Балабақша сабақ жоспары: Күн дидарлы Қазақстан

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, астанасы, желтоқсан, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16 –шы желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кірістер мен шығыстар есебі

Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай қызмет көрсетсе, оның жоспарлы стратегиясы да осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Шығындарды статистикалық зерттеудің теориялық негізі ретінде өндіріс және айналыс шығындары туралы экономикалық ілім қызмет етеді. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің практикалық іс-әрекетінде өндіріс және айналыс шығындары өзіндік қүн және шығын формаларына ие болады, Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтауға арналған ақпарат көздері: үйымның, мекеменің бухгалтерлік және статистикалық есеп берулері.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші табыс түсімі болып табылады. Табыс дегеніміз — тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, табыс — бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын кызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі — қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, табыс құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанша бұйым тек жумсалган шығынды ғана өтеп, ешқандай табыс келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Бөлінбеген табыс кең мағынада табыс ретінде түтынуға пайдаланған жәнс еткен жылдардағы табысланбаған табыс кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда табысты үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
• кәсіпорынның тапқан табысының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
• кәсіпорынның тапқан табысының сатылған өнімнің озіндік құнына қатысы.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі — кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі — тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың цифрлық контентін әзірлеу саласындағы шетел тәжірибесіне сараптамалық шолу

КІРІСПЕ
Жек тұлғаны қалыптастырудың елеулі факторы болып санала отырып, білім беру мазмұны бір мезгілде жалпы өркениеттік дамуда маңызды рөл атқарады. Үшінші мыңжылдықта білім беруді ізгіліктендірумен және технологияландырумен әрі ақпараттық-қатынастық технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты білім беру саласы түбірлі өзгерістерді бастан кешіруде. Бүгінгі күннің әлеуметтік мәдени жағдаяты мектепке дейінгі білім берудің алдына жаңа ақпараттық кеңістікке бейімделуге қабілетті әлеуметтік белсенді тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің әмбебеп инновациялық технологияларын іздестіру міндетін ұсынады.
Мектепке дейінгі жас – азаматтық сапалардың алғы шарттары қаланатын кездегі тұлғаның қалыптасуындағы маңызды кезең, баланың адамдардың әлеуметтік шығу тегінен, нәсілдік пен ұлттық қатыстылығынан, тілінен, жынысынан және діни құлшылық етуінен тәуелсіз оларды еркін таңдауға, құрметтеу мен түсінуге қабілеттілігі мен жауапкершілігі қалыптасады. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім берудің алғы шарты тек белгілі бір білім жинағын қалыптастыру ғана емес, және де тұлғаның базалық қабілеттерін, оның әлеуметтік және мәдени машықтарын, экологиялық түрде мақсатқа лайықты мінез-құлық негіздерін, салауатты өмір салтын дамытуға саяды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны және құрылымы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, дені сау, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” педагогикалық қоғамдастықтың алдында ауқымды міндет тұрғандығы, яғни - білім берудің жаңа моделін құрып, оны сынақтан өткізу, тәжірибеге енгізудің негізгі принциптері көрсетілген. Тұжырымдамада мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру қажеттілігі айтылған [1].
Талаптарды орындау үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жаңартылған үлгідегі тілдік мақсатты енгізудің маңызы

Коучинг тaқырыбы: Жаңартылған үлгідегі тілдік мақсатты енгізудің маңызы.
Жaлпы мaқcaт: Педагогтардың кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұның жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Педагог ақпарат бере отырып оқыту ортасын құрады, бала бойында білім мен түсінікті қалыптастырады.
Caбaқтa қолдaнылaтын мaтериaлдaр: Интертақта, слайдтар, маркер, стикерлер, тапсырмалар, А4 беттер.
Дерек көздері: Әдістемелік нұсқаулық, педагогтарға арналған нұсқаулық
Тaпcырмaлaр: «Постер» жасау, «Сөздікпен жұмыс», «Тауып көр»

Ұйымдacтыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу(2 мин)
Сәлемдесу «Мен үш тілде амандаса аламын»
- Қайырлы күн!
- Добрый день!
- Good afternoon!

