Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қазақ пен арақ

(Сықақ)



Қазақ пен арақтың ара- жігі

Қашан біріккенін,

Аз - мазырақ жілік тегін.

Қашан болғанда...

Қазекең

Ертеден арақ - шараптың дәмін біліп жүрген,

Қара таяқтар,

Ішіп алып ыржақтап күліп жүрген.

Бірақ араққа бой бере қоймаған, Ақыры,

ХX - ғасырдың екінші жартысында.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Бұғы

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүк шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен кішірек. Баласын отыз жұмадай көтеріп, май айының ортасында табады.

Оттайтұғыны манағы мүк. Бұғының қол тумасы да болады. Ондағы жұрт сүтін ішіп, етін жеп, терісін киіп және терісінен үйлерін де жауып алады. Әйелдері тарамысынан жіп иіріп киім тігеді. Қанынан дәрі істейді. Шанасына жегіп жүреді. Бұғының тұяғы қарға батпайды. Жеңіл басып, қалың қардың үстімен иесінің тілеген жеріне жеткізеді. Бұғысы мыңға жеткен самоиед бай есебіне кіреді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Бекер мал шашпақ

Әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдің бірі Жапонияда ауқатты адамдар қарапайым өмір салтын ұстануға қатты мән береді екен. “Toyota”, “Sony” секілді ең бай 10 компанияның иелері ауданы 100 шаршы метрден аз үйлерде өмір сүреді екен. Жапондық байлардан: «Мұншалықты бай болуыңызға қарамастан неге тым қарапайым өмір сүресіз?» деп сұралғанда «Жапондық әдет-ғұрпымыз біздің асыра сілтеп ақша жұмсауымызды құптамайды» дейді. Иә, жапондық әдет-ғұрып осындай екен. Ал біздің әдет-ғұрып ше? Біздің әдет-ғұрыпта да дінімізбен ұштасатын обал, рәсуә деген ұғымдар бар, ысрапшылдыққа тиым салынады. Абай атамыз бекер мал-шашпақты дұшпаның деп атап өткен. Қайырымдылық жасау, сауап жинау деген ұғым бар. Бірақ мұны қаншалықты білеміз? Мұны бала-шағасына жастайынан құлағына құйып өсіріп жатқан отбасылар қаншалықты бар? Бір күндік напақасын таба алмай зарлап жүргендер өте көп. Ал бір жақта мың отбасыны тойдыратындай қаржыны бір түнде шашып шалқитындар да аз емес. Одан қалса той жарыс бар. Шет елден әртістер шақыртып немесе шет елге барып той жасап шашылып жатқандар бар. Ең зәулім сарайда, ең танымал әртістерді шақыртып, бірінен бірі озып той өткізу әдетке айналды. Мұның бәрі ақшаға тірелетін дүние. Ақша жетпесе банктен кредит алып той жасап жатқандар қаншама. Бір күнде өтіп кеткен той үшін, жылдап кредитін төлеп жатады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сағат және DS18S20 құрылғысы негізінде портативті сандық температура өлшейтін түрлендіргіш жасау

Кіpіспе
Бүгінгі күні көптеген өндіpіс түpлеpі мен күнделікті тұpмыс кеpегіне
қoлдaнылaтын сaн түpлі техникaлық құpaлымдap негізінің бaқылaуы сaндық
құpылғы негізінде жүзеге aсaтындығы белгілі. Бaқылaу жұмысының
белгіленген мaқсaтпен жүзеге aсуы үшін нaқтылaнғaн уaқыттapдa бaқылaу
oбъектісінің бaптaулapы өлшеніп және бaсқapушы құpылымның сәйкесті
жaғдaйы paстaлып, aлынғaн aқпapaттapғa қaжетті келтіpімдеp apқылы түзеу
жүpгізіліп, нәтижесінде бaқылaу сигнaлдapы тудыpылaды дa, oлapдың
сәйкесті әpекеттеpімен oбъектінің жaғдaйы қaжетті жaққa aуыстыpылaды.
Қaзіpгі зaмaндa көптеген елдеpде сынaптық темoметpді үйдегі
күнделікті тұpмыстa дa қoлдaнбaйды. Қaзіp сaндық тpмoтүpлендіpгіштеp
тұтыну жaғынaн кең етек жaюдa. Менің диплoмдық жұмысымдa сaндық
түpлендіpгіштің бapыншa қapaпaйым әpі бaғaсы жaғынaн apзaн, және oсы
кpитеpийлеpге қapaмaстaн темпеpaтуpaны тез әpі дәл түpлендіpуі зеpттеледі.
Бұл менің диплoмдық жұмысымның біpден-біp өзектілігі бoлып тaбылaды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қалқаманұлы, Бұқар жырау

Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.
Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған.Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке ханның тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару ісіне араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: «Көріктей басқан күпілдеп,
.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұқағали Мақатаев | Марусяның тауы

Алматыдан ертеңгі сағат онда шыққан жолаушы таситын қарашы ГАЗ-51 машина Нарынқолға бет алып зулап келеді. "Көртоғайға кіре асфальт бітіп, тас жол басталды. Жүгінің жеңілдігінен бе, машина шоршақтай береді. Машинада бар болғаны төрт-ақ адамбыз. Екіқабат жап-жас орыс әйелі, екі студент, редакцияның шұғыл тапсырмасымен келе жатқан мен.

