Зүлфия Салахарқызы Чиншанло (25 шілде 1993 жыл; Алматы, Қазақстан / Қытай деректері бойынша шын есімі Жао Чаң Лиң және Қытайдың Хунань провинциясында туған) — қазақстандық ауыр атлет, 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Әкесі — Чиншанло Салахар, дүнген және орыс тілдерін білетін кәсіпкер. Жетістіктері Пошта маркасы, 2013 жыл 2008 жылдан — ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009)....
Ғалым, діни ағартушы ұстаз Халифа Алтай Ғақыпұлы 1917 жылдың 18 желтоқсанында Шығыс Түркістан аймағы Шіңгіл ауданының Жарынты өзенінің бойында дүниеге келген. Сауатын алғашында әкесі Ғақып Қаракеленұлынан, кейін ауыл молдасынан ашқан. Абақ керей ішіндегі Жантекей руынан шыққан. Отбасылық жағдайы Бірінші әйелі Үндістанда көз жұмған. Екінші әйелі – Бибәтіш Алтай Жүнісқызы. Ғалымның Абдулсаттар, Абдулсамет, Абдуррахим, Аднан есімді ұлдары мен Шакира, Шекүре, Мешкүре, Айсен атты қыздары бар. 1933 - 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударды; 1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барды; 1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Кейін Үндістан мен Пәкістанға өтіп, онда арабша, урдуша білім алды; 1952 жылы Араб, урду тілдерін білген Халифа Алтай алғашында Пәкістанның Пешавар қаласында қызмет етеді. Кейін сонда құрылған "Шығыс түркістандық қазақ көшіп келушілері қоғамының" жауапты хатшысы болды;...
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Атлах шайқасы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.2.3 – Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау.
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халық бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Нұрсұлтан Назарбаев Халықтың тілеуі бабалар арманы орындалған, Тәуелсіздігіміздің 25 жылы құтты болсын»,-деген құрбымның хаты мені ерекше жылулық нұрымен өзіне тарта түсті.Әрбір Ұлы Даланың перзенттері бұл мерекені жүрегімен сезіне және мақтана білу керек... Одан әрі досым ойын жалғастыра түсіп: - Бәйтерек –Астананың сондай-ақ менің мәңгілік мақтанышым. Мұнда өзге ұлт өкілдерінің балаларымен бірге сабақ оқимыз және ойнаймыз. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұрамыз. Біздің өзгелерден ерекшелігіміз осында,- депті. Хатты оқып шығып, мен де бір сәт ой құшағына бөлендім: - Мен Тәуелсіз еліміздің бақытты ұрпағымын. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген Елбасы сөзі менің келешегімнің жарқын болатынына сенім ұялатады,- дедім құрбыма жазған хатымның алғашқы сөйлемінде. Естеміс, Бумын, Ер Түрік, Сөз сөйле содан келтіріп. Білге қаған, Елтеріс, Жеңіске жеткен жең түріп Күлтегін, Тоныкөк тегіміз, Ежелгі түрік еліміз. Алтайдан Альпыға дейін Созылып жатқан жеріміз. - Құрбым, қарашы біздің Тәуелсіз жеріміз қандай кең, бабаларымыз «Мәңгілік Ұлы даланың» тарихын атының тұяғымен жазған дегені осы емес пе?. Көк айдынды Каспийден – кенді Алтайға, қарт Оралдан – ақ басты Алатауға дейінгі аралықты алып жатқан кең байтақ қазақ жеріне - тұтас алғанда: 40 Израиль, 10 Швейцария, 2 франция, 6 Албания, 5 Белгия, қос Германия сыйып кетеді екен. Қазақтың осы ұланғайыр маң даласын Қоңыраттан шыққан Алпамыс батыр, Қарақыпшақ Қобыланды, Қамбар батыр мен Ер Тарғын, Қабанбай мен Бөгенбай, Бұқарбай мен Ағыбай, үш жүздің басын қосқан Абылай, Кенесары мен Наурызбай, Жалаңтөс пен Жанқожа батырлар қоғап келді, қорған болды. Иә, бұл – Үлы Даланың тарихы.. Енді, міне, сол Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Көне тарих халықтары өзінің ерік-жігерін, ақыл-парасатын, қажыры мен қайратын биік мұрат жолындағы жасампаздық істерге жұмылдырған кезеңдерде небір қиындықтарды еңсеріп, дамудың ғажайып асқар биігіне көтерілгенін көрсететін жарқын мысалдары көп. .....
