Жұмбақтар жауабымен: Логикалық жұмбақтар

Стол үстіне қағаз майлық (салфетка) қойып, оның үстіне стаканды төңкеріп қойыңыз. Стаканды құлатпастан және қолыңызды cтаканға тигізбестен қағаз майлықы ала аласыз ба?
Столды ақырын ұра бастаңыз! Стакан секірген сайын қағаз майлықты ақырындап суыра беріңіз!

Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма?
Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға қарай итереді.

Қолымызда екі жұмыртқа бар. Біреуі піскен, біреуі шикі. Қайсысының піскен екендігін, ал қайсысының шикі екендігін қалай анықтауға болады?
Жұмыртқаны стол үстіне қойып қолыңызбен айналдырыңыз. Шикі жұмыртқа айналмайды, яғни бір-екі айналып тоқтайды. Ал піскен жұмыртқа жылдам әрі ұзақ уақыт айналады.
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қазағым мәңгі жасасын...

Мен үшін «Отан» сөзінің ауқымы кең, түсінігі терең ұғым. «Менің Отаным – Қазақстан!» – деп мақтанышпен, қуанышпен, жүрегімнің түбінен лүпілдеп соққан бала сезіммен тебіреніп айтамын. Сәби кезімнен еміреніп өскен ортам, мәпелеген ата-анам, балапанындай аялаған Жер-анам... сенің мәртебеңді асыру – менің басты парызым.
Отанды сүю отбасынан басталады. Адам дүниеге келгеннен кейін, ең алдымен, оның анаға деген махаббаты мен сүйіспеншілігі оянады. Кейін әкесін, өсе келе туыстарын, бүкіл отбасы мен достарын......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ұлы тұлға

М.Әуезов — бір туар кесек тұлға, таным-тамырлары терең жайылған күрделі талап иесі. Оның жан сарайын түсінуге тырысу- қазақпын деген әр адамның асыл парызы. Оның өміртанымын....
Диктанттар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қазақтың салт - дәстүрлерін құрметтеу - борышым

Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс......
Шығармалар
Толық
0 0