Топтастыру (5 мин)
Әріптестерді үш тілде /қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі/ бойынша топқа бөлу. Жұлдызшаға қазақша, орысша, ағылшынша сөздер жазылған, таңдау арқылы топқа бөлінеді.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Қырғи мен бөктергі

Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос өткен-кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұйғарады. Кештің керегін әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді.

Қырғи көп кешікпей 10 торғайды ұстап......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі Германияның рөлі

Соңғы елу жыл шеңберiнде барлық дүниежүзiлiк қоғам Еуропада бiртұтас, жалпы экономикалық, саяси және әлеуметтiк кеңiстiк құруды мақсат ете отырып, өзiнiң ерiктi жаулап алу деңгейiмен Батыс Еуропаның тәуелсiз мемлекеттерiнiң бiрiгуiне куә болып отыр. Тарихтан көретiнiмiздей, түрлi мемлекеттердiң бiрлестiктерi, қауымдастықтары мен одақтары көп жағынан халықаралық экономикалық және саяси қатынастардың анықтаушы факторына айналды. Әсiресе, Еуропалық Одақ шеңберiндегi интеграция үрдiсi өзiне ерекше қызығушылық тудыруда. Оның көмегiмен батысеуропалық мемлекеттер өткен жүзжылдықтағы екi алапат соғыстың салдарларын жеңе отырып, тез қарқынмен өзгерiп отырған дүниеде өзiнiң мәнiн сақтап, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарда жаңа жүйенiң қалыптасуына үлкен әсер ете алуда. Бұның жалғасы немесе салдары ретiнде зерттеушiлер Еуропалық Одақта болып жатқан интеграциялық үрдiстерге мiндеттi түрде тек аймақтық деңгейде баға берiп ғана қоймай, дүниежүзiнде болып жатқан жағдайлармен қоса, оған сабақтастыра ескерулерi қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Фонетика | Аудармадағы варианттылық түрлері

Тілдегі варианттылық мәселесі тіл білімінің маңызды салаларына жатады, жарияланып жүрген лингвистикалық еңбектердің ішінде варианттылық тақырыбының көрнекті орын алып жүргені бұған дәлел бола алады. Бұл жағдай сөз варианттарын зерттеудің әрі теориялық, әрі практикалық маңызының бар екенін көрсетеді.
Сөз варианттарының көптеген мәселелері әлі де болса жеткілікті түрде шешіліп болған жоқ, сондықтан да бұл туралы баспасөз бетінде талай пікірлер айтылып жүр. Мұның бәрі де қазіргі қазақ тілінде сөз варианттарының проблемасын жан-жақты қарастыруға түрткі болды. Сөз варианттылығы тіл мәдениетінің өзекті тақырыбының бірі болып саналады. Вариант әрбір тілге тән қасиет болғандықтан, универсалиялардың бір категориясы бола алады.
Курстық жұмыс мақсаты қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының жасалу, даму және қолданылу заңдылықтарын айқындау, варианттарды тұтас баяндауға ат салысу.
Варианттылық теориялық жағынан аз зерттелгендіктен, осы тақырыпты бір курстық жұмыста толығымен жазып шығу мүмкін емес. Алайда, ғылыми еңбектерді, көркем әдебиетті, сөйлеу тілін, күнделікті баспасөз материалдарына негізделген курстық жұмыстың мазмұнын толықтай баяндаймыз.
Сөз варианттары тілдік дәрежелерде сараланып қарастырылады. Атап айтқанда, лексикалық, фонтикалық, семантикалық, стильдік, морфологиялық, фразеологиялық, тұлғалық варианттар нақты тілдік материалдар негізінде талданады. Сөз варианттарының әдеби нормадағы түрлері де, нормадан ауытқитын жағдайлары да қарастырылады. Сөздер де, олардың тұлғалары да әртүрлі варианттарда қолданылатыны нақты мысалдармен көрсетіледі. Сөз варианттары - тілдің байлығы деп саналады. Сондықтан да, әрбір тілде сөз варианттарының болуы ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Отаным – алтын бесігім

Сабақтың мақсаты: балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақты өткізу формасы: Викторина

Сабақ барысы:
Музыка әуенімен балалар бірінен соң бірі залға кіреді.
Жүргізуші:
Елім менің тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өлместей боп.
Көк байрағын төбеме көтерген күн.
Қазақстан Мемлекетінің Әнұраны......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0