Реферат: Саясаттану | Мемлекеттің аймақтық саясаты

«2008-2009 жылдарға арналған Жастар және жасөспірімдер» аймақтық мақсатты бағдарламасы» (бұдан әрі- Бағдарлама) Алматы қаласы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаның жалғасы болып табылады, жастардың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуының шарттарын, қоғамдық ұйымдардың қолдауын қамтамасыз етеді. Алматы қаласы республика бойынша жастардың астанасы ретінде саналады. Біздің қаламыздың үштен бір бөлігін 14-29 жас аралығындағы 380505 жастар мен жасөспірімдер құрайды. Қазақстанның ЖОО мен ОАОО негізгі бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Республикалық маңызы бар жастар ұйымы штаб-пәтерлерінің көпшілігі осында орналасқан. Айта кететіні, «Жастар және жасөспірімдер» Бағдарламасы 2001 жылы ел басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды және Қазақстанның басқа да аймақтарында үлгі ретінде ұсынылды.
Бағдарламаның негізгі жетістіктері – жастар саясатының мекендік сипатында, өйткені ондағы негізгі басымдық тұрғылықты жер бойынша жастардың жұмыс істеуі. Бағдарлама аясында жастармен жұмыс жүргізу үшін арнайы орган - Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры құрылды, осы үйлестікпен еліміздің түкпір-түкпірінде осындай құрылымдар құрылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Бөлтірік Әлменұлы (1771 жылы)

Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.

Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Арман Бердалин Тілектесұлы (10 желтоқсан 1983 жылы)

Арман Тілектесұлы Бердалин (10 желтоқсан 1983 жылы, Айсары ауылында туды) — айтыскер, ақын, жазушы, саясаттанушы. Ұлты — қазақ, діні — ислам.
Өмірбаяны
Арман Тілектесұлы Бердалин 10 желтоқсан 1983 жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Айсары ауылында туды. Біржан сал атындағы өнер колледжін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетін бітірген (2004). Красный Яр кентіндегі Мәдениет үйінің директоры (2007). 1992 жылы өткен «Әнші балапан» конкурсының жеңімпазы. Абайдың 150-жылдығына (1995), Қарасай батырдың 400 жылдығына (1998), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 110-жылдығына (2003), Мағжан Жұмабаевтың 110-жылдығына (2003, 2-ші орын), Сейтен Сауытбаевтың 95-жылдығына (Гран-при), Көкен Шәкеевтің 80 жылдығына (Гран-при, 2004), Шығанақ Берсиевтың 125-жылдығына (Гран-при, 2006), Қостанай облысының 70-жылдығына (Гран-при, 2006), Қарағанды облысының 70-жылдығына (2007), Ақмола облысының 70-жылдығына (2009) арналып өткізілген көптеген өңірлік, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған «Жас толқын» фестивалінде 1-орын алды. Ресейдегі Қазақстан жылына (Мәскеу, 2004) арналып өткізілген халықаралық ақындар айтысына қатысқан.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Даниал Ахметов (1954 жылы 15 маусым)

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар облысында дүниеге келген. Орта жүз, руы арғын, қанжығалы.
Отбасылық жағдайы
Үйленген, екі баласы бар. Жұбайы – Гүлия Ахметова.
Білімі
1976 жылы Павлодар индустриалды институтын (қазіргі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі
1976-1981 жылдары "Павлодар тұрғын үй құрылыс" тресі үй құрылыс комбинатының шебері, аға прораб болып жұмыс істеген;
1981-1983 жылдары Екібастұз қалалық партия комитетінің нұсқаушысы;
1983-1987 жылдары "Екібастұз шахта құрылыс" комбинаты партия комитетінің хатшысы, бас инженердің орынбасары;
1987-1991 жылдары Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;
1991-1992 жылдары "Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы" тресінің басқарушысы;
1992-1993 жылдары Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғалым Арыстанбаев Қазбекұлы

Ғалым Арыстанбаев Қазбекұлы – полиция сержанты, көпбалалы әке, үлгілі отағасы. Қазіргі таңдам 11 бала тәрбиелеп отыр, 6-ы ұл, 5-і қыз. Олардың 8-і жетімдер үйінен алынған әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары, олардың ішінде қазақ, әзербайжан, қытай, өзбек, сыған, орыс, ұйғыр, татар бар. Ол әйелімен отбасы типіндегі балалар үйін ашқан. Ғалым өз әйелінің керемет қолдау көрсететінін айтады. Әйелі Әлиямен 10 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келеді.

Ғалымның айтуы бойынша олар бір-бірін түсініп, толықтырып отырады, сол үшін де олардың отбасы түсіністікпен бақытта өмір сүріп жатыр.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Елік-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кел деп едің, Елік-ай,келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп түһұрмын.
Сертте тұрсаң мен сендік жаным құрбан,
Сырым осы сертімді беріп тұрмын.

Айналайын қарағым қарақасым,
Қара мақпал жібектей қара шашың.
Баласындай еліктің егілемін,
Сені ойласам мөлдіреп көзден жасым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.6 «Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.2.7 әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау
Сабақтың мақсаты: Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Компьютердің құрылғылары 2-сабақ (Информатика, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ету
Сабақ тақырыбы: Компьютердің құрылғылары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 4.1.1.1 компьютердің сыртқы құрылғылары мысалдар келтіру;
4.1.3.1 экранмен жабдықталған цифрлық құрылғылармен (телефондар, планшеттер, интерактивті тақталар) жұмыс жасауда уақытты шектеу маңыздылығын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: - «компьютерлік құрылғы» және «сыртқы құрылғылар» түсініктерімен таныстыру, компьютердің сыртқы және ішкі құрылғыларын ажыратуды үйрету;
- цифрлы құрылғылармен жұмыс істеген кезде ҚТ-ның негізгі ережелерін атау және қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температурасы (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температурасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау
10.3.4.6 - магниттік материалдарды(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл іздегіш) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың өз беттерінше білім алуына ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдану барысында білімдерін арттыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0