Әңгіме: Асқар Алтай | Мәйіт

Бұл оқиға байтақ далада емес, күні бүгін қыспақ қалада болды.

Аламан бәйге шабардай ғана жерде ұйлығып жатқан қалалықтарға таңсық емес. Көрдегі аруақ бір аунап түссе де, еттері өліп кеткен. Сөзге құлақ аспас, ойға сауын салмас...

І

Иқанның да, Иванның да кәсібі кісі қызығарлық емес еді. Олар — кәдімгі көр қазушылар: могильщик, қабірші, ақымшы, лақатшы... Өлі мәйіттің ең ақырғы “сауабын алушы”.

Екеуі бүгін де құлама қияда қабір қазды. Ақ қар жамылған Алатау бауыры таң бозынан күрек шыңылын шамырқанбай қарсы алған. Қара санды қабар сере күртікті сыпырып тастап, тоң жүрмеген қара шірікті қалың қабатты қарулы қимылмен аршып үлгерген. Күн төбеге көтеріле кісі бойы сары керішті кертіп, мәйіт келгенше дайын қылды.

Жұрт жиналған кезде оңашалау барып, астарына сырт киімдерін төсеп отырысты. Шылымдарын шығарып, құшырлана сорған.

— Байлар екен, — деді Иқан.

— Иә, көрініп тұр, — деді Иван. — Одан бірақ бізге келіп-кетері жоқ...

— Өз ісіңе жауап берсең — болды, — деп Иқан Иванның қышыған жерін қасып қойды.

— Білем, білем, — деп Иван да күмілжіді. — Әйел адам секілді.

— Білмеймін, — деді Иқан, — өлген соң бәрібір емес пе?! Қара жерге еркегің не, әйелің не — жұта береді... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Алғашқы сабақ


— Әй, қоясың ба, — деп Мінайдар басын көтеріп алды. — Жетті ғой... Кісіні орынсыз күйдіресің?!

— Мен бірдеме айтсам күйесің де қаласың-ау, — деп қатыны Маржанкүл, ашулы қарқыны басыла түсіп, күмілжіп сөйледі.

Маржанкүл бәсеңдеген сол Мінайдар да кенет келген ашуды ыдыратып, сұрланған бетіне аздап қан жүгіргендей болып, тікірейген көзін Маржанкүлден аударды. Кішкене үндемей отырды да, ашуының тарқай бастағанын білдіргісі келген адамдай:

— Кісі тіліне көп ересің, соныңа ашуым келеді. Болмаса ұрыс шығаратын осында не бар? Жалғыз мен бе, жұрттың бәрі де, барып жатыр, — деді.

Соңғы сөзді айтқанда Мінайдардың ашуы түгел тарап, қалыпты күйіне келіп еді. Маржанкүл осы қалпын сезгендей болып, о да бұрынғыдан жұмсара түсіп:

— Жұрттың бәрінің де барып жатқаны рас-ау, оның үшін ашуланбаймын ғой... Менің қытығыма тиетіні Сары шешейдің үйіне жиылатындарың, басқа үй құрып қалғандай соның үйіне жиналуын қарасайшы?.. Осы бар ғой, ойласам ішім от болып жанып кетеді. Сары шешей айтады дейді: «Қожалық өзімнің әмеңгерім. Қожалық тірі тұрғанда кетіктің басқасына мойын бұра алман» деп айтады, дейді. Сен үйіне барған соң екі кезін сенен айырмай қарайды да отырады ғой... Соның үшін күйемін, — деп Маржанкүл, жүнін түтіп отырып, Мінайдарға шын сырын айтты.

Мінайдар шынтақтап жатқан күйі, кеңкілдеп күлді. Кетік тісінен тілі жылмаңдап шығып тұрды.

—Ит-ау, кеше ұрысқанда сақалың сапсиып не бетіңмен барасың деген жоқ па едің? Енді бүгін екінші түрлі ғып үлгіртіпсің ғой...

—Оны айтқаным да рас еді. Кеше атам үйінен от алайыншы деп барсам, бірсыпыра кісілер жиналып, сөйлеп отыр екен ептеп құлағымды салсам, қауқылдақ үйіндегі қайнаға күліп: «Мінайдардың нағыз оқитын кезі ғой, тісі жаңа түсіп жүр» дейді. Соны есіткенде мүлде күйіп кетіп едім, деп, Маржанкүл бұ жолы күле сөйледі.

