Қазақ хандығы тұсында Сырдария өзенінің бойын иелену мақсатындағы соғыстар бір-екі ғасырға созылды. Әсіресе, Бұрандық ханның тұсында дария бойындағы қалалар Шайбанилер хандығымен екі арада кезек-кезек қолдан-қолға өтті. Сондай-ақ XVI ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірі қалалары үшін күрес қызды. XVI ғасырдың аяғы мен XVIІ ғасырдың басында қарақалпақтар сыртқы саяси әрекеттерінде белсенділік танытып, Сырдария аймағы мен Ташкентті уақытша басып алды. .....
Әркім өзінің, қалай үйленгенін айтып жатты. Кезек бурыл бас журналист Бекәділге келді.
— Соғыстан келген бетім, бойдақпын, - деп бастады Бекәділ, — жастар газетінде тілші болып істеймін. Мезгіл август айының аяқ кезі. Алматы — Москва жүрдек поезымен оңтүстіктің Ш. дейтін станциясына келіп, түсе қалдым.
Ш. ауданы мал өсіруден Қазақстан бойынша аты шығып дүрілдеп тұр. Озат малшылардың өмірінен очерк жазбақшымын. Бұрын мұнда болған емеспін, бірінші рет келуім.
Мезгіл кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Қазір де басылмай, бүркіңкіреп тұр. Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Бірақ жаңбыр суы көлкіп шылқып жатыр. Галошым да жоқ еді, судың молдау жерлерінен амалдап аяғымды өкшелей басам.
Сол арадағы жұрттан сұрастырсам, аудан станциясы басында емес, бұдан жеті километр жерде екен. «Оған қалай баруға болады?» — деп едім. Білегіне қызыл байлаған теміржолшы:
— Ана кетіп бара жатқан жұртты көрдіңіз ба? Солардың соңынан ілессеңіз, сонау мұржасы көрінген үй асхана, соған барасыз. Сол жерде автобус тоқтайтын аялдама бар, — деп жөн сілтеді.
Әлгіге рақмет айттым да, шұбырып кетіп бара жатқан он шақты адамның соңынан ілесіп жөнелдім. Жолдын батпағы ми болып жатыр. Галошсыз ботинкамның мықтап сорлайтынын сезсем де, істерге амалым жоқ. Өзі оншалық жаңа да ботинка емес еді. Әуелі қорқыңқырап басып, амалдап көрмек болдым. Бірақ бұдан ештеңе шығатын емес. Одан соң не болса да болды ғой деген оймен батылдана адымдап жүріп кеттім.
Бір кезде алдымда кетіп бара жатқан жұрт иіріліп, бөгеліп қалды. Сөйтсем әлгі арада ені екі метр шамасы, жағасы түйетайлы арық бар екен. Көпір ештеңесі жоқ. Жұрт амалдап секіріп жатыр. Қарттау бір адам арықтың ішіне тайып жығылып, үсті басын оңдырмай былғап алады......
Әркім өзінің, қалай үйленгенін айтып жатты. Кезек бурыл бас журналист Бекәділге келді.
— Соғыстан келген бетім, бойдақпын, - деп бастады Бекәділ, — жастар газетінде тілші болып істеймін. Мезгіл август айының аяқ кезі. Алматы — Москва жүрдек поезымен оңтүстіктің Ш. дейтін станциясына келіп, түсе қалдым.
Ш. ауданы мал өсіруден Қазақстан бойынша аты шығып дүрілдеп тұр. Озат малшылардың өмірінен очерк жазбақшымын. Бұрын мұнда болған емеспін, бірінші рет келуім.
Мезгіл кешкі уақыт. Күні бойы сіркіреп ақ жауын жауған. Қазір де басылмай, бүркіңкіреп тұр. Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Бірақ жаңбыр суы көлкіп шылқып жатыр. Галошым да жоқ еді, судың молдау жерлерінен амалдап аяғымды өкшелей басам.
Сол арадағы жұрттан сұрастырсам, аудан станциясы басында емес, бұдан жеті километр жерде екен. «Оған қалай баруға болады?» — деп едім. Білегіне қызыл байлаған теміржолшы:
— Ана кетіп бара жатқан жұртты көрдіңіз ба? Солардың соңынан ілессеңіз, сонау мұржасы көрінген үй асхана, соған барасыз. Сол жерде автобус тоқтайтын аялдама бар, — деп жөн сілтеді. .....
«Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деп жатады. Осы сөздің үдесінен шыққан Қызылорда қаласындағы «Болашақ» оқу орнының ұстаздарының сол кезде, яғни сайыс өткізерде өздерінің оқу орнын педагогикалық мамандықтар бойынша бітіргелі жатқан студенттеріне ендігі жерде жас ұстаз ретінде қарағандығы да сондықтан болса керек. Ұстаздары олардың арасында жас ұстаздардың сайысын өткізеді. Сайыс барысында сайысты ұйымдастырушылар бірнеше сайыскер топтың әрқайсысының өзінің жас ұстаз ретіндегі айтатын әні болу керек деп шешім қабылдайды. Ол бұрыннан белгілі әнге салынып айтылса да болады. Сол кезде осы сайыстың I орнын еншілеген, күні ертең-ақ бастауыштың мұғалімдері болғалы тұрған жас ұстаз қыздардың бір тобы өздерінің жас ұстаз ретіндегі әнін сол сайыста ақын Бәкір Тәжібаевтың өлеңіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Студенттердің қоштасу әні» әнінің әуеніне салып орындаған-ды:
Қазалы ауданындағы №25 мектепке ұзақ жылдар басшылық жасаған Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Алмас Темірбайұлы жуырда ғана 63 жасқа толып, құрметті демалысына шыққан еді. Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен осы іс-шараның сценарийіне байланысты жұмыстарды жазып отырғанда, осы бір шағын естелік те тіл ұшына оралып тұрды.
Қызылорданың оқу орнынан әдебиеттің мұғалімдігі мамандығы бойынша бітіріп келген бұған мектептің директоры: "Кел, жұмысқа алайын", - деді. Мұнысы жағдайға қарағаны, түсіністік танытқаны, үйден апасының жанынан шығып тұрсын дегені, дүниеден озып кеткен көкесіне деген құрметі. Әйтпесе мектеп сол сәтте дәл осы мамандықтың иесіне тым зәру болып тұрған жоқ еді. Мұны естіген апасы: "Бұл бала да көргендігін істеп отырған бала ғой", - деді.
Бірақ мәселені мектептің директоры шешпейтін болып шықты. Мәселені аудандық білім бөлімі шешеді екен. Ал аудандық білім бөлімі мұны маманы тапшы шалғай ауылдарға жіберіп жатты. Осылай аудандық білім бөлімі мен ауылдың арасын тамыздың он бесі .....
Алматының қазіргі экологиялық болмысы ілкідегідей көрініс байқата алмай отыр. Кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең жасыл қалалардың бірі саналған. Кейін келе Алматының сол сұлулығы мен әдемілігі уысымыздан қалай сырғытып алғанымызды өзіміз де байқамай қалған сияқтымыз. «Себепсіз салдар жоқ ». Олай болса, қала экологиясының күрт төмендеуінің себептері де жоқ емес. Бірінші, қала көшелеріндегі көліктерінің жыл санап ұлғаюы, ал бұл көліктерден бөлінген лас заттар қоршаған ортаға өз деңгейінде зиянын тигізеді. Сондай – ақ қалаға жылу тарататын ірі орталықтардың да бөліп жатқан түтіндері “тақияға тар келмейді“. Мұның сыртында кез келген қиылыстағы жанар жағар май станцияларының іс - әрекеттері өз алдына. Мысалы қазір жерден “тас алып лақтырсаң “ жанар май станцияларына тиеді. Қала ішіндегі алаңқайларға орналасқан ірі демалыс бақтарының тал теректеріне көптеген зиян келтіріп жатырмыз. Осының өзі экологияның бір қадам ілгері басуына әкеліп соғылды. Жалпы осылай тізбектей берсең көптеген мәселені айтуға болады. Қоғамның көлеңкелі тұстарнын суреттеуге шетімізден шеберміз. Он сын айтып аузыңды ауыртқанша нақты бір іс атқарып, нәтижеге қол жеткізгенге жетпейді ғой. Мұндай жүйелі жұмыстарды басталды және қоршаған ортаны қорғауға тек тиісті орындар ғана емес қаланың «еңкейген қарты мен еңбектеген баласына» дейін ат салысу қажет. Жалпы, Алматы – адамдардың еркін өмір сүруіне жағдайы мол жер. Экономикалық өмірдің өзгеруі, қалалардың ұлғаюы – дүние жүзілік тенденсия. Сондықтан соңғы кездері қаламыз үлкейіп, көліктер саны өсуде. Мысалы, 90-жылдармен салыстырғанда үш есе көбейген. Осы жағдайларға және қоршаған орта мәселесіне алаңдаушылық танытып Елбасымыз 1998 жылдың қарашы айында қала активтерімен кездесті. Соның негізінде қала әкімі В.Храпунов мырза өзі бас болып Алматы экологиясына байлансты «таза ауа – жанға дауа». деген ұзақ мерзімді бағдарлама жасаған болатын. Қаладағы 70-ке жуық ғылыми орталықтар мен басқа да бақылау органдарының өзара кеңесуінен туындаған бұл бағдарламаның мерзімі 2015 жылға дейін жоспарланған, яғни белгіленген мерзім ішінде Алматының экологиялық жағдайы бір ретке келіп қалар деген ойдамыз.....