Қыс. Кегенге келсек, алай-дүлей боран екен. Асханаға біраз аялдап, сағат төрттің шамасында жүрмекші болдық.

— Баллоныңның бедері бітіпті, оның үстіне ебің де жоқ екен. Байқа, таксиші! Маруся бүгін ашулы, өшін алып жүрмесін. Аяғы ауыр әйел бар екен. Бірімізді біріміз сүйрелеп біз әзерге астық — деген шопырлардың ескертпесіне біздің шопырымыз құлақ аспады.

— Маруськамен бұрыннан таныспын, бірдеме ғып келісе жатармыз, — деп, ол жолға шықты.

Қар аралас боран ұйтқып тұр. Міне, "Марусяның тауы" деп аталатын жұмбақ асуға да жақындадық. Боран жолға қар үрлеп тастапты. Машина ышқына тартып, ыңырсып келеді. Шопыр бір жылдамдықтан бір жылдамдыққа ауыстырып тыным таппайды.

Асудың ортан беліне келгенде, машина қақалды да қалды. Біздер жерге түсіп, далбасалап, итеріп көмектескен болып едік, онымыздан нәтиже шығар болмады. Күн кешкіріп барады, боран әлі толастар емес. Әрі жақ бері жақта қылт еткен қара көрінбейді. Мысы құрыған шопыр амалсыздан кері қайтпақшы болып машинаны шегіндіріп еді, бір де бедері қалмаған жалаңаш баллон сырғанап барды да, жол шетіндегі омбыға түсіп, шоңқиып отырды да қалды. Оған да шүкір, әйтпегенде машина аударылып, сайға түсіп, быт-шыты шығатын еді.

Мәселе қиынға айналды. Осы боранда Кегенге қарай кері жаяу баруға мүмкін емес. Аяғы ауыр әйелді қайттік?! Ыза кернеген шопыр: "Тфу! Вот тебе... Маруська!" — деп, машинаны шыр айналып жүр. Істер айласы жоқ

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Египет зиратының хикаясы


Әрдайым Пуаро екеуміз бастан өткерген жан түршіктіретін сан оқиғаның ішіндегі ең сұмдығы Мен-хер-Ра патшаның зираты табылып, алғаш қазыла бастаған кезде бірінен соң бірі іле-шала опат болған бір топ адамның ісін тергеген кезіміз болар деп ойлаймын.

Лорд Карнарвон Тутан-хамонның зиратын ашқаннан соң, көп ұзамай-ақ Сэр Джон Уиллард пен Нью-Йорктық Блайнер мырза Каир қаласынан онша қашық емес жердегі Гизе Пирамидаларының маңайында қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Күтпеген жерден олар бір топ бейітке тап болды. Бұл көптің назарын аударған үлкен жаңалық еді. Ашылған Мен-хер-Ра дейтін патшаның зираты болып шықты. Мен-хер-Ра байырғы патшалық дәуірі өтіп, ыдырай бастаған кезінде билік еткен, Сегізінші Династияға кіретін, тарихта ұмыт қалған патшалардың бірі болатын.

Тарихтың осы тұсы көмескілеу қалғандықтан газеттер ашылған жаңалық жайлы жан-жақты жаза бастады.

Көп ұзамай көпшіліктің назарын аударған бір уақиға сап ете қалды. Аяқ астынан жүрек ауруынан Сэр Джон Уиллард қайтыс болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мәнкеева Айгерім | Сөзіңізді тыңдатқыңыз келсе

Сөз тазалығы – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу. Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас кейбір жерлері кездеседі. Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал, тілдің тазалығын бұзатын, оған нұсқан келтіретін факторлар аз емес. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Ауылымның тарихы

Отан! Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елі – көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел! Бүгінгі шақта біз тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз. Осы күнге жеткізген біздің ата-бабамызға мың алғысымызды білдіреміз! Бұл күн бізге оңай жолмен келмеді. Ата-бабаларымыз көптеген қиын қыстауды өткеріп, бізге ұланғайыр жерді мұра етіп қалдырды. Бұл жасаған ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек, біз, болашақтар өз еліміздің тарихын да біліп, құрметтеуіміз керекпіз. Сол мақсатта мен өз туған ауылым Қараағаш тарихы жайлы айтқым келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0