Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Мектебінің өткенін де ұлықтап Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Мектебінің өткенін де ұлықтап,
Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ

Қазалы ауданындағы №25 орта мектебінің іргетасы орта мектеп ретінде 1947 жылдан бастап қаланған. Мектепті 1947-1949 жылдар аралығында Мүлкібаев басқарды. 1949-1953 жылдар аралығында Хайруллаев Жәрмедет, 1953-1959 жылдар аралығында Бәкешов Қожабай, 1959-1965 жылдар аралығында Қожабаев Молдабай, 1966-1968 жылдар аралығында Қартбаев Аяп, 1968-1976 жылдар аралығында Нағашыбаев Іскендір, 1976-1985 жылдар аралығында Есетов Амангелді мектеп басшылары болды. 1985 жылдан бастап осы кезеңге дейін мектепке Темірбаев Алмас басшылық жасайды.

Мектеп тарихында мектепті әр кезеңде 7 түлегі алтын медальға бітіріп шыққан. Қарамолдаев Алпысбай, Нұрмағамбетова Света, Қошқарбаев Айнұр, Дәленов Бекболат, Нұржігітов Абдулла, Алмағамбетова Балапан, Бекжанов Дархан.

Мектепті әр кезеңде 4 түлегі күміс медальға бітіріп шыққан. Дәулеткерімов Әби, Жаманбаев Алмас, Бекжанова Айгүл, Сахиева Сандуғаш. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау

КІРІСПЕ
Нейролингвистика – тіл ғылымының жаңа саласы ретінде танылып жүр. Ал нейролингвистикалық бағдарламалау – адам санасына сөйлеу арқылы ықпал ету нейролингвистиканың бір бөлігі болып табылады. Нейролингвистикалық бағдарламалауды жарнама саласында тілді қажеттілігне қарай тиімді қолдануға, норманы сақтауға,т.б үшін қолдануға болады.
Баспасөз құралдары, газет – журнал, радио, теледидар, тіпті ғаламтордың өзінде көптеген жарнама мәтіндерін кездестіруге болады. Ал, осы жарнамалар адам санасына қалай әсер етеді? Сондай-ақ, жарнама мәтінінің әсерлі, көпшілікке түсінікті, терең мағыналы болуы үшін оған нақты құралдарды пайдаланған жөн. Бұл тұрғыдан алғанда нейролингвистикалық бағдарламалаудың жарнама үшін таптырмас құрал екені айқын.

Зерттеу жұмысының нысаны: Нейролингвистикалық бағдарламалау мен оның ерекшеліктері, тіл біліміндегі алар орны.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі Қазақстандағы жарнама тіліндегі нейролингвистикалық бағдарламалаудың тілдік ерекшеліктерін қарастыру, бірнеше тілде қатар беріліп жүрген жарнама мәтіндерінің құрылымына талдау жасау.


Зерттеу міндеттері:
 тілдік сана, сөйлеу әсері, жарнама дискурсы ұғымдарына түсініктеме беру;
 қазіргі тіл білімінің негізгі бағыттарының бірі болып саналатын нейролингвистиканың негізгі даму кезеңдерін көрсету;
 нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізгі түрлері мен тәсілдерін анықтау;
 нейролингвистикалық бағдарламалаудың көптілді қоғамдағы жарнама мәтіндеріндегі көрісін айқындау


Зерттеу жұмысының әдіс – тәсілдері: Зерттеу жұмысында материалдарды жинақтау, сұрыптау, байқау, интросппекция, жүйелеу, талдау, т,б әдіс – тәсілдер қолданылды. Көрсетілген әр бір әдіс көзделген мақсаттарға жету үшін зерттеудің белгілі бір кезеңдерінде қолданылды.


Зерттеудің дереккөздері: Бітіру жұмысында әр түрлі телеарна, радио, газет – журналдарда беріліп жүрген жарнамалар, әр түрлі сөздіктер, интернет – сайттар пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Wi-Fi каналдарымен қамтамасыздырылған телеөлшеу жүйесін жасау

Кіріспе
Қазіргі заманғы ақпараттық телеөлшеуші жүйелерде, датчиктерден
алынған өлшенетін ақпараттарды қабылдаушы жақта оның қалпына
келтірілуін берілген дәлдікте орындайтындай түрде, олардың тағайындалуына
тәуелсіз, үлкен қашықтықтарға жібереді. Бірақ, көптеген жағдайларда
ақпараттық телеөлшеу жүйелерінде күрделі комминикациялық құрылғыларды
пайдалану тиімсіз. Бұл төмен құнымен, жоғары сенімділікпен, бөлшектерінің
бір ретті қолданылуымен, конструкциясының қарапайымдылығымен және т.б.
шартталуы мүмкін. Сондықтан, бұл дипломдық жобаның мақсаты ақпараттық
телеөлшеу жүйесінің бөгеттұрақтылығын, аппаратуралық қиындылығын
арттырмай-ақ жоғарылататын, ақпаратты жіберу-қабылдау тәсілдерін жасау
болып табылады. Мақсатқа жету үшін бірнеше талаптар қойылды:
- басқарушы құрылғыны (микроконтроллерді) таңдау;
- бірінші ретті түрлендіргіштерді (датчиктерді) таңдау;
- байланыс каналын таңдау;
- бағдарламалық қамтамасыздандыруды және бағдарламалау тілін
таңдау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ветеринария | Малды күтіп-бағу технологиясын санитариялық бағалау