Дүние есігін ашқалы бері біз тәуелсіз елдің ауасымен тыныс алып келеміз. Кіндік қанымыз тамған жердің қандай ыстық, әрі жақын екенін өсе келе көз жеткіздік. Отан амандығы-ел тәуелсіздігінің таңы бір дәлелі.
Көптеген адамдар тәуелсіздіктің қасіретпен келгендігін біле бермейді. Яғни, қазақ елінде болған жағдайы сезіне алмай, ұмытып жатады. Ал ата-бабамыздың сан жылдардан бері армандарын мақсатқа айналдырып жан аямай күрескен батырларымызды қалай ұмытпақшымыз? Олардың болашаққа деген сенімінің арқасында мәңгі ұмытылмас бақытты жеңіп берді. Біз үшін құрбан болғандардың ерлігі естен шығармау керек деп қорытынды шығаруға болады.
Ал енді біз жаңа заман келбетінің әдемілігін өз көзімізбен көре аламыз. Жарқыраған күнді, көк аспанды,көз тартардай керемет табиғатты, көңілді адамдарды күн өткен сайын көру қандай бақыт. Ата-бабамыздың берген бақытын жәй ала қоймай оны аманат ретінде қарастырып, қайтадан жоғалтудан аулақ болу міндетіміз деп санаймын. Осылайша біз тарихымызға көз жүгіртіп өз аманатымыз бар екенін еске түсіріп отырсақ міндетті түрде әлем картасынан ойып тұрып орын алатынай дәрежеге жетіміз. Қазіргі заманда айнала қарасақ, бақытты аманатқа ие миллиондаған адмадар жүреді, және әрқайсынын бір-біріне ұқсамайтын елге тигізер үлестері көп-ақ. Әрюбір өз елін көркейтуге байланысты міндетін атқарып жүр деген сеніммен, тәуелсіз елімізді мәңгілік дәрежеге көтереміз. Ел дамуына барша халыққа жәрдемші тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне қосылмасқа болмайды. Шыныменде "қазыр бой жарыстарын емес ой жарыстыратын заман". Мысалы осы күнге дейін әлі де аты өшпеген ұлы- ақын жазушаларымыздың өмірбаянын оқысақ олардың қолдарынан ешқашанда кітап түспеген, ерте кезден сауаттарын ашып, оқудан жалықпаған деп жазылады.......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтін Сабақ тақырыбы: Мәтінмен жұмыс 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру; 3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою; 3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану. Сабақ мақсаттары: Мәтінді өңдеуде мәтіндік редактордың құралдарын ппайдалану....
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Жануарлар бізге не береді? Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.3.1.4 Үй жануарларынан алынатын өнімдерді анықтау. 1.1.1.1. Сұрақтар қою. Мәлімет алу және ұсыну 1.1.3.5. Бақылауларды сызбамен көрсету. Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек: Оқушылар үй құстарын асырау себептерін біледі. Көпшілігі: Құстардың пайдасы туралы айтады. Кейбір оқушылар: Жұмыртқаны зерттеуде қорытынды шығара алады.......
Ақшаның адам өміріндегі орны қандай? Ақша деген не? Ақша – ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметін атқаратын және жалпыға бірдей балама, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны. Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысында үнемі ақша бірлігімен қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлық өнім. Ол натуралдық шаруашылықтың тауарлық шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болады. Осы ауысу кезеңінесебеп болған адамдардың шығарылған өнімдерінің артық болып, «айырбастау» процесінің шығуы. Айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды. Сөйтіп натуралдық-өндірістік орнына тауарлы өндіріс келді. Тарихи ақшаларға тауарлар жатады, бұл тауарлар күнделікті айырбастауда эквивалент болып келді: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар. Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды. Осы монеталардың пайда болуы –ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Металдар мыс, күміс, алтын түрінде болды. Орта ғасырларда қағаз ақша Қытайда алғашқы рет пайда болды. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі, айналыс құралы, қор және жинау құралы, дүниежүзілік ақша. Ақша пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Мынадай түрлері бар: метал ақша, қағаз ақша несие ақшалары.Ақша тауарлы өндіріске қызмет етеді, сондықтан ақшаның қызметінің нәтижесі және оның осы өндірістегі маңызы болады. Мемлекет өзінің кіріс шығысының бәрін ақшаға шағып, өзінің керегіне жарату үшін бюджетке тиісті түсімдер түіруі үшін ақша маңыздылығы мен қажеттілігі мол.....
Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді. Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді: Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады: Саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-тендік; психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды. Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс. Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму траекториясына шыға алад ....
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жеке кәсіпорынның нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарық құрылымдардағы кәсіпорындардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор. Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу ....