Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Альмира Жилқашинова

Альмира Жилқашинова - физик, өнертапқыш

Жас физик 40 градус аязда энергияны өндіретін жел генераторын ойлап тапты. Инновациялық дамудың арқасында Альмира Жилқашинова «Шапағат-2015» республикалық өнертапқыштар байқауын жеңіп алды.

Альмира ұжымдық пайдаланудың ұлттық ғылыми зертханасының Энергияны үнемдеу және альтернативті энергетика зертханасының меңгерушісі болып табылатын жел генераторы қазақстандық инновациялар тізіліміне енгізілген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;
Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдың 40 жылдары қазақ жерінде болып өткен әйгілі тарихи шайқас Орбұлақ соғысының мазмұнымен танысу және жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ сарбаздарының ерліктеріне тағзым ету.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақ мақсаттары: 1783-97 ж.ж Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Сырым Датұлының тарихи портретіне баға беру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ойынға арналған құжатты дайындау 1-сабақ (Информатика, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мәтіндік құжатпен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Ойынға арналған құжатты дайындау 1-сабақ
Осы сабақта жүзеге асырылатын оқудың мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.2.1- сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме)
6.4.2.1 -авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіру
6.4.2.2- авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдеу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Құжатқа гиперсілтемелерді қосу;
• Авторға сілтемелерді қосуды істей алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4С Ықтималдықтар теориясының элементтері
Сабақ тақырыбы: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.1 кездейсоқ оқиғалар, элементар оқиғалар, тең мүмкіндікті оқиғалар, қарама-қарсы оқиғалар, оқиғаға қолайлы нәтижелер ұғымдарының мағынасын түсінеді;
9.4.3.2 ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолданады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар ықтималдық теориясындағы оқиға және оның түрлерін түсінеді және ықтималдықтың классикалық анықтамасын пайдаланады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыстарды қалай естиміз? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстарды қалай естиміз?
Оқу мақсаты: 3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
дыбыс қаттылығын өлшеу бірлігімен танысады;
дыбыс қаттылығының арақашықтыққа байланысты болатынын түсінеді;
дыбыс қаттылығын өлшеп үйренеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытта

Кіріспе
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәлеледі теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти «Салық пен жиынтық трактаты» -(1662 ж.), Д. Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» - (1817ж.), А. Смит «Халықтар байлықтарының себептері мен табиғатын зерттеу» - (1776 ж.).
А. Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. Ф. Аквинский (1226-1274 жж.) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс «Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықтады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1790 жж.) . «Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы секторларын талдау және дамыту

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі санаулы жылдар ішінде тек өз экономикасын құрып қана қоймай, жалпы экономикада өз мүмкіндіктерін кең ауқымды пайдаланып, әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беретін, Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықты.
Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» - деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон.
Астана қаласында 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы секторларымыз салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы секторы бұған дайын болуы керек ».
Сондықтан, диплом жұмысының мақсаты қаржы секторларын талдау және дамыту болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты қоғамдық қаржы жүйесінің маңызды элементі болып табылатын мемлекеттік бюджеттің, оның құрылуының, орындалуы мен ұйымдастырылуының, бюджеттік жүйе мен бюджеттік процестің негізгі шарттарын талдау....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0