Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғылыми ашылулар (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми ашылулар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Сабақтың мақсаттары: Эссе құрылымын сақтап, өз көзқарасын білдіре отырып жаза алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 5.4В Сарматтар
Сабақ тақырыбы: Сарматтар қандай мемлекеттермен соғыс жүргізді? (2сағат)
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау
Сабақ мақсаттары: Сарматтардың көрші/ шалғай елдермен саяси қатынасын зерделеп талдау. Әскери өнердегі әйелдердің рөлін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: ортағасырлық өнер стильдерінің ерекшеліктерін зерттеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар. (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кездейсоқ щамалар және оның сандық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2.9 кездейсоқ шама ұғымын түсінеді және кездейсоқ шамаларға мысал келтіреді;
10.3.2.10 дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамасын біледі және оларды айыра алады;
10.3.2.11 кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңының кестесін құрайды.
Сабақ мақсаттары: Әр оқушы дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар туралы біледі, айырмашылығын түсінеде және үлестірім заңын кесте түрінде құрастыра алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың немесе жеңіл арбашаның үдеуін есептеу.
Сабақ мақсаттары: - Зертханалық жұмыс барысында орын ауыстыру мен уақытты есептей алады;
- Формуланы қолданып, үдеуді есептей алады;
- Жасаған жұмысына қорытынды жаза алады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Хунд ережесі. Клечковский ережелері. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Хунд ережесі. Клечковский ережелері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.3.2 электрондардың орбитальдарда толтыру ережесін түсіну үшін Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;
10.1.3.3 алғашқы 36 химиялық элементтердің электрондық конфигурациясын жазу.
Сабақ мақсаты: - электрондардың орбитальдарда толтыру ережесін түсіну үшін Паули принципі, Хунд ережесін қолданады;
- Клечковский ережелерін біледі;
- элементтердің электрондық конфигурациясын жазады;
- элементтердің графикалық формуласын жазады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.
Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 6 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшуру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1- классқа жататын 2 аэродром, сұйық оттек, сұйық озот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистраль, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Бахаи сенiмi

Келедi деп Баб болжаған Бахаулла, яғни “Құдай даңқы” деген лауазымды қабылдаған Мырза Хұсеин Әли – мемлекет министiрi қызметiн атқарған Мырза Аббастың үлкен ұлы едi. Ол Парсының астанасы –Тегеранда, 1817 жылы 12 қарашада таң алдында дүниеге келдi.Ол еқашан мектептiң табалдырығын аттаған емес, үйде ғана аздаған бiлiм алды. Бiрақ ол сәби кезiнен бастап асқан зеректiк танытты. Ол бозбала шағына жеткенде әкесi қайтыс болып, iнi қарындастарына қамқорлық Бахаулланың иығына түстi.
Ерекше қабiлеттерi Оның шектен тыс тәкәппарлығын оятпады. Ол кiшiпейiл әрi қайырымды болатын. Оның талғамы да қарапайым болатын. Ол табиғатты, құстарды, ағаштарды, гүлдердi,аңдарды жақсы көретiн және уақытын сарайдан гөрi қаланың сыртында өткiзгендi қалайтын.Ол ақшаға қызыққан емес, кедейлер мен жарлыларға жұмсайтын сол кездiң дәстүрi бойынша Ол ерте үйленген едi. Оның әйелi де бай отбасынан болатын, бiрақ оның талғамы да қарапайым едi. Өздерiнен гөрi өмiрде әлдеқайда нашар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар бiрiгiп жұмыс iстедi. Олардың үйлерiнiң есiгi әрқашан тамақ iздеген, баспана мен көмек сұрағандарға ашық болатын. Оларды “Кедейлердiң Әкесi мен Шешесi” деп атады. Бахаулланың әкесi қайтыс болғаннан кейiн, оған оның сарайындағы орнын ұсынды, дегенмен Ол болса бас тартты.
1844 жылдың жазында, Баб өзiнiң мiндетiн жария еткеннен үш ай өткен соң, Молла Хұсейiн Бабтыңүндеулерi бар шиыршықталған бұлама қағазды Тегеранға әкелдi және оның Бахаулланың қолына түсуiн қадағалады. Бахаулла шиыршықталған бұлама қағазды оқығаннан соң, Бабты мойындап және Оның iзбасары болды. Сол кезде Бахаулла жиырма жетi жаста едi. Бахаулла Бабпен ешқашан кездескен емес, бiрақ, онымен әрдайым хат алысып тұрды, бар жанымен оның iлiмiн қолдап және оны таратуға ұмтылды. Нәтижесiнде, Ол көпшiлiк әлi жөндi бiлмеген қозғалыстың қатарында болып шықты, мұның мүддесi болса мұның өз тобының мүдделерiне қарама-қарсы едi.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп принциптері

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы

Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады:
- жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
- баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
- өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
- қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру;
- қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару;
- қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит. ....
Рефераттар
Толық
0 0