Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұлылар мен орташалар)

...Міне, қызық, ылғи бойын зорайтқан соң күліп алдан,
Пайымсыз жұрт орташаны биік қойған ұлылардан.
Ұлылардың осал жерін орташалар біліп алған,
Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мініп алған.
Сан алқалы жиындарда орташалар той бастаған,
Хас тұлпардың даңқын бөгеп орташа аттар ойқастаған.
Мынау марғау дәуірдің де орташалар — сүйенері,
Биліктегі бастың көбі — орташа ақыл иелері. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен қыз үшін ұялдым)

Байқатпастан уақытты тез өткен,
Өнер толы өзекпен,
Жыр қанатын безеп кең,
Әмзе басты жиналғандар кезекпен.
Бірақ жұртқа зейін қоймай сыздана,
Ортамызда отырды бір қыз бала.
Miнe, ғажап, келбет қандай, көз қандай,
Сұлулығы қиялыңнан озғандай!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ормандағы оқиға)

Көргендер де,
Көрмеген де арманда,
Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда.
Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да,
Қара аю да, күшіген де, жылан да,
Қырғауыл да, қосаяқ та, зорман да,
Бас қосыпты сол маңда......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат)

Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан)

– Даңқың қайда төске өрлеген?
Екi жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –
Ойы – дауыл, сезiмi – аспан,
Тек жеңiспен көзiн ашқан
Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба,
Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, –
Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Қасқыр аулаушылар қулығы және саразбан сабағы)

Есугей елесі
Мен әкеңмін. Есугеймін...
Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.
Мен әкеңмін...
Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан?
Шыңғыс хан ( таңдана)
О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе?
Тұрғандаймын қалың тұман ішінде.
Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарихи жады тұжырымы)

Айналайын, келіндерім,
Гүл қанатты өрімдерім,
Кешіріңдер, аруларым ай қабақ,
Ай қабақтан бақыттарың бара жатыр тайғанап.
Мен сендерге еліміздің зұлымдықтан сорлаған,
Арғы-бергі тарихында бұрын-соңды болмаған
Бір өтініш айтам деймін.......
Өлеңдер
Толық
0 0