Қайқы Ұзақұлы (1845, қазіргі Жалағаш ауданы – 1918, Тереңөзек ауданына қарасты «Қайқы ағашы» деген жер.) – батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. Әділдігімен, өткір де ержүректілігімен .....
Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. .....
Мүгедектігіне немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар әр азамат жәрдемақы алу туралы өтінішті зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың жергілікті, аудандық (қалалық) бөлімшелеріне, тізімде көрсетілген қажетті құжаттармен бірге тұрғылықты жеріне тапсырылады. Бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқы бар адамдарға өз таңдауы бойынша бір жәрдемақы беріледі.
Мемлекеттік әлеуметтік зейнетақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне енеді. Асыраушысының жоқтығына, жасының ұлғаюына мүгедектігіне байланысты жүйелі түрде мемлекет азаматтарға көмек көрсетеді. Жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады......
Колиентериттер-ащы ішектің шырышты қабатының қабатының қабынуымен сипатталатын жалпы инфекциялық ауру. Бұл аурумен көбінесе емшек жасындағы балалар, әсіресе шала туылған және қолдан тамақтандырылатын балалар ауырады.
Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған, Шәкіртіне дем бергізген жеткізеді деп баққа арман. Ұстаздардың күні бүгін бар тілегі өмірде Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.
«Мұғалімдер күні бүгін» өлеңінен
«10 «А» класына – математика, 3-кабинетте, 10 «Б» класына – әдебиет, 5-кабинетте». Бұл 80-жылдар ішінде өзімізге физика пәнінен сабақ беріп, №25 мектепте 90-жылдардың ішінде де сабақ беріп барып, құрметті демалысына шыққан оқу завучымыз Сәбит Жалғасбаев ағайдың даусы. Сәбит Жалғасбаев ағай мектеп радиосынан оқушыларға сабақ кестесін хабарлап жатыр. Осымен бірге электр қоңырауы да үсті-үстіне безілдеуде. Соның арасында Сәбит Жалғасбаев ағай оқушыларды сабаққа кіруге қоңырау соғылып кеткенін айтып асықтыруда.
«...Мұғалима есікті ашып, сыртқа беттей берген сәтте-ақ, тентек қоңырау ақыры өз дегенін жасап үлгереді. Оның ортасындағы ұзынша тілі қабырғасына барып соғылады. Бар болғаны бір-ақ мәрте соғылуының өзі жеткілікті. Дауыс тым алысқа кетеді.
Осы кезде сыртта тұрған оқушылар ішке қарай лап қояр еді. Себебі шәкірт санасы қоңыраудың әмірлі үніне бағынып үйренген». Сайт бетінде бұдан бұрын жарық көрген «Қоңырау» әңгімесіндегі бұл көрініс 90-жылдар ішіндегі №25 мектептің өмірінен алынып жазылған болатын. Өтпелі кезең аталған осы бір уақыттарда 80-жылдар ішіндегі мектеп маңдайындағы радионы былай қойғанда, электр жарығының болмауына байланысты электр қоңырауының өзі де үнсіз қалған еді. Сондықтан да әңгіме: «Электр жарығының уақытша шектеліп тұруына байланысты үстел үстінде жез қоңырау тұрар еді. Жез қоңырау – осы қалпында моп-момақан» деп басталатын еді. .....
Кім болмасын бұл бес күндік өмірде бақытты болуды армандайды, сол жолға, сол қуанышқа, сол сәтке жетуге асығады. Кей жағдайларда адамдар өздеріміз қолымыз жетпейтін айға ұмтылып, басымыздағы бағымыздан айырылып, қолымыздағы барымызды бағаламай жатамыз. Әрине, бұның барлығы өмір. Біреу бақытты отбасым, жұмысым, елім, халқым, дос – туысқандарым деп есептесе, енді біреулер басқаша, өз өмірінің мәні санайтын заттармен елестетіп, соларды бақыт санап жатады. Бақыт – бұл әрбір қуанышты сәттердің қосындысы, жинақталуынан тұрады.
Өмір – бұл адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес сыйлық. Енді осы жерде талай заманнан бері адамдарды ойландырып келе жатқан Мен кіммін? Қайда барамын? Қайдан келдім? Не мақсатпен жүрмін? Түбінде не істеуім керек? деген сұрақтар тууы хақ. Менің ойымша, бұл сұрақтардың жауабын әр адам өз ішінен табады. .....
