Шығарма: Көктем

Көктем келді. Көктемде табиғат ана оянады. Қыстың қары еріп, сай-сала суға толды, жерді көк кілем жапты. Күн жылынды. Құстар жылы жақтан қайта оралды. Күн ұзарып, түн қысқарады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдейді. Мал төлдеп, қора төлдерге толды.

Адамдар жер жыртып тұқым себеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Семей полигоны

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605.Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында.......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Қыз қылығымен әдемі

Мен бұл мақаланы жазарда көп ойландым. Ойланып жүре берер ме едім...

Бірде бір ана маған былай деді: «Жалғыз ұлым бар. Ол әлі бала. Аузынан ақ уызы кеппеген. Ал қыздар мазасын алып, неше түрлі әңгіме жазады. Жауап бермесе небір әдемі сөздермен ар-намысына тиеді. Сіз не айтасыз осыған?»- деп маған сұрақ қойды. Үнсіз қалдым...

Қыздар арасында сауалнама жүргіздім. Төмендегідей сұрақтар қойдым:

«Қазақ қызы қандай болу керек? Қазақ қызына тән қандай қасиеттер бойыңда бар?

Ар, намыс дегенді нешінші орынға қояр едің? «Қылықты қыз» дегеннің мағынасы? «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе күңнен тыю» деген мақал- мәтелді қалай түсінесің?

Үнсіздік...Жоғарыда айтылған әңгімедегі кейіпкер қыздарымның жанарлары төмен, жүздерінде ұят өрті тұтанды. Бір қызарды, бір сұрланды. Қазақта қыз бала бірінші болып сезімін білдірмейтіндігін айттым. Ол үлкен ұят екенін түсіндірдім.

Біраз уақыт өткен соң, сол сұрақ қойған ана: «Ұлыма смс жазу тоқталды. Құлағымыз тынышталды,» -деп күлімсірейді.

Ішім алай-түлей. Мен де екі қыз тәрбиелеп отырмын. Біреуі 15-ке толды. Екіншісі әлі 4-те . Қыздарыма қандай тәрбие беріп жатырмын? Кешегі бізді тәрбиелеген аяулы анашымның тәрбиесін осы қыздарыма бере алып жүрмін бе?

Мен үлкен қызымның араласатын құрбы-құрдастарынан қызым туралы сұрадым. Ана жүрегінің жарылардай қуанышын, бақытын мен сонда сезіндім. Яғни мен өз анамның тәрбиесін аздап болса да өз балама бере алғаныма бақыттымын.

Мен мақаламда көп нәрсені жұмбақтадым. Себебі, айтылмайтын дүниелер болды. Есімдер жасырын қалды. Болған оқиғаның ізімен жай ғана ой тастадым.

Күнделікті күйбің тіршіліктің қамымен жүргенімізде қыздарымыз қараусыз қалып қоймасын. Өз баламызды тәрбиелеуге уақыт жетпей жатқанда, өзгелер тәрбиелеп, санасын уламасына кім кепіл? Қазақтың қара көздері қор болмай, мазақ болмай жүрсе екен деген аналық тілегімді өздеріңізбен бөліскім келді. Кешегі сұлу Жібектей, ару Баяндай, Әлия мен Мәншүктей ардақты, аяулы қара көздеріміз аз ба? Сол аруларымыздың салып кеткен сара, дара жолында ар-намысты биік түғырға қоятын қыздар бүгінде саусақпен санарлықтай ма? Ойланайық. Ойлана отырып, тығырықтан шығар жолды іздейік. Бақытты ананың мейіріміне бөленіп, шуағына шомылып өскен қыз бала сыпайы, ілтипатты, инабатты болмақ. Тәрбиенің тамырына салт-дәстүрдің, қазақы тәрбиенің құндылықтарын сіңіре білген жөн. Абырой мен ар-намысты бағалай алатын қыз баланы тәрбиелеп өсірсек,ертеңіміздің жарқын, болашағымыздың нұрлы болары сөзсіз.

Астана қаласы
Ғ.Қайырбеков атындағы
№2 мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Қасымғалиқызы Лаур .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Сандар құпиясы

Қоршаған әлем адамзатқа өз сырын толық ашпаған. Қуантатыны білім, ғылымның дамуымен қатар мектеп оқушылары, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жаңа көзқарасы, жаңа ойлар, ізденістері, білуге деген құштарлығының артып келе жатқаны. Сондай оқушылардың бірі №4 орта мектептің 2 «А»сынып оқушысы Шоқпар Әбілмансұр ғылыми ізденіске жаңадан аяқ басып өзінің «Сандар құпиясы» тақырыбындағы жұмысын назарымызға ұсынып отыр. Бұл жұмыста ол ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен нанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына бала жүрегімен шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына үлкен мән бере қарастырған. Біраз сандардың сырларына қанығып, ғылыми болжамдарға, ұстанымдарға назар аударып, өз қатарларына сандар қасиетінің өмірде алатын орнын түсіндіре білген.
Шоқпар Әбілмансұр ізденіс жұмыстарын қарапайым түсініктерден бастаған. Болашақта ғылыми жұмысын жандандырып, халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар сырына қанығатындығына сенім білдіремін......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем күні әдемі

Көктем күні әдемі,

Жерде гүлдер өскенде.

Көктем күні әдемі,

Жерде шөптер өскенде.

Көктем күні шуақты,

Гүлдер, шөптер қуатты.

Ешкі, төлдер туады,

Барлық бала қуанды.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» (4 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді»
Оқу мақсаттары: 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану
4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеороликтер жасау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолданады, әдеби көркемдегіш құралдарды табады.
Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолдана отырып өз ойын білдіреді, көркемдегіш сөздерді табады және өз пікірлерін айтады.
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар, фотосуреттер қолданады және қорытынды жасайды, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің көркемдік құндылығы (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің көркемдік құндылығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Сабақтың мақсаттары: 6.3.1.1-шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0