Қазақша шығарма: Жайнай бер жарқын жолда елім менің - Қазақстан

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты.Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арамызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп......
Шығармалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Газдалған сусынның зияны. Кока-кола

Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Либелла», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен? Батыс Қазақстан облыстық сараптама және сертификациялау ұлттық орталығы АҚ - ның қызмет және тағамның сәйкес келуі және мақұлдануы бөлімінің жетекші маманы Галина Капустинадан өзімізді мазалаған сұрақтарға жауап тапқандай болдық......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өнер-білім қайтсе табылар)

Ер жігіт өнер табар ерте қуса,
Ерініп шаршамастай, белін буса,
ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей,
Періште боп анадан қайта туса!
Жақын туған, бауыр деп айналмаса,
Қатын-сатын дегенге байланбаса,
Тынықпай, дамыл....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша реферат: Марғасқа жырау (XVII)

Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) (XVII ғ.)– ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы. Жалпы жыраудың өмірі, шығармашылығы туралы бізге жеткен деректер тым аз. Дегенмен қолда бар деректерге қарағанда Марғасқа жырау Есім ханның.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Топырақ

Топырақ

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. .....
Рефераттар
Толық
0 0