Өлең: Қадыр Мырза Али (Ерлі-зайыпты қазақтар)

Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Сүйе тұра,
Бірін-бірі жүр қажап.
Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін
Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақ матаға қай бояу да жұғады,
Жұққаны үшін кінәлі боп шығады.
Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді,
Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады......
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Өлең кімдікі

Қазiрде әдебиет оқулықтарының олқы соғып жатқан тұстары хақында сөз етушiлер, қалам тербеушiлер аз емес. Солардың көпшiлiгiнiң оқулық авторларының кемшiлiгiн көре тұрып, көрсете отырып, ой өрбiткендегi көздеген мақсаты – жас ұрпақты шынайы әдебиет мәйегiмен ауыздандырып, әз халқымыздың асыл мұрасын сүйiп, бiлiп өсуiне азды-көптi қол ұшын беру ғой.

«Жүйрiкте де жүйрiк бар, әлiне қарай жүгiрер» демекшi, ортаға ой салушылардың бәрiнiң айтқаны айнақатесiз деудiң де жөнi келе қоймас. Осыны түсiне, түйсiне отырып, тәуекелге бел буған жайым бар. Сонау 1950 жылдары «Ананың сүюi» атты осы өлеңдi төменгi сыныпта оқып жүргенде, таңдайымыз тақылдап жатқа айтатын едiк:

Кiм сендердi, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөлiп, кiрпiк қақпай,
Шешең байғұс, дамылсыз жүретұғын.
Кiм сендердi, балалар, тербететiн, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы | Өлең мен қара сөз ғибраты

Сонымен бу жалғаннан өттің, кеттің,
Мақсатқа, әуре - пенде, қашан жеттің?!
"Ас табылса, - дегендей,- дос табылмас!"
Бірі болса, бірі жоқ болып кеттің!
Бір соны жер қылған жоқ - шиыр, тебін,
Қайда барсаң, көрсетіп әркім ебін!
Жоқ болғаны жалғанда жаман екен,
Аузыңның, сөгер кісі, тіккен жібін.
Аспаннан жаңбыр болып жаудың-жаудың,
Сарқырап сай-сайынан тас пен таудың.
Құрғатып кептіретін күншуақ жоқ,
Болған соң ортасында қалдың даудың.

Акқан суды кұйып алатұғын - ешкімде түбі бүгін ыдыстың жоқтығынан, су қалпынан асып кетіп, арнасының өзін бұзып дал-дал қылды. Ақпайын десе, Құдай жаратқан бұлақтың көзі; ағайын десе, қалай ағарын, қалай барарын білмей аң-таң. Аң-таң болатұғыны - мынау замана тиғир (тифир) тауыпты, халық-жұрттың ортасынан опа қашыпты. Ол опа қашқанда, жалғыз қашқан жоқ, сахилыкты, өміруат, адамгершілікті ертіп алып, үшеуі бірге ілесіп шығып кетіпті. Бұл үшеуінің орнында үш нәрсе қалыпты: опа орнына - мүнафиклық, сахилық орнына - сараңдық, мәрауат орнына - хүсүдлік. Бұрынғы аққу мен қаз отыратұғын көлдердің басында қарға, сауысқаннан басқа дым жоқ. Бұлбұл жүретұғын бау-бақшаларда көзі шегір ұзақтан басқа құс жоқ. Есіл Ай мен Күн қатарымен жарыса жүретүғын аспан көкте бұлттан басқа қалған дәнеме жоқ. Бұрынғы уақытта ас пен тойға жұрт өңшең дүлділін қосушы еді. Енді ас пен той болса, алтын қоңырау, атлас жабу жапқан есектерін құлақтарын салпаңдатып, ұялмай алып барып қосып жатыр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0