ФЛЕБИТ (грек. phleps; phlebos — көк тамыр) — адам организміндегі көк тамырдың (венаның) қабынуы. Флебит негізінен инфекцияның аяқтың көк тамыр қабырғаларын зақымдауынан болады. Инфекция ошағы әр түрлі жаралар, бітеу жара, флегмона болуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары әр түрлі микроорганизмдер, негізінен стрептококк болып саналады. Флебит қалыпты жағдайда аяқтағы вена қан тамырларының кеңейіп түйінделуінің (қ. Варикоз) немесе вена қан тамырларында тромбоздың (қ. Тромбофлебит) пайда болған жерінде кездеседі. Сонымен қатар вена қан тамыры қабырғасынан Флебит оның айналасындағы тіндерге ауысып, перифлебит ауруын тудыруы мүмкін. Флебиттің жедел және созылмалы түрі бар. Бірінші түрінде аяқ ісініп, көк тамыр үстіндегі тері қабаты қызарып, дене қызуы жоғарылайды. Сол жерді саусақпен басқанда, көк тамырдың түйінделгені байқалады. Ауру асқынып, ірің пайда болып, ұзаққа созылғанда екінші түріне ауысады. .....
Шапшаңбай – басқарма ағасы. Күнжан – оның әйелі. Сүндет – есепші (счетовод). Парыз – өтірік «белсенді». Жанбол – колхозшы (партизан) Бәкен – колхозшы. Ақсүйрік– оның әйелі. Қамза – комсомол ұясының бұрынғы хатшысы, мұғалім. Жұпар – соңғы хатшы. Xайдар – комсомол. Өтеміс – комсомол. Қарғабай – колхозшы, жас бала жігіт. Дәурен – колхозшы. Талтаңбаев – өкіл. Жақсылық–райкомның жаңа хатшысы.
БІРІНІШ ПЕРДЕ
БІРІНШІСУРЕТ
Екі есік: бірі бірінші бөлмеде, екіншісі тысқа шығады, ұзын үстел, орындықтар. Үстел үсті бұрқыраған қағаз. Бұрышта шкаф. Есік жақ шашылған түрлі ыдыстар. Үстел, орындықтардың арқалықтарына баланың жаялықтары жайылған. Шымылдық ашылған кезде Сүндет үстелге төсін тірей, шот қағумен отыр.
Сүндет (ашулы). Ал, құдай атты да қалды: бір шыққан емес есебім. Маған керек сан мың төрт жүз отыз, былай салсам да жетпейді оған, олай салсам да...
Күнжан (көрші бөлмеден басын шығарып). Сенбісің салып жатқан? Сонша даурығып... Баламды шошыттың.
Күнжан (безеріп). Қой, қой... Масқара-ау, тапа-тал түсте... (Сүндет тұрып қалады.) Осы елдің жігіті қызық, өй... Басқа елде де болып көрдік қой... (Сүндет томсарып, есебіне шұғылады. Күнжан күлімсірей түсіп.) Дүкенге бардың ба, әй?
Сүндет. Мына есебімді ұмытсам да, оны ұмытпаспын. Сенесің бе, мына шотты қағып отырғанда соның әрбір тасы сен болып күлімсірейді маған. Сенесің бе?.. (Елеуреп ұмтылам дегенде, Күнжан ыршып есікке барады. Сүндет үстелдегі қағазын шашып алады.)
Күнжан. Бетім-ай, осы елдің жігіті қызық, тал түсте... Басқа елдің жігіті бүйтпейді. Қарабас елінде тұрдық қой, сонда бір шотавот болды.
— Ойбай орыс келді, солдат келді!— деп Ерғалидың кішкене балалары үйге апалақтап кірді.
Үйде Ерғали пешке арқасын сүйеп, бәйбішесінің жыртылған мәсісін бастап отыр еді. Бәйбішесі Дәметкен қолында ұршығы, төрде шынтақтап жатқан Жамақ деген қайнысымен сөйлесіп отыр еді. Ерғали тігінін, бәйбіше ұршығын, Жамақ әңгімесін қойып, балалардан бетер бұлар да үрпиісе бастады. Лапаста жатқан мойнақ, орыс көргенде, үретін дауысына салып, арсылдап даланы басына көтерді.
