Жас кезеңдері деп адамның өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерін, шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі даму деңгейде дайындалу мерзімі басталады. Адам жасының даму кезеңі бірнеше кезеңге бөлінеді: 1. Жаңа туған сәби (нәресте)---------------------------- 1-10 күн 2. Емшектегі сәби---------------------------------10 күн-1 жас 3. Сәбилік шақ-------------------------------------------1-3 жас 4. Бірінші балалық шақ----------------------------------4-7 жас 5. Екінші балалық шақ------------------------қыздар 8-11, ұлдар 8-12 жас 6. Жасөспірімдер немесе жеткіншек шағы-------- қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас ....
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер. 1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген. 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан. 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған. 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. ....
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда. Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. ....
Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Батысы – Еділдің төменгі ағысы,Каспий маңы мен Тұран ойпаты. Шығысы – Алтай таулары. Солтүстігі – Батыс Сібір жазығы. Оңтүстігі – Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі. Батыстан шығысқа дейін – 3000 км,солтүстіктен оңтүстікке дейін – 1600 км. Қазақстан жерінің ауданы – 2724,9 мың км².Жер шарының халық мекендеген құрлықтың бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы біздің еліміздің үлесіне тиеді.Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып табылады. Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады.Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын,Азияның 6,1%-ын құрайды. Еуразия материгінде Ресей,Үндістан,Қытайдан кейінгі төртінші орында,ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында тұрады.БҰҰ мүше 180 мемлекеттің ішінде – 9-орында. Республика жерінің шеткі нүктелері 55˚26΄-40˚56΄ с.е. және 45˚27΄-87˚18΄ ш.б. аралығында орналасқан.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары Сабақтың тақырыбы: Аспаздық қызмет Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау. Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • Мәтін мазмұнын түсінеді; • көтерілген мәселені анықтайды; • мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, тақырып қояды. • мәтіннің түйінді ойын таба алады.....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды. Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде нақыл сөздерді қолдана алады Кейбір оқушылар: нақыл сөздің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда, өз тұжырымдарын ұсына алады.....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А-бөлім: Ежелгі Қытай Сабақ тақырыбы: Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Конфуций, Лао-Цзы және Шанг Янгтің философиялық ілімдері зерттеу, олардың Ежелгі Қытайға, соның ішінде елді біріктірген Цинь Шихуанди императордың билігі кезіндегі ықпалына баға беру Сабақ мақсаттары: Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру және е желгі Қытайдың дамуына Конфуций, Лао-Цзы және Шанг Янгтің қосқан үлесіне баға беру.....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Моңғолдар Сабақ тақырыбы: Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Моңғол жаулауының нәтижесінде жаулап алған халықтардағы өзгерістерді анықтау......
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі деген не? Оқу мақсаты: 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау; 3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну; 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу. Сабақтың мақсаты: Электр тізбегінің қарапайым сызбасымен және оның жұмысымен танысу......
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің аясында, еліміздің барлық саласы түгелімен өзгеріп, рухани-әлеуметтік және саяси-экономикалық жүйесі қайта құрылу процесін атқару мүмкін болып тұр. Қоғамдық-саяси құрылыстың мәнін терең түсінуде, халқымыздың төл-тарихын, саяси-әлеуметтік жағдайын жете тану, ынтымақтыққа, бірлік пен елдікке бастайтын еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің саяси бағытын зерттеп, алға қойған мәселелерін, оның түйінді шешімдерін, халықтың саяси көзқарасын қалыптастырудағы мәнін ашу, оны қазіргі таңдағы қол жеткен тәуелсіздікке тигізген әсерін талдауға мүмкіндік береді. Ұлттық мемлекетіміздің қалыптасу тарихында орын алатын, ұлттың тәуелсіздігін қорғаған тұлғалардың есімі халықтың, тарихи санасында зерделенген. Елдің санасында сақталған орасан саяси оқиғаларды, халқының қамын ойлаған ірі саяси көсемдердің өмірі мен қызметі, тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін бүгінгі ұрпақ жадында десе болады. Ғасырлар бойы ел азаттығы үшін күрескен саяси тұлғаларды зерделеу, ғылыми тұрғыдан талдау және оның нәтижесін бүгінгі заманымыздың талабына сай сараптау арқылы, анықталған құндылықтарды насихаттауға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев “Алашқа айбын болған, азаттық ұғымының айдынын кеңейткен тұлғаларымызды ел саласына, тарихи беттеріне қайыра алып келген тәуелсіздікті осындай ұлтқа пана болар аруақтарымызды тірілтіп бергені үшін асқақтатуымыз керек емес пе?”[1, 355 б]-деп атап өткендей, мемлекет болашағына, ұлттың тағдырына қатысты саяси мәселелерді шешу нағыз лидерлердің қолынан ғана келеді. Бетегелі жерде берекелі елдің болуын, көршілес мемлекеттермен тереземіздің теңесуін, құтты жеріміздің тұтастығын сақтауға атсалысқан, соны армандаған Абылай ханның азаттықты аңсаған Қазақ мемлекетін қалыптастырудағы оның әрекеттерінің нәтижелерін жаңа заманда іске асырудың Қазақстандық үлгісін жасап, оны орнықтыруға үлкен үлес қосқан Н.Ә.Назарбаевтың саясатын салыстырмалы ғылыми тұрғыда зерттеу - қазіргі ұрпақтың ізгілікті борышы. Абылай хан мен Н.Ә.Назарбаевтың қазақ қоғамының дамуына қосқан саяси-әлеуметтік қызметтерін ғылыми тұрғыдан зерттеу, олардың тұлғалық қасиетін ашып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тарту, халық арасында насихаттау, құнды идеялық пікірлерін сараптауды зерттеу нысанасына айналдыру - бүгінгі саясаттану ғылымының даму бағыттарының мәнділігін құрайды. Абылай ханның азаттық пен тәуелсіздік жолындағы саяси қызметін, оның қазақ халқын саяси-әлеуметтік үрдіске бағыттаған әрекеттерін зерттеу арқылы, қоғамдық үрдістің саяси даму жолын түсінуге болады. Тәуелсіздіктің символына айналған Абылай ханды терең зертттеу, қазақ халқының ұлттық санасын оятудың негізгі факторы, болашақ ұрпақты Отанына деген ықыласын арттырып, патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды құбылыс болып табылады. Қазақ халқының табиғи болмысындағы бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздікке деген ұмтылыстары саясаттану ғылымы тұрғысынан сарапталуы тиіс. Сонымен қатар келешек ұрпақты Отанына деген елжандылық рухында тәрбиелеу, қоғам дамуындағы ілгерілеуіміздің мәнін ұрпаққа жеткізу мақсатын ұмытпауымыз қажет. Абылай ханның қоғамдық саяси қызметін шынайылық тұрғыдан келер ұрпаққа жеткізу мақсатында, терең зерттеу обьективті қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ халқының қоғамдасу тарихында, мемлекеттік құрылыстың құрылымдарын құру мен анықтауда талай хандар мен билердің үлесі зор болды. Алайда тұлға ретінде, ел басшысы ретінде де, ақылгөй-данышпан тұрғысынан да Абылай хан тұлғасы жан-жақты зерттеуді, саралауды қажет етеді. Әр қоғамның ерекшелігін түсінуде, онда болған саяси процестер мен қақтығыстардың алғышарттарын тауып шешуде саяси лидерлердің рөлі зор. Олардың қолданған саяси амалдары, саяси шешімдері арқылы қоғамға саяси талдау зерттеудің өзектілігін құрады. ....