Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым 3 Сынып Ана тілі
Тақырыбы: «Қарттарды сүйем» Мұқағали Мақатаев Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. «Қарттарды сүйем» өлеңін мәнерлеп оқуға үйрету: Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту,сөздік.....
Бүркіт, Бейбіт Қорған және "Сұңқар" тобының мүшесі Тастан Асылбек Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жариялаған борышкерлердің тізімінде жүр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс....
Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.
Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.
Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.
Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.
Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев "Мужская история" деп аталатын жаңа қазақстандық телехикаяда боксер рөлін сомдады, деп хабарлайды BNews.kz.
"Мужская иcтория" деп аталатын сериалдың сюжеті төрт достың тағдырын, олар бастан кешкен оқиғалар, сатқындық, жігіттер арасындағы кикілжің мен махаббат жайын баяндайтын болады. Мектеп партасынан басталған достық олардың өмірлік серігіне айналады. Лондон Олимпиаласының алтын медаль иегері Серік Сәпиев басты рөлдегі жігіттердің бірін жаттықтыратын боксшы рөлін сомдайды.
"Мен осы жобаға қатысуға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің алғашқы актерлік тәжірибем. Бірақ мен мұнда өз-өзімді ойнаймын, сондықтан бұл рөлде өзімді ыңғайлы сезінем. Маған сериалдың сценарийі қатты ұнады. Мен нағыз достық жайлы фильмдер мен сериалдар біздің қоғамға аса қажет деп санаймын. Досты құрметтеп, қадірлеп, бағалай білу керек", - деген пікірімен бөлісті Серік Сәпиев.