Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс. Сабақтың тақырыбы: Оксидтер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.4.7 – оксидтердің классификациясы мен қасиеттерін білу және олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оксидтердің жіктелуін біледі Көпшілік оқушылар: оксидтердің химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады. Кейбір оқушылар: оксидтердің химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерінің иондық теңдеулерін жазады......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер Сабақтың тақырыбы: Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу Сабақтың мақсаты: Аралықтар әдісін қолданып бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешеді.......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратпен жұмыс Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері Осы сабақта қолжеткізілетін оқытудың мақсаттары: 9.2.1.1 Ақпарат қасиеттерің анықтау (өзектілігі, дәлдік, сенімділік, құндылық) 9.4.1.1 компьютерлерді ұзақ уақыт пайдаланумен байланысты тәуекелдерді сыни түрде бағалайды Сабақтың мақсаты: Ақпараттың қасиеттері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Компьютерді қауіпсіз пайдалану ережелерін білу........
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам Сабақ тақырыбы: Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау; Сабақ мақсаттары: Оқушы: • Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;.....
Кіріспе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.....
1. БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ: ӨТКЕН МЕН БҮГІНГІ. БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ Бөлу коғаіущық ұдайы өндірістіц маңызды фазасы болып табылады. Белу қоғамцық ұдайы өндірістің фазасы ретінде өндіріс пен тутынудың арасывда болып, құбылыс түріңде өнімдерді бвлу міндетін атқарады. Алайда, бөлуді жүзеге асыру үшін өнімді бөлуде мынау қажет: біріншіден, қоғам мүшелеріне өндіріс тұріне қарай белу, өнімді бөлу осы бөлудің нәтижесі болады. Өнімді бөлу мәселесі ең өзекті мәселе болған жене бола береді. Себебі ол миллиондаған адамдар мүдделеріне әсер етеді. Оны зерттеуге кептеген экономикалық ойдың әртұрлі мектебі мен бағыттарының өкілдері қатьісқан. Олардын әрқайсысы дәуірдің сол кездегі және ертедегі ерекшелігіне қарай, өмірлік игіліктерді бөлудің әртұрлі принципін ұсынған. Мьісалы, еркін нарык теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері - А. Смит мен Д. Рикардоньщ есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажетгілік деңгейі» алуды ұсынған. Себебі бұл «деңгейлік» жүмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне қажетгі болды. ....
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет: Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау; Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны; Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек. ....
Кiрiспе ХХ ғасырдағы Германиядағы ең елеулi оқиғалардың бiрi фашистердiң билiк басына келуi болды. Фашистердiң билiк басына келуi тек Германиядағы саяси өмiрдi ғана түбiрлi өзгерiске ұшырытып қана қоймай, бүкiл европадағы, сәл кейiнiрек бүкiл дүние жүзiндегi саяси өмiрдiң шиеленiсiп кетуiне әкелдi. Фашистер Гермениядағы билiктерiн қанағат тұтпай, әлемдi билеу идеясын тудырып, нәтижесiнде әлемге қасiрет әкелген екiншi дүниежүзiлiк соғыстың тұтануына тiкелей себепкер болды. Сондықтан осындай агрессияшыл өкiметтiң әлеументтiк – экономикалық және саяси қызметтерiмен танысу, оны зерттеп бiлу, болашақта мұндай қатерден сақтануға, бұндай жолдан аулақ болуға септiгiн тигiзерi анық. Германияның экономикалық-саяси тұрақтануы елде ірі буржуазияның империалистік бағыттағы сыртқы саясаттың қалыптасуына әкелді. 1924 жылғы желтоқсан айындағы рейхстаг сайлауында iрi буржуазия партиялары жеңіске жетті. Германияның канцлері Лютер үкімет құрды. Үкіметтің құрамында ірі буржуазия болды. ГСДП-сы бұрынғыша оппозицияда қалды. 1925 жылы елдің президенті Эберт өліп, оның орнына реакциялық топтан кайзер генералы монархияны жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия үкіметінің сыртқы саясаты Версаль бітімін жою үшін күреске шығып, қайта бөлу бағытында жүргізілді. Лютер үкіметі елдегі фашизмге арқа сұйеп, Ұлтшылдық саясатты жалғастырды. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлттық социалист неміс жұмысшы партиясын (НСДАП- неміс сөзінен қысқартылған) құрды. ....