Қыстың бірінші күні. Желтоқсан айы. Ақ ұлпа қарға бөленген кішкентай ауылымның әсем табиғатына үнсіз ғана көз тастаудамын. Аспан төрінен шуағын шашқан алтын күн нұрымен шағылысқан кең байтақ қазақ сахарасы, ауыл халқының қарбаласқа толы, тыныш тіршілігі – бәрі-бәрі тәуелсіздігіміздің сыйы екенін тағы да бір мәрте есіме салды. Белес-белес созылған тау жоталарына қарап, тарихтың қатулы қатпарларына енгендей боламын. Сонау ақтабан шұбырындыдан бүгінгі күнге дейінгі «Елім-ай» деп еңіреп, аттары ауыздығымен су ішіп, бабаларымыз етігімен су кешкен қиын-қыстау замандардағы халқымыздың зарлы үні, үмітке толы тағдыр жолы елестейді.Иә, бұл -қазақ атты ұлы елдің қиындығы мен қуанышына, жеңілісі мен жеңісіне куә болған Желтоқсан айы. Ал, мен сол жеңісті күндердің, тәуелсіздіктің , бейбіт ұрпағымын! Мен осы таңға жету үшін қаншама тер, қаншма қан төгілгенін көзіммен көрмесем де, жүрегіммен сезініп үлгердім. Осындай тамыры тереңге созылған, 550 жылдық тарихы бар ұлы хандықтың, айбыны асқақ мәңгілік елдің ұрпағы болғаным үшін мен бақыттымын. Тәуелсіздік маған асқақ арман сыйлады, кемел болашағыма деген сенімімді арттырды және парыз бен міндет жүктеді. Ал мен тәуелсіздікке мәңгілік тағдыр сыйлағым келеді. Осы күнді келер ұрпаққа баянды етіп жеткізу де, еліміздің атын әлемге танытып, даңқын шығару да, көсегесін көгертіп, шаңырағын құлатпай, тіктеп ұстау да біздің, бүгінгі ұрпақтың, басты парызы. Тәуелсіздік демекші, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақуатты заман елімізге орнағаннан бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр түрлі бағытта сарабдал саясаттар жүргізіп келеді. Менің бойымдағы Отаныма деген махаббат пен кіршіксіз адал ниет те- осы Елбасы ұстанған саясат пен шешімнің нәтижесі. Себебі, барлығымыз білетіндей тоқсаныншы жылдары тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан кейін Президент шеттегі қазақ диаспораларын жинап құрылтай ашып және сол құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру туралы шешім шығарып, «Көшіп келу туралы» Заң негізінде шеттегі қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғандығы айтылды. ....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы Сабақ тақырыбы: Функция графигінің ойыс-дөңестігі және иілу нүктелері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.31 - функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу, 10.4.1.32 - функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу; Сабақ мақсаттары: Функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын табуға есептер шығару.....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы Сабақ тақырыбы: Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 0.4.1.28 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу; 10.4.1.29 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу; Сабақ мақсаттары: функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табуға есептер шығару.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көптүрлілігі Сабақтың тақырыбы: Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттер. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.4 белгілі бір ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді құрастыру. Сабақ мақсаттары: ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді меңгеру.....
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. "Инфляция" термині (латынның inflatio сөзінен шыққан — кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) қағаз долларының ("гринбектердің") қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы — тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде — тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады. Инфляция — ақша жүйесінің дағдарысты жай — күйі. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы. Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс. Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны блдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылады делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшыларының тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануына халықтың әл – ауқатынының дәрежесін төмендетуге әкеп тоқтырады ....
Кіріспе Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты. Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операңияларын жүргізудің монопольдык кұкығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді тек бүдан бірнеше жыл бүрын Мемлекеттік сақтандырү үйымдарымен экономикалык және үйымдык түрғыдан байланысты емес дербес сақтандыру үйымдары кұрылып, дами бастады . Қазакстан Рёопубликасы Президентінің 1995 жылғы "Сақтандыру туралы" заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және казіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірей құқықтық дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан сақтандыру қызметіне деген сұраным да екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы . Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артка тастап,бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы калыптасты деп айтуға болады .....
КІРІСПЕ Қаржылар нарықты экономиканы басқарудың ең тиімді нысаны болып табылады. Қаржы негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Қаржы саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына әсер етеді. Қаржылар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның қаржы жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Қаржылар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Қаржы жүйесін құрайтын міндетті төлем – салық болып табылады. Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі басқарушы қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе.....
Кіріспе XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр[1].....
Азамат Тасқараұлы 1990 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Феклистовка ауылында туған. 2007 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы арнайы-облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатын бітірген Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қарасазда өткен Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық мүшәйраның 2006 жылы 2 орын, 2007 жылы гран-при иегері, Аягөз қаласында өткен кәсіптік ақындар мүшәйрасының лауреаты, облыстық Т.Нұқай атындағы жыр додасының гран-при иегері, Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық қордың «Мұқағали мұрасын насихаттауға қосқан елеулі еңбегі үшін» грамотасының иегері, «Свободной музы приношенье» аймақтық әдеби конурстың екі дүркін гран-при иегері, Ұлы Отан Соғысының 65 жылдығына арналған мүшәйраның 1 орын иегері т.б.....