Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғат пен қоршаған орта» Сабақтың тақырыбы: Оқиғаны мазмұндау Оқу мақсаты: 2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады 2.3.2.1 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. Оқушылардың шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйренеді. cөйлеу тілінде қолданады. Сөйлемдерді дұрыс, қатесіз оқып, жазуға дағдыланады......
Мақсаты: Балалардың білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар; Сұрақтар жинағы, нақыл сөздер, сигналдық белгілер. Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер. Зерделі де, білімді мектепалды даярлық сыныбы бүлдіршіндерінің «Білімді біздер - баламыз» танымдық сайысына қош келдіңіздер! Үш қасиет кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім адамның шын мағынасындағы білімді болуына аса қажет. Қазір жан - жақты білімдерімен өз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын биік талапты топпен таныс болыңыздар. Жүргізуші: Оң жақтағы «Ботақан» тобы, ал сол жақта «Балапан» тобы......
Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар: 1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі. 2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі. 3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. 4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Ақша ерте заманда пайда болды, олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарты және өнімі болып табылады. Тауар -бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Заттың тауарға айналуы, ақшаның пайда болуы объективті алғы шарттарды құрастырады. Бір кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса мұндай бұйым тауарлы формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Алғашқы қауымдық құрлыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ аййырбасталу барысында айырбас құнының жәй немесе кездейсоқ формалары қолданылады. Тауар өндірісінің өсіуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбастау құрамы бола бастады. Осыдан келіп құнын толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық және осы тауарлар ақша деп аталады. Бір халықтың өзіне әртүрлі уақытттарында және әртүрлі халықтарда бір мезгілде әртүрлі эквиваленттер болады сонымен қатар. 1. Ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырба с құрамына айналады. 2. Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланады. 3. Жылы теңіздердің жағасын мекендегендер айналыс құрал ретінде бақалшақ пайдаланады. Өнермен жер иеленушілердің бөлінуімен эевмваленттің жетілуі жалғасты бөлінушлік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болады. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері күріш,какао құйма түріндегі .Жалпы эквивалент ретінде металда пайда болады .Металл ақшаның артықтылығы біркелкі төзімді ұсақтанады.Металл ақшаның кең таралуымен ақша есебінің салмақты жүйесі нақтылана түсті.Кейін келе металдың арасында басты рөлді алтын мен күміске өте бағаланды,өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие б.ғ.д.13ғ салмағы көрсетілген құймалар болады.Монеталардың пайда болуы ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.Алтын жеке айналыс құралы болғанда монометализм леп аталады.Алтын мен күміс қатар жүрген кезле бейметализм деп аталады.Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді кез-келген тауар айналысында ақша айналыс құралы болып табылады.Тауар және бір-бірімен бөлінбейді ақша айналысы болса онда тауар айналысында болады.Ақша жалпы бірдей эквивалент ерекше тауар онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімднрінің айырбасы үздіксіз жасалына береді.Ақша -өндіруімен бөлу процестерінде адамдар арасында белгілі бір экономикалық құжаттар қатынастарда көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетінің бірігуі мен көрініс табады. ....
Бүкiл әлем алдында құдiретi күштi «Қызыл Империяның» қаһарынан қаймықпай оның озбырлы - үстемдiк саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ жастарының 1986 - жылғы Желтоқсан көтерiлiсiндегi жанкештi ерлiктерi қай елге де, қай мемлекетке де болмасын тағылымды да ғибратты үлгi - өнеге. Әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiнде Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай боздақтар қыршынынан қиылса, жүздеген жастар темiр тордың ащы дәмiн татып мыңдаған азаматтар жазықсыз қудаланып, бiлiм ордаларынан шығарылып, қызметтерiнен қуылды. ....
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікеке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп айтамыз. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интерграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.. Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметтерін басқаруды теориясынмен іс-тәжірибесі. Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі. Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме жжағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады.: • Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамаларыбасқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады. • Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтары беріледі. • Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек. • Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән. • Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері: тапқырлық, байланысқа бейімділік ,сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды. ....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақтың тақырыбы:Көлік – идеяны түсіну №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1 Зейін қойып оқу. 1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. 1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну. 1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. 2.1 Сөз көлемі және сөздік қор құрамының сан алуандылығы. 1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдана отырып,сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Дыбыстар мен сөздерді мұғалімнің көмегімен бірге дұрыс айтады. Таныс сөздерді қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен сұрақ қояды. Көбі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады. Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды. Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсіндіріп береді. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады және басқаларға көмек береді. Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. ....
