Сабақ жоспары (ұмж): Функцияның аралықтағы монотондылығы. Функцияның шектелуі. 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функциялар және олардың қасиеттері
Сабақ тақырыбы: Функцияның аралықтағы монотондылығы. Функцияның шектелуі. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 10.5.1.1 функцияның аралықтағы монотондылығы ұғымын біледі;
10.5.1.2 функцияның аралықтағы монотондылығын күрделі емес жағдайларда дәлелдейді;
10.5.1.3 шектелген функцияның анықтамасын біледі және сондай функцияларға мысалдар келтіреді.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
функциялардың қасиеттерін (шектелуі, монотондылығы, периодтылығы, жұп-тақтығы, үздіксіздігі) анықтайды;
берілген функцияға кері функцияны таба біледі;
күрделі функция түсінігін біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Құс сальмoнеллезіне қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы. Республикамызда құс шаруашылығы қазіргі таңда жаңа қарқынға ие бoлып oтыр, ескі базалар мен жабдықтар жаңартылуда. Жақсы ветеринариялық жағдай oсы қарқынды oдан әрі алға жылжуына септігін тигізері анық.
Ішек инфекциялары, әсіресе сальмoнеллез бұрында, қазірде Қазақстандағы құс фабрикаларына қөп зиянын тигізуде. Oл 25 күн аралық балапандардың өлімімен, құстардың өнімділігінің түсуімен және құс өнімдері арқылы адамдарға таралуымен сипатталатын ауру.
Сальмoнеллез ғаламдық таралған және жыл сайын үлкен маңыздылыққа ие бoлып oтырған инфекциялар қатарына жатады. Бұл аурудан келетін зиян тек ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының өлімімен шектелмейді, ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бoйына сальмoнелла тасымалдаушы және қoршаған oртада инфекцияның тұрақты көзі бoлып табылады. Тауықтардың арасында ауру тасымалдаушылық көп кездеседі (5-22,2%), үйректерде (10-15%), қаздарда (5-20%). Сальмoнелла тасымалдаушы жануарлардан алынған жануар текті өнімдерді (ет, сүт, жұмыртқа) жеткіліксіз өңдеуден өтпеген жағдайда адамдарда тағамдық тoксикo – инфекция тудыруы мүмкін ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Есірткі - ел қауіпсіздігіне, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер.

Есірткі деген сөздің өзі қандай жағымсыз десеңші.
Есірткі бұл – ағзаны шірітіп жоятын химиялық зат. Есірткінің түрлері: олар героин, апиын, экстази таблеткалары, молфин, кокаин жатады. Есірткіні пайдалану, сату, шығару заңға қайшы әрекет. Есірткі грек тілінде – ұйқы деген мағына береді. Есірткі адамдарда есеңгірететін әсері бар, ал ол адамның барлық ағзасынан қатты әсер етеді, денесін жансыздандырады. Есірткі – ол улы зат. Адамдардан өлімге әкеліп соғады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Жасанды интелект және оны пайдалану

Кіріспе
Сараптау жүйелерінің түсінігі және құрылымы.
Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғышарттары өткен ғасырдың 70-жылдарын қамтиды.Бұл уақыт кезеңінде мәләметтер базасымен қатар білім базасын қолдану мәселесің пайда болу яғни білімді ұсыну бойынша бірқатар модель түрлері құрылады.
Ньюел және Саймон атты ғалымдар продукционды моделін, ал 1975 жылы Минский білімнің фреймдік моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бірқтар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
САРАПТАУ ЖҮЙЕСІ- белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имметациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
Пайдаланушы Білімдер+сараптау
Инженер
Сурет:сараптау құрылымы
Сараптау жүйелер-интелек есептегіш жүйе, бұған кейбір пәндік (қаржы медицина, құқық, геология, сақтандыру, радиоэлектрдық аппаратуралардағы ақауды іздеу және т.б) саладағы тәжірибелі мамандардың (сарапшылардың білімі енгізілген, олар осы сала шеңберінде сарапшылық шешімдер (кеңес беру, диагноз қою)қабылдауға қабілетті.
Сараптау жүйесі -нақты міндеттері жақсы шешетін сарапшылардың білімдерін, кәсіби тәжірибесін жинақтауға, жүйелеуге және сақтауға мүмкіндік береді. Сараптау жүйесінде жинақталған білім іс-тәжірибеде шексіз мәрте қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломная работа: Разработка системы моделирования температурного режима котла на базе SCADA-системы GENESIS32