Манағыдай емес, екеуі де ашуларын тастап, жадырап сөйлесуге айналды. Шаруашылықтарын да сөз қып қойды жаздай жұмысқа жегілген жалғыз аттың ыңыршағы айналып, жегуден қалғанын, жалғыз бұзауға айырбастап алған қоңыр тоқтының салмалық етінің біткенін айтысты Маржанкүл ұнның біткенін, шайының соңын бүгін қағып салғанын айтты. Мінайдар ертеңіне қалаға бармақшы болды......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тарих өлмес тірі шежіре

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Қошқарбаев Нұрбол

Елемес Толқынай

«Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білге ел».

Бүгінде Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасы бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Халқымыз бұрында талай өтпелі кезеңдерді басынан өткерген.

Алдағы уақытта біздің алдымызда өткенімізден ақпарат беретін деректерімізді іздеп табу, жинау, жүйелеу, сақтау арқылы тарихымызды жазу міндеті тұр және бұл қазақ елі тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.

Қазақтың шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегінен, мәдени-рухани ахуалынан бұрын, алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысана болы отырады.

Шежіре ру тарихы – ұлтымыздың бір бөлшегі. Ол ата-бабаларымыздың тарихтың сонау терең қойнауындағы хал-жағдайын, мәдениеті мен тұрмысын, шаруашылықты жүргізу тәсілін, өсіп-өнуі, көрші елдермен қарым-қатынасы жайлы сыр шертеді.

Барша қазақ халқын алып бәйтерек десек, үш жүзге кіретін және кірмейтін рулар оның бұтақтары. Сондықтан өзін парасатты санайтын әрбір қазақ азаматы өніп өскен, шыққан тегін айқын білуі қажеттігінде дау жоқ.

Қазақтың дуалы ауыз ақыны Әбубәкір Кердері: «Жігітке бақытта оңай, дәулетте оңай, болса егер қабырғасы халқы оның», - деп өз заманында жырлап өткен болатын.

Тарих халықтың кешкен өмірі, пешенелі тағдырының тасқа басылған айғағы және өлмес тірі шежіресі. Қазіргі өскелең өмірімізде уақытпен шендес кеңістік үшін көзді ашып-жұмғандай ғана мезетте көкірегімізге хатталып, санамызға өшпестей із қалдырған Тәуелсіздік тарихын жазудың да өз кезегі келген секілді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аусыл

Аусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Тарихи деректер. Жануарлардың аусылмен ауыруы туралы бірінші жазба деректі 1546 ж. Италияда Д. Фракастро берді. Бұл аурудың қоздырушысы вирус екенін неміс ғалымдары Деффлер мен Фрош (1898), ал вирустың бірнеше түрге бөлінетіндігін француз ғалымдары Валле мен Карре (1922) анықтады. Аусыл Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кеңінен тараған. Бұл аурудан ұзақ уақыт бойы тұрақты АҚШ, Жапония, Канада сау болып есептелінеді. Европа мен Азия құрлықтарында аусыл жиі байқалып тұрады. Осы екі құрлықты толықтай дерлік қамтыған соңғы лаң 1966 ж. болды. Қазір ТМД мемлекеттерінде шектеулі ғана территорияларда оқтын-оқтын байқалып қалады.
Қоздырушысы - Aphtovirus- РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikor-naviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А - 32, С - 5, САТ-1 - жеті, САТ-2 - үш, САТ-3 - төрт, Азия-1 - екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Гендік терапияның классификациясы