— Құдай-ай, өзің сақтай гөр! Жылдың өзі ауыр. Орыс орманда көбейіп кетті. Қылышын сүйретіп үйге кіріп келгенде, осы зәре құтым қалмайды!— деп Дәметкен күрсінді.
— Кім қорықпайды дейсің, мазаны кетіріп-ақ тұр ғой,— деп Жамақ шыға қашуға ыңғайланған адамша тізерленіп алды.
Ерғали қорқақ адам еді, көзі адырайып кетті. Қолындағы былғарысын біресе киіздің астына, біресе қобдына салды. Солдаттың көзіне ілінсе, жамаулық кішкене былғарыны алып кететіндей көрді. Бұдан бір күн бұрын келген солдат көзіне елестеді. Көрші поселкедегі большевиктерді ұстай келген отрядтың адамы екен. Басында қазақтың тымағы, аяғында жаңа былғарыдан тіккен жарма қоныш, сатиянды етік. Киіміне қарап қазақ бола ма деп жанына жетіп барғанда, орыс екенін бір-ақ білген. "Сенікі бәлшебек бар",— деп бүркіттей түйілгенде, Ерғали жанын қайда қоярға білмей сасқан. Ол кездегі үкіметке болшевиктің жексұрын екендігін сезетін еді. Сондықтан өзімді большевик деп тұр ма деп үрейленіп, солдатты жалынып үйіне кіргізген жерінде баласының болыскей ер-тоқымын көріп қалып, солдат қолтыққа қысады. Алма дейтін Ерғалида дәрмен бар ма? Бармақты тістеп қала берді. Ер-тоқымды еңгеріп алып, қоқиланып шауып бара жатқан солдаттың әбден қарасы үзілген соң барып, зығыры қайнап кетіп: "Сол кеткеннен келме, жолыңа жуа бітсін!"— деп Дәметкен бәйбіше қарғап еді. Одан артық қылар дәрмендесі жоқ еді. .....
Самат ауылда тұрады. Жұбайы бар. Жарасымды отбасы. Самат ауылдан үлкен етіп үй салып алған. Үйлерінің айналасын бау-бақшаға айналдырған.
Самат бала тәрбиесіне байланысты көп айтады. Өйткені әке. Саматтың өзінің кішкентай ұлы бар. Соны Самат жаңа заманға бейімдеп тәрбиелегісі келеді. Осыған байланысты айтады. Саматқа салса, үлкен қалаларға көшіп кетер еді. Сонда ұлын жаңа заманға сай етіп тәрбиелеуге мүмкіндігі де көп болар еді. Ұлын сол қаланың мектебіне оқытар еді. Бірақ Самат ауылда қоныс теуіп қалды. Тұрмысы да жаман емес. Тек әлгі баласының заманауи тәрбиесіне ғана алаңдап жүр.
Самат та бір шаңырақты ұстап отырған жігіт болғаннан кейін, ауыл-үйдің отырыстарына шақырылып отырады. Самат әлгіндей бала тәрбиесі жайлы ойларын осындай жерлерде де қозғап отырады.
Сондай бір отырыста Самат бүгін де сөйледі:
- Қазіргі заманның баласына, - деді Самат жан-жағына қарап алып. - ертегі айта алмайсың. Қазіргі бала ертегі дегенді тыңдамайды. Неге?! - деді Самат көпшіліктің өзіне сұрау қойып. .....
Антогенез миханизімдеріне келесі процестер жатады:пролиферация немесе жасушалық көбейю (бөліну) ,миграция немесе жасушаның орын ауыструы,жасушалардың сұрыпталуы,олардың бағдарламасының жоюылуы (апаптоз). Жасушалрдың пролиферациясы-онтгенездегі манызды процесс.Бір жасушалы зиготанның, бөлінуі арқылы көп жасушалы ұрық дамиды.Бөліну ағзаның өсіуің қамтамасыз етеді.Жасушалардың пролиферациясы морфогенетикалық процестерді қам тамасыз етеді.Постнальды онтогенезде жасушалардың бөлінуінен зақымдалған мүшелердің зақымдалуы қайта құрылуы ,жанаруы, зақымдалған жердің жазылуы процесі жүреді.Жасушалар бөлінуі әртүрлі уақытта,әр жерде,әр түрлі қарқындылықпен процеспен жүреді,сол сияқты клональді сипаты болады және ол үнемі генетикалық бақылауда болады. ....
Тауарлар мен қызметтерді өндіріп сататын фирмалар тауар нарығы мен еңбек нарығында бәсекелі фирма болуы мүмкін. Кейбір фирмалар тауар нарығында бәсекелі фирма болғанымен еңбек нарығында монопсонист болуы мүмкін. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма ретінде қызмет істейтін фирмалар да болады. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегін әртүрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады. Еңбекті сатып алушы фирмалардың нарықтағы экономикалық жағдайларына байланысты еңбекақының ставкасы қалыптасады. Еңбекақы мен жұмысбастылықтың деңгейіне кәсіподақтар тарапынан бақылау қойылады. Кәсіподақтар жұмыс күшінің ұсынысын реттеу арқылы еңбекақының деңгейін көтеруге, жұмысқа жалдаушылармен жасалатын келісімшарттар арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады. 2006 жылдың екінші тоқсанында алдын ала деректер бойынша жалдамалы қызметкерлердің саны 4,6 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың баламалы тоқсанындағыға қарағанда 255,1 адамға, яғни 5,8 пайызға көп. Олардың 38,8 пайызы мемлекеттік ұйымдарда, 41,7 пайызы мемлекеттік емес ұйымдарда, 12,5 пайызы жеке тұлғаларда, 7 пайызы шаруа қожалықтарында жұмыс істеген. Сонымен қатар, ірі және орта кәсіпорындарда 2,6 миллион адам немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 55,4 пайызы жұмыс істеген көрінеді. Ал енді, республика экономикасында 2006 жылдың екінші тоқсанында 7,3 миллион адам жұмыспен қамтылғандығы көңіл қуантады. Жұмыспен қамтылғандар құрамында жалдамалы қызметкерлер үлесі 63,8 пайызды, ал өз бетімен жұмыспен қамтылғандар 36,4 пайызды құрады. Республиканың өнеркәсібі мен құрылысында 1,3 миллион адам, қызмет көрсету секторында 3,6 миллион адам қызмет көрсетуде. Осы тұста үстіміздегі жылы жұмыссыздар саны 634,1 мың адамды құрағандығын айта кету керек. Соның салдарынан осы салада бүгінгі таңда республикамызда жұмыссыздық деңгейі 8 пайызды құрап отыр....
Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген. Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды. "Қорқыт ата кітабы" — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы. ....
Жалпы жұқпалы аурулардың қоздырғышы- микроптардан табылуы Голландия ғалымы Левингуктың үлкейтіп көрсететін шыны линзасының жарыққа шығыуымен байланысты. Тұнғыш қарапайым микроскопты құрастырған және бірінші болып құжынаған микроптарды көрген де осы Анатолий Левинчук еді. Алғашқы микроскоп жарыққа шыққанан кейін бірқатар жұқпалы аурулардың қоздырғыштары табылды, сонымен қатар олардың емдеу жолын іздестіру мүмкіндігі де туды. Дегенмен, жұқпалы аурулардың ішіндегі туберкулез қоздырғышын табу онай болмады. Көп жылдар бойы іздену барысында неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы туберкулездің қоздырғышын тауып, қауіпті әрі жұқпалы ауларға қарсы нақтылы күрес жүргізу ісіне баға жетпес үлес қосты. Бірнеше есе үлкейтіп микроскоппен қарағанда туберкулез микробы сәл ғана иілген таяқша сияқты болып көрінеді. Бұл аурудың қоздырғышын алғашқы кезде “ кох таяқшасы” немесе “туберкулез” таяқшасы деп атап келгенімен соңғы уақытта мұны туберкулез деп атайтын болды. Туберкулездің микробактериялары өте жұқпалы, уландырғыш әрі зәрлі келеді. Оның үстіне Олар өте өсім тал әрі төзімді , қандай суыққа да бой бермей бірнеше ай өмір сүре алады. Олардын тіршілік қабілеті топырақта бір-екі жыл, ал судын өзінде бірнеше айға созылады. Дымқыл, лас жерлерде тез өсіп-өнеді Микробактериялар қақырықта 2-3 айға дейін, шаң тозанда 4 айға дейін сақталады. Егер ылғалды, қаранғы жерлерге түссе 9-12 айға дейін өлмейді. ....