Қазіргі таңда дүниежүзілік экономикада мұнайдың алатын орны
ерекше.Бүгінгі дамыған заманда мұнай және оның өнімдеріне деген сұраныс
күннен-күнге артуда.
Мұнайдың құрамы күрделі болғандықтан оны компоненттерге бөлуде әр түрлі
әдіс қолданылады.Атап айтсақ: айдау, ректификация, вакуумдык айдау,
адсорбция, абсорция, экстракция,каталитикалық крекинг.
Каталитикалық крекинг – мұнайдың екінші ретті өңдеу процесіне жатады.Бұл
процесс мұнайды терең өңдеп,жанармай түрлері мен мұнайхимия өнімдерін
береді.Каталикалық крекинг процесінің кең етек алуы отандық автопарктің
дамуымен байланысты.
Каталикалық крекингті басқару – тіпті оңай процесс емес.Ол келесі
жағдайлармен түсіндіріледі.
Біріншіден,қазіргі заманғы технологиялық қондырғы бір-бірімен
материалды және энергетикалық ағындармен байланысқан реактор,колонна
сияқты түрлі аппараттардан тұрады.Және операторға процестің орындалу
барысына араласу туралы шешім қабылдау үшін үлкен көлемді ақпаратты
өңдеп шығуы керек.
Екіншіден,қондырғыда өте күрделі,толық зерттелмеген физика-
химиялық процесстер жүреді.Бұл процесстерге көп жағдайда кездейсоқ
сипатты келетін ауытқулар үлкен ықпал етеді.Және де ауытқулардың бір
бөлігі тікелей бақылауға қол жетімсіз болғандықтан жақсы нәтижелерді алу
қиындық тудырада.Бұл мәселені шешуде математикалық модельдер мен
оларды қолдану әдістерін білумен қатар техникалық құрал-жабдықтар қажет.
Каталитикалық крекинг қондырғысын басқару қиындығы,оларды нақты уақыт
масштабында шешу,өңдеуді қажет ететін үлкен көлемді ақпарат-осының
барлығы каталитикалық крекинг қондырғысындағы технологиялық
процесстердің автоматты басқару жүйесін құруға себеп болды.
Бұл дипломдық жобада нақтылы үлгіде мұнайды екіншілік өңдеу өндірісінің
технологиялық үрдісінде каталитикалық крекинг қондырғысының реактор
мен регенератор блогындағы қысымды реттеуді автоматтандыру жүйелері
қарастырылады. Қажетті құрылғылар таңдалынып, математикалық модельдері
құрастырылды. Қысым реттеуіштің параметрлері анықталып, жүйе
орнықтылыққа зерттелді. Контроллер техникасын қолдану арқылы қысым
реттеу жүйесінің бағдарлама техникалық кешені құрастырылды....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0

Әңгіме: Ернар Жидебаев | Сенімділік жетістіктің бастауы

Барымыз да, нарымыз да, ең құнды асылымыз бала-шағамыз. Бала дүниеге келген соң бұрындары маңызды деп қараған көп нәрсе, екінші орынға түсіп қалады. Әр қадамдарымызды солар үшін басып, олар үшін біршама нәрселерден бастартамыз. «Біз аш қалсақ та осылар аш қалмасын, біз көрмесек те осылар көрсін» деп жатамыз. Ал осы көздің қарашығындай қорғаштап, әлпештеп жүрген балапандарымызды жақсы жетілдіре алудамыз ба?! Әрине әрбір ата-ана баласы үшін барлық нәрсенің ең жақсысын қалайды. Алайда ең жақсы деп жүріп қателікке бой алдырып жататынымыз тағы бар. Өйткені баламызды қорғаймыз деп жүріп, олардың келешекте әлсіз, өзіне сенімсіз, білгенін шығара алмайтын, басатын әр қадамында ата-анасының мақұлдауын күтетін, нәтижеде жетістіксіз, бақытсыз тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болуымыз мүмкін. Ал қалай етсек олардың жетістікті болуына ықпал ете аламыз? Мұның жауабы балаға қарай, отбасыға қарай өзгерсе де, жалпылама ортақ тұстары бар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Бет тазалаудың кешкі ережелері

Кешке макияждан тазарту да бет күтімінің маңызды бір бөлігі. Өкінішке орай бетті тазартуға мән бермейтін не сабындап жуа салатын құрбыларымыз кездесіп қалады. Бетті дұрыс тазалау – әжімнің ерте түспеуінің бір кепілі болып табылады.

Кейбір бикештер «боянған жоқпын, сондықтан бетімді тазалаудың да қажеті жоқ» деп есептейді. Бұл – қате түсінік, себебі ауадағы шаң-тозаң тері бездерін бітеп, уақыт өте келе бет ажарының бүлінуіне әкеп соғады.

Ертеректе сабыннан басқа лосьонмен тазартқан болса, қазір сүт, тоник, гель сияқты түрлері өте көп. Тек дұрыс пайдалана білу қажет......
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Кеш


Өзінің жазғысы келген ойын бір қызғыш дәптерге түсіріп, тұтас толтырып шыққан еді. Осымен негізгі мақсаты да орындалды. Бұл - әлдебір кештің сұлбасы. Оны бір жерге шығара қояйыншы деген де ойы болған жоқ. Тек бұл жазудың не жазу екендігі айқын тұру үшін басына "Қазақ хандығы құрылуының 540 жылдығына арналған бағдарлама" деп жазып қойды. Бағдар етіп 1456 жылды алғаны.
Сонан соң дәптерді қағаздарының арасына салды. Арада аз уақыт өткенде, мектептегі мұғалімдік жұмысының екінші жылының да алғашқы қоңырауы қағылып, жаңа бір оқу жылы басталып кеткен еді.
Үстел үстіндегі тексеріліп қойылған жоспарлардың ішінен өзінің күнтізбелік жоспарын рұқсат сұрап алғалы жатыр еді, оқу ісінің меңгерушісі:
- Бір кеш өткізу ойда жоқ па? - деді.
- Қандай кеш? Әдеби кеш пе?
Мамандығы әдебиеттің маманы болған соң, осылай деп сұраған еді.
- Мейлі, әдеби кеш болсын, басқа тақырыптағы кеш болсын, әйтеуір, бір кеш өткізу ойда жоқ па?
Жас маман болған соң жұмыс істесін дегені болса керек. Кеш өткізу туралы ой нақты жоспарында жоқ еді, бірақ сұрақ қойылған соң, орнықты бір жауап қайтаруы да керек. Осы кезде барып есіне әлгі дәптер түсе кетті.
- .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызы 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақтың тақырыбы: Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызы 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: ағзалар селекциясында қолдан сұрыптаудың рөлін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0