Ұзақ уақыт бойы медициналық генетика адамдағы тұқым қуалайтын аурулардың генетикалық негізін анықтаумен айналысты. Жаңа туған нәрестелердің және ұрықтың мұндай ауруларын анықтау үшін диагностикалық тесттер құрастырылды және осы тесттердің нәтижесі бойынша мұндай ауруларға шалдығу мүмкіндігі көп отбасыларда генетикалық сұхбаттар жүргізілді. Бұл сұхбат бойынша отбасыларға кейін олардың ұрпақтарында осы аурулар көрініс беруі мүмкін екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар бұл адамдарға кей жағдайда медициналық терапия, қан ауыстыру, диета ұстау сияқты алдын алу шаралары арқылы ауруды жеңілдету мүмкіндіктері болды.
Организімнің қалыпты жұмысын өзара байланысқан көтеген гендер қамтамасыз етеді, және олардың біреуінің өзіндегі мутацияның соңы әртүрлі болады. Сонымен, бірге ферменттің активтілігінің өзгеруі нәтижесінде клетканың қалыпты дамуы үшін қажетті таксинді субстраттың мөлшерден артық болып кетуі, қосылыс тапшылығы-мутация д.а. Сонымен қатар бір ұлпадағы геннің мутациясы басқа бір ұлпа үшін қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы: фенилаланнің түсінуге айналуын тоқтататын бауыр ферменті фенилаланиндегидроксиларның гендік мутациясы нерв жүйесіне кері әсер етеді (ақыл-ес жетілмей қалады). Бұл туа пайда болатын ауру-фенилкетанурия еврейлерде 10000-ның бірінде кездеседі. Сонымен қатар бүкіл организмді қамтып алатын мутация да болады: бұлшықет, көз, бауыр, сүйек, бүйрек, жүрек, нерв жүйесі, тері, ми, асқазан, қан айналу жүйесі. Нәрестелерде қанның биохимиялық спецификалық анализін жасау арқылы анықталатын фенилкетонурия ауруына қарсы аланинсіз диетаны қолданады. Белгілі бір белоктың ауытқуы нәтижесінде пайда болған ауруларды жеңілдету үшін осы белоктың функциональды түрін (иммундық жауап туғызбайтын) тамыр арқылы енгізеді. Мұндай «орынбасу» терапиясын немунотапшылық туғызған гемофилия (SCID – ағыми. server combined inmunodeficiency) және Гош ауруларын емдеуде қолданады. Ал кейде сүйек кенігінің және басқа мүшелердің трансылантациясы қолданылады.Өкінішке орай мұндай күрделі емдеулер адамның тек басқа шығар жолы жоқ жағдайында ғана жүргізіледі және адамның өмірі тек біраз уақытқа ғана созылады. Және мұндай адамдардың азы ғана қартайып өледі және балалы бола алады. Көп жағдайда емдеуді бірталай рет қайталауға тура келеді, ол қымбатқа түседі әрі ұзақ, сондықтан да терапияның жаңа түрлерін ойлап табу қажет.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы – Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп – қазақтардың 1695жылға дейінгі жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.
Есімнің немересі - Жәңгірдің бел баласы – Тәуке хандық құрған XVIIғасырдың аяғы мен XVIIIғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. Бұл жайында белгілі тарихшы А.И.Левшин былай деп жазды:”Тәукенің атын атаса-ақ ,бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп ,мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы , Драконты-сол адам. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Дүние жүзіндегі көліктің даму сипаты

Көлік қандай да болмасын елдің экономикасындағы ең манызды саласы. Ол географиялық еңбек бөлінісінің негізі болып саналады. Көлік саласына 100 млн-ға жуық адам тартылған.
Жеке елдердегі көлік дамуының деңгейі мен сипаты көптеген факторларға тәуелді. Ол әкономиканың даму деңгейіне, дүниежүзілік шаруашылыққа және халықаралық еңбек бөлінісіне, т.б. жағдайларға қатысты. Елдің аумағы үлкен болған сайын көліктің маңызы күшейе түседі.
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі. Дүние жүзі елдері мен аймақтарында көлік жүйесінің арақатынасы әр түрлі. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің көлік жүйесі құрылымы өте күрделі және онда көліктің барлық түрлері кездеседі. Көлік жүйесінің жоғары деңгейде дамуы, әсіресе АҚШ, Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінде байқалады. Дүниежүзілік жүк айналымының 85%-ы осы елдердің үлесіне тиеді. Батыс Еуропа елдеріне теміржолдағы жүк тасымалының 25%-ы, теңіз көлігімен құбыр көлігі тасымалының 35%-ы тиесілі.
Дамушы елдердің көлік жүйесі шаруашылықтың аумақтық кұрылымын көрсетеді. Мұндай жолдар көбіне елдің минералды шикізат ендіретін аймақтарымен байланыстырады. Сонымен бірге плантациялық шаруашылықтар және портты қалалармен байланыстыру рөлін де атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда мұнда көлік жүйесінің техникалық деңгейі төмен.
Дүниежүзілік көлік түрлері дамуының жарқын көрінісі ретінде контейнерлік көлік жүйесінің қалыптасуын айтуға болады. Қазірдің өзінде маңызды жүктердің 40%-дан астамы контейнерлік әдіспен тасымалданады. Дүниежүзілік "контейнерлік көпірлерді" теңіз көлігі, теміржол тізбегі мен автомобиль, теміржол комбинациялары қалыптастырады. (Қосымшаны және дүние жүзі бойынша жалпы жүк тасымалындағы басты көрсеткіштер сұлба картасын қараңдар.)
Теңіз және өзен көлігі. Дүниежүзілік көлік жүйесі ішіндегі ең арзаны болып, теңіз көлігі саналады. Дүниежүзілік жүк тасымалының 62%-ы осы су көлігіне тиеді және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80%-ын қамтиды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Есеп саясаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
• Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
• Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
• Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
• Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
• Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- 3 -
• Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
• Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
• Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
• Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ойлау сөйлеу

(Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындыңты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті. Сонымен, ойлау қоршаған дүниенің мәнін жалпылай түсінуге, болмысты заңдылықты байланыстар мен қатынастар негізінде тануға мүмкіндік береді.
Заттар арасындағы байланыстар мён қатынастарды ашу - ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды гана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрініп қоймайды.
Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға әлгандардан кездейсоқтарын бөлумвн ойлау жалқы-дан жалпыға өтеді.
Теориялық таным әрекеті ретінде ойлау ықпалды қимылмөн тығыз байланысқан. Ойлау процесінде қандай да бір мәселе қайталай, жаңадан ашыла бермейді, онда жалпы-ланған түрде мәселө шешімдерінің принциптері айқын-далып, практшаның болашақта кезігетін міндеттерінің орын-далу жолдары болжастырылады, яғни ойлау арқылы жос-пар түзіледі. Ойлау жөніндегі алғашқы материалистік багыт классикалық сенсуализм тұжырымын негізге алып, алғаш сезімдік та-нымда болмаған дүние санада бейнеленуі мүмкін емес деген шешімді уағыздады. Қарама-қарсы багыгпты үстанган идеалист фило-софтар ойлауды адам рухының айрықша, қарапайым бөлшектерге жіктелмейтін процесс формасы деп таныды. Ойлау - психикалық іс-әрекеттің ерек-ше түрі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрцбургтық гылыми мектеп болды.
Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда, сөйлеу мен тіл әлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы - сізді-логикалы ой (вербаль-но-логическое мышление). Тек қана осы ой формасында адам тілдік таңбаларды (коды) қолданумен күрделі бай-ланыстар мен қатынастарды бейнелейді, түсініктер қа-лыптастырып, қорытынды жасаумен күрделі теориялық мәселелерді шешеді адамның ойлау қызметі, қандай да формада орындалмәсын, тіл қатысынсыз жүзеге келмейді. Ғылыми психология үшін сөз тек тілдесу қажетін орындап қана қоймастан, негізгі ойлау құралы да болып есептеледі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тепловоздар өндірісі

Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр. Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударды.
Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады
Үкімет басшысы Даниал Ахметов қыркүйектің 19-ы күні «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Кездесуде кәсіпорынмен ұзақмерзімдік ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Кездесу барысында атап көрсетілгендей, бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр.
Кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп өткен Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударып өтті. Премьердің айтуынша, Қазақстанда әзірге бір ғана «ҚазСат» байланыс жерсерігі бар, бірақ болашақта біз жерсеріктер тобына ие боламыз. «Біз ғарыштық мүмкіндіктерімізді пайдалана білуіміз қажет», - деп атап көрсетті Д.Ахметов.
Кездесуде сондай-ақ, жолаушылар вагондарын сатып алу мәселелері көтерілді. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, алдағы 5 жылда тепловозға деген сұраныс 360 бірлікті құрайды. Өз кезегінде «Трансмашхолдинг» ЖАҚ өкілдері купе-вагондарды жасау ниеттерін білдірді.
«Гасыр- Мангистау» ЖШС 2ТЭ10В, М, ТЭМ-1 және 2 сериялы тепловоздарды, Дженерал-Электрик Компаниясы дизелді-генераторлы қондырғымен, компьютермен жарақтандырып, жаңғыртылған 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарды жөндеумен және техникалық қамтумен айналысады, осындай тепловоздарды өндіруде мынадай мәселелер шешіледі:
1. тепловоздарды жөндеу мен техникалық қамтуды ұйымдастыру және жоспарлау;
2. міндетті жұмыстар көлемдері;
3. жөндеу тәсілдері;
4. ақаулық белгілер;
5. деталдардың, құрастырылатын бірліктерді (тораптарды, агрегаттарды) және тұтастай тепловозды сынау нормаларының мүмкін шектері мен ең жоғарғы шектеулері;....
Рефераттар
Толық
0 0