Біздің еліміздің болашағы –оның интелектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Қазіргі таңда өкілеттілік пен ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы сапалы және ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологияларды қолдана отырып экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті - шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады. Сондықтанда, ғылымға , ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Инновация(жаңартпалар) дегеніміз - тауар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өнімдер. Көптеген экономикалық,әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті болғандықтан шағын инновациялық кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы зор. Себебі, өнімнің жаңа сапасы мен түрлеріне жаңашылдық енгізу арқылы инновациялық кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда іскер топтың біріне айналып, екпінді оқшауланады. Нарықтық экономикада өз алдына жүйелі түрде қызмет ететін шағын инновациялық кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын жоғарғы деңгейге жеткізері анық Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстан ғылыми-техникалық потенциалы қиындықтар мен қақтығысын түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап қана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылыми- өзгеріс тізбегін дамыту маңыздылығын мойындай бастадық. Нарықтық экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп өндіріске енгізіп отыр. Бұл сатыда шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады. Шағын кәссіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген нарықтық экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, онда АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен. ....
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі экономикасы көтерілді. Экономиканы қалпына келтіру қажеттілігі капитал қорының көп бөлігін өнеркәсіпке жіберуді қажет етті. Бұл елдің өнеркәсіптік даму ырғағын жеделдетті. 1948 жылы Франция өнеркәсібінің саны соғысқа дейінгі деңгейден өтті. Ауыл шаруашылығы бұл деңгейден 1950 жылы өтті. 1950 жылы әлеуметтік жанжалдар өрши түсті. Жұмысшы қозғалыстары бірқатар мақсаттарын орындады. Ұжымдық келісім туралы заң қабылда-нып, еңбек ақы көбейтілді, кепілденген еңбекақы минимумы енгізілді. Шаруа-лар салық мөлшерін төмендетуді талап еткен болатын. 60 жылдары Франция жаппай қару шығаруды бастады, өздерінің ядролық- зымырандық бригадасын құрды. 1960 жылы жаңғырту ісінің үлкен жобалары болды.Нәтижесінде Франция жылдам ұшатын "Конкорд" аэробусын, "Ариан" зымыранын, жүйрік пойыздар жасауға кірісті. Сондай- ақ АҚШ пен Жапония деңгейінде ұшақ, ғарыштық және электронды есептеу техникалары, байланыс құралдары өнді-рісін дамытты. Францияда бұрынығы аз жерлі шаруашылықтардан тауарлы фермерлік өндірістер құрылды, кооперативтер қозғалысы күшейді, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына біршама көмек көрсетілді. Ішкі жағдайы жақсы болмағандықтан, мемлекеттік шектеу бизнес пен еңбек қатынасына қысым жасады. Әлеуметтік салада құнсыздану, артта қалушылық байқалды. 1970 жылдары Франция Англияның жалпы нарыққа кіруіне ризалық білдірді. Әлеуметтік- экономикалық стратегия неолиберализмге, "нарықты қатынасты қалпына келтіруге" көшті. 1974-1981 ж.ж. дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыс басталды, ғылыми- техникалық революцияның жаңа кезеңі дамыды, халық аралық бәсекелестік және жаңа әлеуметтілік мәселелер шиеленісе бастады.1920 жылдары ең аз еңбек ақыны көбейту әрекеті жүргізілді, сайлау құқығы 20 жастан 18 жасқа төмендетілді. 80 жылдары еңбекпен қамтамасыз ету артты,төлемдік қабілетке сәйкес жалақының ең аз мөлшерін арттыру. Қазіргі кезде Франция ең күшті дамыған елдердің қатарында.Жылдық ішкі өнім өндірудің көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 4- ші орында.Жан- жақты дамыған көп салалы ауыл шаруашылығы халықтың 10%-ын жұмыспен қамта-масыз етуде. Еуропа аумағында бидай, ет, сүт, май, ірімшік өндірушілердің ал-дыңғы сапында келеді.Ұшақтар мен зымырандар жасау бағытында 1- ші орын-ға шыққан. Автомобиль жасау жөнінен 3- ші орында. 1981 жылы Франция Американың орта қашықтағы ядролық зымырандарын Батыс Еуропаға орналастыруына қолдау көрсетті.Францияның Батыс Еуропа елдерімен экономикалық қоғамдастық шеңберінде жүргізілді.Франция Қазақстан Республикасымен жақсы қарым- қатынас орнатқан....