Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Демалыс туралы әңгімелерін айту - ойларын білдіру (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Саяхат Демалыс туралы әңгімелерін айту - ойларын білдіру (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
А3 Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен түсінеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын мұғалімнің көмегімен түсінеді және тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтай алады.
Оқушылардың көпшілігі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады, тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен түсінеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

"Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі

Карантин режимі көпбалалы отбасыға қалай әсер еткені, оннан астам мектеп оқушысы бар үлкен жанұяда онлайн-сабақ қалай өтіп жатқаны туралы отағасы Мұрат Қабылбаев айтып берді

Ақмола облысы Кенесары ауылындағы он үш баласы бар Қабылбаевтар отбасының карантинде қалай өмір сүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді. ......
Жаңалықтар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіптің Қамаралдин хазіретті жоқтауы

Кіші жүз Бөкей елінің ұланы Қамаралдин хазірет Мәшһүр Жүсіптің:

Мерғараб сабақ оқып Көкалдаштан,

Ғылыммен біте қайнап бала жастан.

Бұхарай шәріфте Мәшһүр болып,

Замандас, бастасына болған дастан - деп жазысына қарағанда, әу бастан - ақ аты аңызға айналып, сөзінің мол білімі, биік парасаты арқасында қайда барса да сол ортада ойып орын алғаны байқалады.

Оны Мәшһүр Жүсіптің:

Әуелі келіп тоқтаған Қоңырқұлжа,

Әр жұртқа ғылым шашып, салған жолға (олжа)...

Онан соң тұрған жері - Қыпшақ: Ыбырай,

Ғылымнан артық нәсіп берген құдай.

Советник Тұрлыбектің тірісінде

Неше жыл тұрған мұнда бірнеше ай.

Жиылып сабақ алған Керей біткен,

Атығай, Қарауыл боп құрмет еткен.

Қанжығалы, Қыпшақ пен Қуандыққа,

Он екі пән ғылымнан дін үйреткен, - деген. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Сталинград түбіндегі жеңіс халықтар достығы мен әскери бауырмалдылықтың жарқын көрінісі


Совет Армиясының Сталинград түбіндегі жеңісі екінші дүние жүзі соғысының бағытын түпкілікті өзгерткен тарихтағы үлкен оқиға болды. Осы шайқаста Совет Армиясы — гитлерлік Германияның 330 мың әскери тобын талқандап, әскери-саяси жағдайды анти-фашистік коалицияның пайдасына өзгертті. Соның нәтижесінде Ұлы Отан соғысына және екінші дүние жүзілік соғыста түбірлі бетбұрыс жасалды.

«Осы шайқаста Гитлердің таңдаулы әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Мұнда фашизмнің шабуыл дінкесі құрып, моральдық рухы жанышталды. Фашистік одақ ыдырай бастады... Гитлершіл басқыншылар алдын-ала бас имегендердің күш-қайраты екі есе үдеді. «Сталинград» деген сөз қарсылықтың белгісі, жеңістің белгісі ретінде ауыздан-ауызға тарады».

Сталинград түбіндегі тарихи жеңіс дүние жүзіне Совет Армиясының күшін неміс-фашист әскерлерінен артық екендігін көрсетті. Еділ бойындағы шайқастың батырлары мен жеңімпаздары барлық көп ұлтты Совет халқы болды. Бұл жеңіс социалистік қоғамның және оның, мемлекеттің құрылысының салтанатты жеңісі болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ

Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін түрінде.
Сотпен субъективтік құқықтарды және заңмен қаралатын мүдделерді қарау азаматтық істерді қарау мен шешу арқылы жүргізіледі. Құқықтар мен мүдделерді қорғау актісі болып заңды және негізделген сот шешімі.
Сот төрелігін жүзеге асыру үшін сотқа алдымен азаматтық істі қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды анықтау қажет, содан кейін оларға материалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді жүзеге жүргізу арқылы жасалады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым қатынасы

Зерттеліп жатқан тақырыптың өзектілігі. 20-ншы ғасырдың соңғы ширегі Қытайда болып жатқан процестерге ерекше назардың көбеюімен сипатталады. Бұл 1960-70-інші жылдардағы әлеуметтік, экономикалық тәжірибелер әлсіреткен Қытай Халық Республикасын күшті аймақтық көшбасшыға айналдырған, елді әлемдік алдыңғы қатарғы мемлекетке айналдырған қытайлық реформалардың сәттілігімен байланысты. Реформалардың бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды ролды әлемде он мыңдағын адамды құрайтын шетелдік қытай диаспорасы атқарды. Нақ солар салған инвестициялар Қытай Халық Республикасының экономикалық әл-ауқатының өсуіне себеп болды. Сондықтан саяси және әлеуметтік ғылымдар шеңберінде жүргізіліп жатқан хуачяо мәселесіне арналған зерттеулердің көптігі таң қалдырмайтын жайт. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, шетелдік этникалық қытайлар диаспорасы өзінің көптігімен ғана емес, ерекше экономикалық артықшылық, бірлік, мәдени және психологиялық ортақшылық пен оларға тұрғылықты жеріне қатыссыз бір организм ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, қиылысатын байланыстар жүйесінің болуымен де таң қалдырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Көлік саласы | Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелері

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектіліті: Жер көлемі ұлан - ғайыр, табиғат байлықтарымен халық әркелкі орналасқан Қазақстан Республикасы үшін көліктің маңызы аса зор.Көліктің жеке алғанда ешқандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ халықсыз шаруашылығының өркендеуі мүмкін емес. Көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға және эканомикалық аудандардағы шаруашылықтардың маманднуының тереңдете түсуте мүмкіндік береді. Демек, көлік өндіртіш күштерді дамытудың қуатты құралы.Көліктің барлық түрлері әдетте өзара тығыз байланысты болып, бірін-бірі толықтырады және қызмет көрсететін біртұтас кешен түзеді.Мұнда табиғи жолдар өте аз. Сондықтан Қазақстанда көліктің құрлықтағы түрлері-темір жол және автомобиль көліктері көбірек дамыған.Қазақстан терреториясында темір жолы көлік саласында жетекші роль атқарады,бүкіл жүк айналымының 92 пайызын құрайды.Темір жол көліті бүкіл іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі.Темір жол көліті бұл-іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі.Көліктің бұл түрі мемлекет терреториясының әр түкпірін бір-бірімен байланыстыратын, шынайы өндірістің сан саласында өндірілтен өнімдерді, жүктерді тасымалдауда елдің өндірістік күштерін бір тұтас бірлікке біріктіретін бірде бір күре тамыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі)

- Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай
Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы
Отырардың осал тұсын таба алмау
Ойы - дауыл,
Сезімі - аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба....
Өлеңдер
Толық
1 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің отбасымның бір күні (отбасы және күнделікті өмір туралы жазу) (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Менің отбасымның бір күні (отбасы және күнделікті өмір туралы жазу)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген
атауларды) анықтау
Сабақ мақсаттары: Бас әріппен жазылатын сөздерді анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қарапайым халық медицинасымен емделіңіз

Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұрғаны белгілі. Тіпті кейбір дәрілерді алып ішуге қалтамыз көтермей жатады. Мұндай оқиға бәріміздің де басымызда болған шығар. Соны ескере отырып, біз бүгін сіздердің назарларыңызға қарапайым халық кеңестерін ұсынғымыз келіп отыр.

1. Тұмау кезінде денеңіз қатты қызса.

0,5 литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

2. Басыңыз ауырса.......
Кеңестер
Толық
0 0