Баға стратегиясын жасаған кезде микро және макро-ортаны талдап, ондағы факторлар өзгерістерінің тенденциясын анықтау керек. Жалпы баға үш тәсіл арқылы анықталады: 1. Баға тауар өндіру және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жабуы қажет; 2. Кәсіпорын тек шыгындарды ғана жаппай, сонымен қатар белгілі бір пайда алуы тиіс, ол өз кезегінде тауарға деген сұранысқа байланысты; 3. Нарықта бәсекелестер әрекет етеді. Сондықтан, тұтынушы төлеуге әзір баға бәсекелестер ұсынысына байланысты. Сөйтіп, баға жайында шешім қабылдау шығындарға, тұтынушылар сұранысы мен ұсынысына, бәсекелестердің мінез-қүлқына байланысты. Соған қарай шығындарға, сұраныс пен бәсекеғе негізделген стратегияларды бөліп көрсетуге болады. Көптеген отандық кәсіпорындар бағаны тікелей есептеу арқылы (шығындық тәсілмен) шығарады, оның мөлшері барлық шығындарға пайда мөлшерін қосу негізінде анықталады. Бұл тәсілдің мынадай түрлері болады: 1. "Шығынға үстеме қосу" әдісі. Бұл жағдайда өнімнің өзіндік құнына стандартты үстеме қосылады. Мысалы, өнім бірлігінің өзіндік құны 20 теңге, ал фирма 1 млн. теңгеден гүратын сату көлеміне 20% пайда алуды көздесе, тауардың үстеме бағасы 24 теңге болады. Делдалдарға мұндай бағаны ұсынған өндіруші әрбір өнім бірлігінен 4 теңге пайда алады. Өз кезегінде делдалдар тауарды тұтынушыға сатқанда өз үстемелерін қосады. Бұл әдісті қолдану белгіленген баға қажетті сату көлемін қамтамасыз еткен жағдайда ғана қонымды. Өндірістік шығындарға негізделген мұндай әдіс делдал үшін де, тұтынушы үшін де әділ болып саналады. Осы әдіс күні бүгінге дейін ең танымал, себебі, шығындарды анықтау сұранысты анықтаумен салыстырғанда әлдеқайда жеңілдеу. Бұл әдіс өндірістің жалпы және шекті шығындарын анықтау сияқты екі амалға негізделуі мүмкін. Көптеген кәсіпорындар баға белгілеген кезде жалпы шығындарды қолданады, оның құрамына өзгермелі шығындар және белгілі бір тауар өндіру үшін қажет барлық тұрақты шығындар кіреді. Шетелдерде көбіне тұрақты және өзгермелі шығындарды толығымен өтеуге негізделген шығынды жабу сомасы қолданылады. 2. Пайда алуға негізделген баға белгілеу. Мұндай әдіс шығынсыздықты болдырмау қағидасына негізделген. Бұл жағдайда фирманы шығынға үшыратпайтындай және белгілі бір пайда мөлшерін алатындай баға анықталады. Осы әдісті "General Motors" компаниясы қолданады, ол инвестицияға 15-20% пайда деңгейін белгілейді. Осы әдісті қолдану әр түрлі сату көлемі кезіндегі жалпы шығындар мен пайданы бейнелейтін шығынсыздық графигін құруды көздейді. Бұл жағдайда шығынсыздық шегі жиынтық шығындар мен жиынтық табыс қисықтарының қиылысу нүктесінде анықталады. Мысалы, шығынсыздық шегіне жету үшін компания бір бұйымды 24 теңге бағамен сатса, 30 мың бұйым бірлігін сатуға тиіс, сондағы түсім жиынтық шығындарды жабады. 20% мақсатты пайда алу үшін, өндіріске 1 млн. теңге қаржы жұмсаған /инвестициялағанда/ компания 45 мыңнан өнім бірлігін сатуы қажет. Дегенмен, мұндай жағдайда көп нәрсе сұраныстың бағалық икемділігіне байланысты болады. Сондықтан, маркетологтар шығынсыздық шегін, ықтимал сұраныс деңгейін және әр түрлі бағалардағы пайданы анықтауы қажет. Бірақ, бағаның өсуі сату көлемінің азаюына әкеледі, шығынсыздық шегіне жету үшін тұрақты және өзгермелі шығындарды үнемдеу есебінен өзіндік құнды төмендету жолдарын іздеу керек. Сұранысқа негізделген баға тағайындау әдістерін кең қолдану кәсіпорынға бағаларды үнемі өзгертіп отыру және қажетті пайда алу мүмкіндігін береді.....
Философиядағы орталық проблемасы адам болып табылады. Адам туралы ілімді немесе деп атайды. Адам проблемасы философия тарихында.Бұл мәселе философияның пайда болуынан қарастырылып келеді.Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы өз философиясында адамгершілік проблемасын қарастырды.Оның ілімінің негізгі этикалық қағидасы:болды. Будизмді өмір қайғы-қасіретке толы,алайда оларға соқпай өтуге болады, себебі бәрі де өзіне байланысты деп түсіндірілді.Аристотель адамды деп түсініп,адамның биік мақсаты –бақыт деп тұжырымдады.Бақыт пен жоғарғы игілік адамға тән,ол оған толық жетілуге ұмтылған жағдайда,яғни белсенділіктің арқасында жетеді.Демек,жай ғана өмір сүрумен тынбау керек,себебі өсімдіктер де тіршілік етеді,ал сана белсенділігі – адамға тән мақсат. Материалдық игіліктердің молдығы өз-өзінен бақыт жасай алмайды,ал олардың жоқтығы бақыттың беделін әбден түсіруі де ықтимал. Ортағасырлық томизм ілімінде кез-келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің дұрыстығы айтылды:еркек пен әйелдің одағы,бала өсіріп-тәрбиелеу –игілік,өйткені табиғат заңдылығы солай.рационалды тіршілік иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта өмір сүріп,ақиқатқа ұмтылу жазылған. Ренессанс дәуірінің 15-17 ғғ.гуманистік қозғалысында ізгіліктің тағдырдан биік тұратыны тұжырымдалады. .(Гуманист,философ математик,сәулетші Л.Альберти).....