ІРІ ҚАРАНЫҢ ХАЛЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орыны өте зор болған.
Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді. Сол себепті дұрыс күтіп - бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Сондықтан бұл тарауға ірі қараны ұстап - бағу жүйелері мен күту әдістері толық баяндалып, олардың жынысына, жасына және пайдалану мақсатына қарай азықтандыру, суару, сауу, өсіру және бордақылау ерекшеліктері қорытындалған.
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар (май, құрт, ірімшік, қышқыл сүт тағамдары) және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тьщайтқыш — көңмен қамтамасыз ете алады.
Ірі қара терісінен аяқ киім ұлтаны және жоғары сапалы былғары дайындалады. Ірі қара мүйізінен тарақ, түйме, әр түрлі әшекей жасаладьі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы: тарихи шындық және көркемдік шешім

Тарихи романның бүгінде табан тіреген идеялық көркемдік биігі тым жоғары және бір ауыз сөзбен түйіндеуге сия бермейтін ішкі иірімдері мол, айшықты бояуларға бай күрделі әлем.
Оның тақырыптық ауқымының кеңдігі соншалық сонау баяғы заманнан бүгінгі күннің көкейтесті мәселелеріне дейін өзінің зор құшағына сиғызып алады.
Трихи роман жанрының сандық, сапалық жағынан гүлдене дамып, жоғары бір белеске көтерілген кезі 70-80 жылдар болды. Бірақ сол биіктік ол бір күнде алып, бір-ақ секіріп шыға қойған жоқ. Әр кезеңдегі саяси жағдайға орай бірде бәсең, өшуге таяу күн кешіп, енді бірде қайта күш алып, өз бетін айқындай алға ұмтылып, түрлі бұралаң жолдардан өтіп келеді. Соған орай тарихи романдарды зерттеу мәселесі де уақыт ерекшелігіне сәйкес әртүрлі деңгейде дамып келеді. Әрине, кеңес тарихи роман тарихы көптен жазылып келеді. Оған кеңестік тарихи романның 20-30 жылдардан бастап кейінгі кезеңдерін жинақтай пайымдаған монографиялық зерттеулер дәлел. Бұл жерде тек тарихи романдарға қатысты еңбектерді ғана еске салып отырмыз. Ал, жалпы әдебиеттің тарихилығы, роман теориясына қатысты еңбектер өзінше бір төбе. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болмасын өз кезеңіндегі әдеби процесстерді қорыта талдаған, уақыттық мәні бар еңбектер екені даусыз. Сонымен бірге, бұл зерттеулерге көздей шолсақ, ежелден сөз болып келе жатқан даулы, тартысты, қиын, түйіндері мол, сан тарау мәселелердің де бас көтеретінін байқаймыз. Қазақ елі тарихының әдебиеттегі көрінісі қазақ әдебиет тану ғылымының негізін салған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінде көрініс тауып, кейіннен С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев еңбектерінде әр қырынан сөз болды.
Қазақ тарихи романының биік шыңы, асқаралы табысы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы десек, осы шығарма жарық көргеннен соң қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа, оны зерттеуге деген үлкен құлшыныс пайда болды. Соның нәтижесінде роман-эпопеяның қыр-сырын ашуға арналған іргелі-іргелі зерттеу еңбектері дүниеге келді. Олардың қатарында М.Қаратаевтың, А.Нұрқатовтың, З.Ахметовтың, З.Қабдоловтың, С.Қирабаевтың, Р.Бердібаевтың т.б. еңбектерін атап айтуға болады. Солай дей тұрғанмен де бұл еңбектердің көпшілігі әдебиет пен тарихтың ара қатынасын арнайы монографиялық зерттеу объектісіне айналдырмай, тек поэтикалық бір қыры ретінде тілге тиек етеді. Бұл орайда О.Бердібаевтың «Қазақ тарихи романы» (1979), Ж.Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991) сияқты санаулы еңбектерімен З.Серікқалиевтің, М.Хамзиннің, Ж.Дәдебаевтың диссертациялық жұмыстарынан басқа ауыз толтырып айтарлықтай іргелі еңбектері аз. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Мен таңдаған мамандық

Ұстаздық ету -әлемдегі мамандықтың анасы,

Ұстазынан білім алып адамзаттың оянады санасы .

Бұл мамандық жемісі мол бәйтеректің ағашы,

Сондықтан да қымбат оның алтыннан да бағасы.