Имандылық араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан. Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі - Алланың біреу екеніне, одан басқа алланың жоқтығына сену. Әдетте, ол дін жолынан қия баспауды, ар-ождан тазалығын, обал-сауал талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адаляықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылалы. Имандылық пен әдептілік бір-біріне балама ұғымдар емес. Бірақ олардың арасында тығыз байланыс, табиғи шарттылық бар. Өйткені екеуінің негізінде де ізгілік пен ар-ұят жатыр. Иман дегеніміз — сенім. Имансыз сөзі — сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да, еш нәрсеге сенбейтін, яғни сиынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма? Адамға керегі ішу, жеу ғана емес. Бір нәрсеге сеніп, сиынып өмір сүру оның табиғатына тән. Ол солай жаратылған. ....
Өндірістік қызметке жұмсалатын шығындар түсінігі басқарушылық есепте жиі қолданылыды, бірақ нақты мағына бермейді. «Шығындар» түсінігі қосымша түсініктемені қажет етеді. БҰл түсініктеменің мағынасы ақпаратты пайдаланушының қойған мақсаты мен бухгалтер пайдаланған шығындарды қортындылау үлгісіне байланысты анықталады. Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жинтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық: біріншіден, шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады, екіншіден, шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстарының санын сипаттайды, үшіншіден, шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнімөндірісі, қандайда бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) белгілі бір мақсаттағы пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлешдегі шамасы. Шығындар есебінің объектісі әртүрлі шекарада анықылуы мүмкін. Бұл ақпарттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды. Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді. Ішінара шығындар бойынша өзіндік құнды бағалау тікелей шығындарды жабуға бағытталған. Бұл жүйенің мәні келесілерге келіп тіреледі: тікелей шығындар деп бұйымның өзіндік құнына, ал жанама шығындар түгелімен өздері болған есепті кезеңнің жалпы қаржылық нәтижесіне кіреді. Өнімдерді сатудан түскен түсімнен сол өнім өндірісіне жұмсалған шығындарды алып тастасақ, жалпы табысты анықтаймыз. Барлық бұйымдар бойынша брутто-табысты қосып,тұрақты шығындардың жалпы шамасын жабу үшін қолданылатын жиынтығын аламыз.Брутто-табыстан тұрақты шығындарды өндірістің нәтижесін есептейміз. Айрықшылық жағдайлар кейде өзіндік құнды есептеуге, сараланған шығындарды қолдануға итермелейді. Сараланған шығындар деп олардың шамасы белгілі бір жағдайлармен салыстырғанда басқаша болуы мүмкін шығындарды айтамыз. Сараланған шығындар барлық уақытта қандай да бір нақты әртүрлі шығындарды. Шығындар бабы әрбір нақты мәселе бойынша әрбір нақты жағдайды анықталады.....
Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 13 жасында әке-шешесі ажырасып, бала Ринат анасымен қалады. Әкесі Рифхат Зайытұлының қазір басқа отбасы бар, Аягөзде жергілікті мектепте мұғалім болып істеген, кейін директор болды. Отбасында төрт ағайынды. "Егер ата-анам ажыраспағанда, мүмкін, мен Семейге келіп, айтысқа араласпас па едім?! Бүгінгідей Ринат болмас па едім?! Барлық нәрсенің бір себебі болады. Жас күнімде балалығымнан қалған ашынудың әсері ме, бұзық болып өстім. Тағы бір мінезім – қанша қиналып тұрсам да, білдірмеймін. Адам баласына зарымды айтып, мұң шағып көрмеппін", -деген еді 2016 жылы берген сұқбаттарының бірінде. Ринаттың өнерге деген құштарлығы бала кезде оянды. Сондықтан ба, мектептен кейін актер болуға бел буып, М.Төлебаев атындағы музыка колледжін "Драмалық театр актері" мамандығы бойынша тәмамдады. Диплом алғаннан кейін Семейдегі мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Осылайша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болады. Айтысқа 17 жасынан бастап араласа бастаған. Семейдегі жастар театрында қызмет етті. Аймақтық, республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы. "Аягөз ауданының құрметті азаматы, "Астананың дамуына қосқан үлесі үшін" медалінің иегері. ....
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған. Жүзеге асырылуына және осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басылымдылықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында.......