Реферат: Этнопедагогикалық зерттеу әдістері және өзге ғылым салаларымен байланысы

Этнопедагогика — этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен үлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жөні сөз болған жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ еңбектерінде әдет- ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім-тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса құптарлық жайлар.
Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей тақырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретінде. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Эссе: Ауылым - алтын бесігім

Ауылын көріп,
Азаматын таны.

Қашан да халқымыз үшін ауыл-руханиятымыздың темір-қазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егісін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл- бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспеттес.

Осындай үлгілі де, қадірлі мекенге өзімнің аулымды еш ойланбастан жатқыза аламын. Менің туып-өскен жерім-Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Бурабай ауылы. Табиғаты өзге жерден тым ерекше, адамдары да ақкөңіл, үнемі тыным таппайтын еңбекқор, қонақжай , бір үйдің адамдары сияқты ынтымақшыл халық. Бірі үшін бәрі жүгіріп жүреді. Жаз болса өрісте мал жайып, күз келсе егін жиып, көктемде жас төлдерімен әлектенеді. Үлкендер қауымы жастарға бар білгендерін үйретіп, көмектесіп, кем-кетігімізді жөндеуге әзір. Бізге көненің көзімен көп нәрсе үйретеді......
Эсселер
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интернет құрылымы

Протоколдар – деректер мен программалардың ұйымдасуын жүзеге асыратын (протоколдарды қолдайтын программалар) тордағы компьютерлердің қатынасы кезіндегі ақпараттық құралдардың (ақпараттық протоколдар) арнайы стандарттары.
Протоколдарды қолдайтын программаларды жай «протокол» деп атайды, ал интерфейстер аппараттық протоколдардың функцияларын (разъемдар, кабельдер және т. б.) физикалық түрде орындайтын арнайы құрал болып табылады. 1983 жылы қабылданған басты халықаралық торлық қарым-қатынастар стандарты ашық жүйелер қатынасының жетісатылық эталонды моделі болып табылады. Ол TCP/IP (Transfer Communication Protocol, Internet Protocol) деп аталады. Модельдің әр сатысына әртүрлі торлық операциялар, жабдықтар және протоколдар сәйкес келеді.
Әр сатының функцияларын қарастырайық:
1-саты физикалық саты, обьектілер арасында деректердің алмасуы үшін физикалық біріктіруді сонымен қатар деректерді кодалау мен декодалайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сочинение: Однажды в лесу

Дедушка и бабушка живут в Северном Казахстане, в деревне. Летом я ездила к ним в гости. Там я познакомилась с Надирой и Камилой. В один прекрасный, солнечный день мы пошли в лес. В лесу мы собирали много ягод. Поиграли, посидели, пообедали, а потом уснули. Когда мы......
Сборник сочинений
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алғашқы шығарылған қазақ газеттерінің тарихы

Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Мембрана

Жарғақ (мембрана) — жасушаларды, олардың ядролары мен цитоплазмасындағы жарғақты органеллаларды шектеп түратын жұқа қабықша. Жасушадағы зат алмасу процестері жарғақтың қатысуымен жүреді. Сондықтан, оны биологиялық жарғақ деп те атайды. Жарғақ жасушадағы протеиндер мен липидтердің молекулаларынан құралған. Оның қалыңдығы 6-10 нм-дей. Биологиялық жарғақ жасуша плазмолеммасы мен ядро кариолеммасын, Гольджи кешенінің, митохондриялардың, лизосомалар мен пероксисомалардың, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Баспа



Бадамша бездердің қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. 1 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың бадамша бездері әлі дамып жетілмеген.



Этиологиясы- әр түрлі микробтар.



Клиникалық айқындалуы: Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы 38-390 С-қа көтеріледі, басы ауырады, буындары қақсайды, жұтынғанда тамағы ауырады, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, денесі тітіркенеді, жақасты бездері ісініп, ауырады.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қара Қашқынбай

Бір бала жасынан мал бағып, отын-су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап-қара болыпты.

