Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жаман» деген немене? № 2 (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: «Жаман» деген немене? № 2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады, суреттердің көмегімен мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, мәтін құрастыруда сөйлемдегі грамматикалық нормаларды, сөздердің орын тәртібін сақтайды, өз пікірімен толықтырады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Менің отаным - туған өлкем

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін дамыту. Өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, карта......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Эрнест Хемингуэй | Шал мен теңіз

Шал Гольфстримге қайығымен бір өзі ғана шығып жүрді. Міне, сексен төрт күн болды, теңізге күнде шығады, бірақ қармағына әлі де ештеңе іліккен жоқ. Бастапқы бір жарым айдай уақыт бойында бұған бір бала серік болған еді. Күн өте берді, қолға балық түспеді, содан соң баланың ата-анасы күдер үзіп, бұл шалды "жолын қырсық шалған сорлы-бейбақ" десіп, балаға енді басқа қайыққа ауыс деп әмір еткен-ді. Басқа қайыққа барғанда баланың жолы болып, серігі мен екеуі алғашқы аптаның ішінде-ақ үш ірі жайын ұстаған-ды. Шалдың жағаға күнде құр алақан оралғанын көргенде, бала оны қатты аяп, жаны ашитын; балықшының багор, гарпун секілді құрал-саймандарын, қайық үстіне құратын желкенін қарияның үйіне көтерісіп жеткізіп салу үшін ылғи алдынан шығатын-ды. Қарттың қайығының үстінде шиыршықталып жататын, он бойына кенеп жамау жапсырылған қырық сұрақ желкен — бейне тас-талқаны шыққан жасақтың құлаған туы сияқтанып елестейтін көзге.

Шал — титықтаған арық кісі еді; маңдайы, мойыны арса-арса; бетіне күрең-қоңыр дақтар түсіп, өңі шұбар тартқан, мұндай дақтар ыстық жақтардағы теңіз бетіне түскен күн сәулесінің адамның өңіне шағылысуынан пайда болады......
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақстандық бойжеткендер не үшін шетелдік күйеу таңдайтындарын айтып берді

Өзге елдің азаматарына тұрмысқа шыққандардың барлығы жоғары білімді, қалталы, әрі мансап құрып үлгергендер.
Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан бойжеткендерді көпшілік жақтыра бермейді. Барлығының айтары елімізде де сымбаты да, салиқалы ер жігіттер жетерлік.
Жаңалықтар
Толық
0 0