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шоқтығы биік, дара тұлғалардың бірі. Ол - ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен қазақ әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бес – он бес жас аралығында Алланың ғылымын, араб – парсы, шағатай, түрік тілдерін жетік меңгерген. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ойлары өзіндік бір деректілікке негіздейді, себебін түсіндіреді, құпия сырына үңіледі. Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының « айдан – жарық, күнінен-раушан »түйінді ой - пікірлері айрықша маңызды . Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеушілердің айтуына қарағанда оның еңбектері шамамен 30 томдық еңбекті құрайды.......
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры 206149 га жерді құрайды, соның ішінде орманды жерлер 95557 га. Облыстың орманды өңірі шамамен 0,6 %. Ормандар көбінесе Орал, Елек өзендері жағалауында орналасқан, сонымен қатар Шыңғырлау ауданының кішкене шоқ қайыңдарынан және Бөкей Ордасы ауданының құм төбелер аралық төмендеуінде орналасқан. Орманды жерлер келесі негізгі түрлермен көмкерілген: қара терек – 36%, қарағаш – 25%, ақ тал – 17%, қайын және көк терек – 2%, емен – 3%, бұталар – 17 Облыста 615 га және қылқанды ағаштар (шырша) бар, соның ішінде Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі аумағында – 123 га, Январцев мемлекеттік мекемесінде – 448 га және Орал мемлекеттік мекемесінде – 44 га. 2007 жылы 200 га көлемінде жол жанындағы ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар «Жасыл ел» Бағдарламасын жүзеге асыру шаралар Жоспарында қарастырылған 150 га көлемінде құмдарды бекіту жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді болдырмау мақсатында түрлі алдын алу шаралар өткізілуде: 2007 жылы 2,1 мың км және 8,5 мың км аумағында жолақтарды құнарландыру және оларды күту бойынша жұмыстар жүргізілді. Өрт қауіпті маңызы бар 70 км. жолдарды жөндеу және ұзындығы 97 км оралым соқпақтарын кесу жұмыстары өткізілді. Жыл сайын ормандарды санитарлық қорғау мақсатында 5,5 – 6,3 мың га көлемінде орманды зиянкестерден қорғау, жою жұмыстары жүргізіледі.
2008 жылы мемлекеттік жер қоры аумағында көлемі 140 га жерде орман отырғызу жұмыстары жоспарлан Жыл сайын облыстың елді мекендерінкөгалдандыру үшін 150 мың дана көшеттер өсіріліп, сатылады, олардың түрлері орташа 5-7 данаға жыл сайын көбейіп отыр. «Жасыл ел» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар Жоспарын орындау шеңберінде жыл сайын облыстың жоғарғы оқу орындары мен колледждер студенттері жалпы саны 400 адам күтіп баптау мақсатында кесу, санитарлық кесу жұмыстарына және тұқымбақтарда өсіріліп жатқан екпе ағаштарын күту жұмыстарына тартыла 2000 ды. ....
Стиль дегеніміз - өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдарының жүйесі . Жазба стильдер жалпы халықтық тілдің жазбаша формасының негізінде қалыптасады. Бұлар қатнастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан мұнда тілдік құралдар сұрыпталып қолданылады. Сондықтан онда қаралатын ғылым, заң жобалары, ресми құжаттар және басқада осылар сияқты қоғамдық маңызды мәселелер жан-жақты толық қамтылып, логикалық жүйелікті бұзатын қажетсіз детальдар болмай нақты, дәл жазылуы керек. Мұндай талап жазба стильдердің барлығынада бірдей қойылады, сондай-ақ қарастырғалы тұрған стилімізде осыған бағынады. Әр стильдің өзіне тән ерекшеліктері, ортақ белгілері болады. Мұндай белгілер ресми, публицистикалық, сонымен қатар ғылыми стильде де байқалады. Ғылыми көпшілік әдебиеттер стилінің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Мұндағы негізгі ерекшелік - ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаға негізделуінде . ....
Әлихан Б. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата-тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен. Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық стауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамндығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының эканомика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XI ғ. Бсағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда эканомикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Ә.Бөкейхонов Ресей жандармирия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары – ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман ш. Училищесіне математика пәнінен оқтушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Әлихан Б. экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқайы. Қалай болғанда да, Әлиханның көзқарасының Щербина Экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көз қарасы өзгерді. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси крестерге сүйенуді алға тартты. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. ....