Автор

Қара сөздің қас шебері, халқымыздың ұлы ақыны Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - демекші қай қоғам болмасын әрбір азамат «Өмір» атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын тауып, өзі сүйген мамандық иесі болып, өз болашағының кірпішін қалауға тырысады.

Мен өз өміріңнің іргетасын берік қалаған және таңдаған сүйікті ұстаздық мамандығымнан еш өкінбеймін. Бұл мамандық менің өміріме күн нұрындай шуақ шашып, айналамдағы адамдарға мейірімділік пен адалдық қасиеттерді оята білді.

Мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды өмірлік қателеспес кәсібім етіп неге таңдадым және осы кәсіпке мені итермелеген қандай күш? деген сұрақтарға ең біріншіден: "Бала кезімнен спорт десе ішкен асымды жерге төгетін" -спортқа деген құлшынысым теңіздің жағаға ұрып соққан толқыны секілді асау болса, құштарлығым бала кезімдегі ауыл балаларымен асыр салып таңның атысымен кештің батысына дейінгі доп тебумен өтер еді.

Сыныбымызда мұғаліміміз біздерден "қай мамандық иесі болғыларың келеді?" -деп сұрақ қойғанда әр оқушы әр түрлі мамандықты бір атап жатса, менің жүрегімде бір ғана мамандық иесі болу арманым еді. Ол-дене шынықтыру пәні мұғалімі болатын.

Менің дене шынықтыру пәні мұғалімі болудағы мақсатым - өскелең жас ұрпаққа сорттық білім беріп, түрлі жарыстарға қатыстырып, қазақтың асқақ беделін көтеріп, көк туын желбірету еді. Шәкірттерім жеңіске жеткенде қуанышым қойнына симаған жүрегімнің тұсына оң қолымды қойып әнұранды тыңдағанға не жетсін,шіркін!

Мен осы ұстаздық мамандықты таңдаған соң тек қана өз мақсатымды көздеп, нан тапсам болды дейтін ойлардан аулақпын, керісінше өз кәсібіме шын беріліп, қыр-сырын игеріп, жұмысымда аянбай қызмет етіп, оқушыларға спорттық білім беріп қараңғыда қалған ой-санасына білімнің шамын шағып жарыққа алып шығамын. Ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: "қараңғы қазақтың көгіне өрмелеп шығып, күн болуға тырысамын.

Тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйінін түйер болсам: «Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады» деп даналарымыз айтқандай мен өзім ұнатқан мамандықты иесімін. Енді осы мамандығыммен бақыттымын!



.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту

Математикада тек қана обьектілер емес (сан, фигура, шама т.с) олардың арасындағы қатынастар, байланыстар да зерттеледі. Натурал сан ұғымын қалыптастыру - бастауыш математика курсының негізгі ұғымы және жалпы математика сандар арасындағы әртүрлі өзара байланысты зерттей отырып дамиды.
Геометрияда түзулердің параллельдік, перпендикулярлық, фигуралардың теңдік, ұқсастық т.с.с. геометриялық обьектілердің арасындағы әр түрлі қатынастарды зерттейді.
Жиындарды салыстырып, олар қиылысады немесе тең, біреуі екіншісіне тиісті, т.с.с. яғни жиындар арасында да қатынастар орнатылады.
Сандардың, геометриялық фигуралардың, жиындардың және басқа да обьектілердің арасындағы белгілі бір қатыстар туралы біле отырып, оларда қандай ортақ қасиет бар екенін, әртүрлі қатыстардың жиынын қалай классификациялауға болатынын қарастырамыз.
Диплом жұмысының зерттеу әдісі
Оқушылардың ғылыми - дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, практикалық дағдылары мен ебедейліктерін дамыту және т.б өзекті мәселелердің ішінде бастауыш сынып оқушылардың қатынас туралы білімін жетілдіру....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Елім деп туған Жерім деп еңбек еткен ер Төлеген Медетбаев

Мен, Төремұратова Гүлдәурен, Арал қаласы № 2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының 4 - сыныбында оқимын.
Бұл тақырыпты таңдауыма себеп болған: Ең алдымен Төлеген Медетбаевтың есімімен өзімнің көшемнің аталуы және орталық алаңдағы мәрмәр тасқа осы кісінің есімі жазылған үлкен хаттың үлгісі еді. Осы сәттен бастап, бұл кісі тегін адам болмаған екен ғой, деген ой келіп, Ол кісі туралы көбірек білгім келді.
Себебі туған жерінің өркендеуі мен өсуі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарымыз болмаса, біз осындай берекелі де бейбіт заманда өмір сүрер ме едік? Сол азаматтарымыздың бірі - Төлеген Медетбаев.
Мен өзімнің ризашылығымды осы жобам арқылы білдіргім келеді, яғни Төлеген Медетбаевтың өзі және отбасы туралы деректер жинап жария етпекпін......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0