіншек, бозбала ат үстінде. Бірақ бұлар әдеттегідей ән шырқап, әзілдесе сөз қағысып, бірін-бірі қуып жарыспайды. Үн-түнсіз тұнжырап қалған. Көштің оң жағында қалың жылқы. Қырқаны бүйірлей тасыр-тұсыр жіті басып келе жатыр. Көш соңында қара мал, одан әрі жүре жайылған қотан-қотан қой-ешкі.

Көш жүрісі шұғыл. Пысқырған жылқы, анда-санда боздаған түйе. Үстіне қауырт келіп қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан бөдене мен жапалақ......
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.
2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.

1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімінің балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.

2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өмірбаян: Қаракөз Тілеубекова Байжұмақызы

Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен.
Фильмография:
2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?»
2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев)
2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов)
2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0