Сондықтан ел оны алғаш «Қара бала» деп атапты. Баланың елден ерек бір өзгешелігі - өте қорқақ екен. Күркіреген күннен де, қараңғы түннен де, аң атаулының бәрінен қорқыпты. Тіпті төрт түлік малдан – түйеден де, жылқыдан да, сиырдан да шошыпты. Тек жалғыз досы қой екен. Сонан қойды ғана бағыпты.

Бала бірдеңеден қорықса, қой ішіне қойып кетіп жасырынады екен. Болмаса беті ауған жаққа қашыпты. Сөйтіп ел оны енді «Қара Қашқынбай» деп атап кетіпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Мұрагер


— Ең бастысы жоқтан өзгеге ренжіп, абыржушы болмаңыз, — деді дәрігер Мейнелл өз әріптестеріне тән сабырлылықпен.

Көңілдің хошы үшін айта салған дәрігердің жаңағы сөздеріне Гартер ханым құлай сеніп, илана қалған жоқ, кайта кез келген науқастың көңілін аулау үшін айтылатын жаттанды әңгімеге жүрегі сенбей, екі ойлы болып отырып қалды.

— Сөз жоқ, жүрегіңізде ақау бар, — деді дәрігер сөзін қайта сабақтап, — бірақ соншалықты абыржитындай ештеңе жоқ. Бұған кәміл сеніңіз. Әйткенмен үйіңізге лифт қондырып алғаныңыз артық болмайды. Бұған қалай қарайсыз?

Гартер ханым дәрігерге мазасыздана қарады.

Дәрігер Мейнелл өзіне дән риза сияқты. Ол қалтасы жұқа кедейлерден гөрі ауқатты адамдарды көбірек жағалайтын. Себебі, қалтасы қалыңдар оның аузынан шыққанын екі етпей, не айтса соған көне кететін.

— Иә, лифт қондырып алыңыз, — деді ол бұдан басқа лайықты еш нәрсенің орайын келтіре алмай, — оны орнаттырып алсаңыз, шамадан тыс қимыл жасап қиналмайсыз. Күн сайын жазық жерде ғана серуендеп, ойлы-қырлы жерден аулақ болғаныңыз жөн. Бәрінен бұрын — көңіл-күйдің тыныштығы керек, алайда денсаулығыңызды көп ойлап сарыла бермеңіз.

Чарлз Риджуэйге жасы ұлғайған нағашы апасы туралы дәрігер тым мылжыңдап кеткен сияқты көрінді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Паскаль программасындағы функциялар мен процедуралар

Программа - белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, ТuгЬо Раsсаl тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білуі қажет.
ТuгЬо Раsсаl тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Программа тақырыбы;
Сипаттау бөлімі;
Ьеgіn
Орындалатын бөлімі;
End.
• Программа тақырыбы рrоgrаm қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады. Мысалы:
Ргоgram еsер1 (іnрut, оutput);
Мүндағы esep1 - программаға берілген атау. Программалаушы программа атын өз қалауынша бере алады.
Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш.
ЕСКЕРТУ! Программа атауының оның мазмұны сақталынған файл атауына еш қатысы жоқ.
Іnput, оutput - стандартты енгізу, шығару файлы.
• Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т.б. хабарланады.
• Орындалатын бөлімде Ьеgіn және епй қызметші сөздері арасына операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, веgіn (ашылатын) және еnd (жабылатын) қызметші сөздерін операторлар жақшасы деп атаса да болады. Оператор -нүсқаулардың машиналык тілде жазылуы. Сонда әрбір оператор орындалуға қажетті әрекетті машинаға түсінікті түрде сипаттайды. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасына (;) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін епсі сөзінен кейін (.) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жазылған операторлар тізбегін - программа денесі деп атаймыз.
1.2 Программа бөлімдері
ТuгЬо Раsаl тіліндегі программа төмендегі бөлімдерден түрады:
• Программа тақырыбы;
• Берілгендерді сипаттау:
• Белгілерді хабарлау бөлімі;
• Тұрақтыларды хабарлау бөлімі;
• Типтерді хабарлау;
• Айнымалыларды сипаттау бөлімі;
• Процедура-функцияны хабарлау бөлімі;
• Орындалатын бөлім:
Веgіn
Программа денесі (операторлар тізбегі);
End.
Сонда, программа қүрылымы мына түрде болады:
Рrоgrаm программа аты;
Uses ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0