Реферат: Тарих | XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АҚЫТ ҚАЖЫНЫҢ ЖИҺАНШАҺ ДАСТАНЫНДАҒЫ ШАҺЗАДА БЕЙНЕСІ

Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді. Халық ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы бейнелерді өз шығармаларына арқау етуінің бір қыры осында жатыр. Мифтік кейіпкерлерден жиі кезігетіні періште, пері, жын, мыстан кемпір. Бұлардың жиі қолданылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені, олар мифтен, эпикалық туындыларға, одан халық ақындары шығармаларына сатылай отырып өткен. Ғалым Ш.Ыбыраев былай дейді: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне – мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын-ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі. Тегінде айдаһар мен жалмауыз кемпір бейнесі ежелгі замандарда мифтік негізі бар ұғымдармен байланысты болуы әбден ықтимал. Міне, мұндай бейнелер ақындар шығармаларында да өздерінің негізгі қызметтерін өзгертпейді.
Көрнекті халық ақыны Ақытқажының бізге «Жиһаншаһ», «Ғали мен Дариға», «Мәликенің жүз жұмбағы», «Кесік қол келіншек» деген төрт дастаны белгілі болып отыр. Бір назар аударарлық жай осы дастандардың оқиға желісі шығыстан келген аңыздардың негізінде шығарылған. Осының өзі Ақыттың шығыс әдебиетімен жете таныс болғандығын аңғартады. Ақынның «Жиһаншаһ» дастаны, әлем әдебиетінің алтын туындыларының бірі «Мың бір түн» аңыздарындағы «Жиһаншаның өмірі туралы әңгіме» тарауының негізінде шығарылған. Оқиға желісінде өзгеріс жоқ. Ал, көркемдігі мен образдау жүйесінде ұлттық фольклорға тән бейнелі сөздер мен суреттеулер мол қолданылған. Мәселен, аңызда патшаның баласының жоқ екендігі: «Қазынасында қисап жоқ еді. Бірақ, сондай ұлы патшада бала болмады. Оны орта жасқа келгенде қайғы басты» деп қарапайым тұрғыда баяндау үлгісінде берілсе, дастанда:
Тамузға бала дерті болды түйін,
Баласыз қайғы деген қандай қиын.
Көрмедім бір баланы сүйе алмадым,
Не керек сансыз түймен мал мен бұйым,-
деп басталып, бірнеше шумақтың бойына патшаның ішкі жай-күйін шебер бейнелеген. Әдемі суреттерді баланың өмірге келуін баяндаған тұстарынан да көреміз. «Мың бір түн» бұл иірім басты кейіпкердің өз атынан айтылады да, бір ғана сөйлеммен беріледі. Ал дастанда басты кейіпкер үшінші жақта қолданылған. Баяндаушы – автор.
Оған берген тәңірі артық бақты,
Мінгізген тәңір қалап алтын тақты.
Ханшаның медет кәмәлі тамам болып,
Жетті де ай мен күндей бір ұл тапты.
Әдемілікті, сұлулықты бейнелеу барысында аспан әлемін қолдану, яғни, айға, күнге, жұлдызға теңеу қазақ фольклорында көне дәуірде қалыптасып, дәстүрге айналған құбылыс. Дастандағы басты бейне – Жиһаншаһтың өмірге келуі осылайша сипатталады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Байғожа Баязитов (1929-1999)

Байғожа Баязитов (1929-1999) 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Ақынтоғай ауылында туған. 1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Еңбек жолын Киров ауданындағы «Победа» мектебінде бастауыш сыныптарға мұғалім болып бастаған. Содан соң әр жылдарда Киров, Түркістан, Қызылқұм аудандарында, Арыс, Жетісай қалаларында орта мектептердің директоры, аудандық атқару комитеті жанындағы кәмелетке жасы толмаған балалар істері жөнінде комиссияның жауапты хатшысы болған. Медальдармен марапатталған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ләйла Ақназарқызы (6 ақпан 1960 жылы)

Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга (6 ақпан 1960 жылы Алматы қаласында туған) — актриса, театр педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).
Ләйла Ақназарқызы 1960 жылы Алматы қаласында туған. 1977-1981 жылдары Алматы көркем театр институтында КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хадиша Бөкееваның шеберханасында оқып. «Драмалық театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады. Сол жылы М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрының құрамына алынды.
Әуезов театрындағы ойнаған рөлдері:
Қара шаңырақтағы алғашқы рольдері: Т. Ахтанов «Жоғалған дос» – Ғалия, С. Сматаев «Жұлдызым менің жоғары» – Шолпан, Б. Мұқай «Тоят түні» – Баян, М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан, И. Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, «Шыңғыс хан» – Құлан, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, Б. Атабаев, А. Тасымбеков «Кебенек киген арулар» – Жания, Володин «Кесіртке» – Әнші, Е. Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» – Зарина, т.б.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Мақпал Тажмағамбетова

Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса) – ақын

Мақпал Тәжмағамбетова – ақын, жазушылар және журналистер Одағының мүшесі. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін" және "Аспантаудың көктемі" атты үш кітап авторы. Ақсу ауданының 80 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдығына арналған республикалық байқауларда бірінші орын алған. Молықбай қобызшы, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлықтардың иегері. Былтыр Ресей жазушылар Одағының шешімімен білікті аударма үшін балқар ақыны Керім Отаров атындағы алтын медальмен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық байқауының бас жүлдегері атанған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Бейбіт өмір – ата-бабалар арманы, ұрпақ мақсаты

Қажеті жоқ...
Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып ізденейік.
Ги де Мопассон
Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен - Қазақстандықпын!

Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Иә, мен- Қазақстандықпын. Неге? Себебі менің ата-анам, арғы ата-бабам қазақ, осы Қазақстан жерінде туып-өсіп, тамырын тереңге жайған қазақтар. Осы қазақтан тараған ұрпақ болсам, мен қалайша Қазақстандық болмаймын? Оның үстіне мен биыл 16-ға толдым. Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, куәлік алдым.Тәуелсіз, егемен еліміздің мен де бір азаматы екенімді сезінудің өзі кеудеме мақтаныш сезімін сыйлайды.
Қазір біз оқушымыз. Өз елімізге біздің дәл осы уақытта тигізе алар бірден-бір пайдамыз ол сабақты бар ынтамызбен оқу, еліміздің тарихын оқып, білу, салт-дәстүрін ұстану және құрметтеу, рәміздерді білу және қадірлеу деп білемін. Мен оқитын мектепте әрбір дүйсенбіде жаңа оқу аптасын еліміздің гимнін айтудан бастаймыз.Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін айтып тұрған сәтте менің бойымды еліме деген, Отаныма деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер кернеп тұрады. Бұл әрбір оқушының басындағы жай деп ойлаймын.Ендеше, осының өзі әрбір баланың бойында өз ұлтына, еліне, Қазақстанға деген патриоттық тәрбие беретінінің көрінісі.Патриот деген сөздің өзінде де терең мағына жатыр. Патриот дегеніміз – өз елін, жерін сүйетін, мақтан тұтатын, жауынан қорғайтын, тыныштығын сақтайтын адам.Мен өз елімнің патриоты болғым келеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Оптикалық аспаптар (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Оптикалық аспаптар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.16 – қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, обскура камерасы) құрастыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- оптикалық құралдардыӊ сызықтық ұлғаю түсінігін білу және түсіну;
- ұлғайтқыш шыныныӊ (лупаныӊ) үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- микроскоптыӊ сызықтық үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- телескоптыӊ сызықтық үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- проекциялық аппаратта кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- фотоаппаратта кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
-перископ құралының құрылысын сипаттай білу;
-обскура камерасын сипаттай білу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар орындай алады:
Адамның іс-әрекеттерінің экожүйеге әсер ететін салаларының мысалдарын келтіру
Сабақ мақсаттары: ҚР Қызыл кітабына енгізілген өз өлкесінің жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0