Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Магниттік қасиеттер Оқу мақсаты: 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу. Сабақтың мақсаты: Металдардың магниттелу қасиетімен танысады.......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену Сабақтың тақырыбы: Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару. Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау; 9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкесті ферменттердің арасындағы байланысты орнату. Сабақтың мақсаттары: адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау; ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл және ДНҚ Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. 1-сабақ Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.7 ДНК репликациясы үрдісін сипаттау Сабақтың мақсаттары: - Чаргафф ережесі бойынша репликация үрдісімен танысу - ДНК репликациясы механизмін үйрену - ДНК репликациясы үрдісін ауызша және жазбаша сипаттаңыз - Мезелсон-Стилл экспериментінің ДНҚ-ның репликациясы теориясын зерттеуге қосқан үлесін қарастырып, бағалаңыз Олардың барлығы схемаға сәйкес ДНҚ-ның репликациясы процесін сипаттай алады,, Чаргафф ережесін, Мезельсона мен Сталя экспериментін біледі Көпшілігі ауызша және жазбаша ДНК репликациясын үрдісін сипаттай алады, Чаргафф ережесін тапсырмаларды орындауда қолдана алады, Мезельсон мен Сталь эксперименттерінің ДНҚ-ның репликациясы теориясындағы маңыздылығын бағалай алады. Кейбір студенттер күрделі қиындықтармен проблемаларды шеше алады және түсіндіре алады.......
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары Сабақ тақырыбы: Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс: • Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну; • Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу; • Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету; • Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу. ........
Кіріспе. Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады.....
Кiрiсiпе Қазақстанның сақтандыру нарығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сақтандырылушы – клиенттердің төлем қабілеттілігі, сақтандыру заңнамасының жағдайы және ондағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі сияқты тенденциялардың жиынтығымен сипатталады. Сақтандыру рыногын дамытудың негiзгі мiндетi - қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру, сақтандыруды шаруашылық субъектілерiнiң мүдделерiн және халықты әртүрлі тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар ретiнде белсендi пайдалану. Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған өлуге жол бермейді» деп жауап береді. Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматгық-құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі.....
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін. Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі. ....
Күн энергиясы. Күн — Күн жүйесінің орталық және ең үлкен денесі. Күн массасы Жер массасынан 333 000 есе артық және қалған барлык, планеталардың жиынды массасынан 750 есе көп. Күн — энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектінің барлық бөлігінде — рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Сонымен қатар, Қүн — бізге ең жақын жұлдыз, өзге жұлдыздардан оның айырмашылығы, біз оның дөңгелек шарасын бақылай аламыз да, телескоптын көмегімен өлшемі бірнеше жүз километр шамасындағы ұсақ бөлшектеріне шейін зерттей аламыз. Күн — нағыз жұлдыз,. сондықтан оны зерттеу жалпы жұлдыз атаулының табиғатын түсінуге көмегін тигізеді. Жер орбитасының эллипстігіне байланысты Күннің көрінетін бұрыштық диаметрі едоуір өзгеріп тұрады. Орташа алғанда ол 32 немесе 1/107 радиан. Ендеше Күн диаметрі 1/107 а. б., яғни 1 400 000 км-ге жуық, Жер диаметрінен 109 есе артық деген сөз. Жер атмосферасының шегінен тысқарыда күн сәулелеріне перпендикуляр орналасқан 1 м2 ауданға Күннің 1,36 кВт сәулелік энергиясы сәйкес келеді. Осы санды радиусы Жерден Күнге дейінгі қашықтыққа тең шар бетінің ауданына көбейтіп, Күннің толык сәуле шығару куатын (оның жарқырауын) табамыз, ол 4 • 1023 кВт-қа жуық. 6 000 К (Күннің эффектілі температурасы) температураға шейін қыздырылған дене осындай куатты сәуле шығарады. Жердің Күннен алатын энергия ағыны шамамен оның толық энергиясынын, 1/2 000 000 000-іне тең.....
Қара сұр қалың мұздай қуқыл жазық, Үстінде аласапыран құм құлазып, Жөңкіген жойқын тобыр секілденіп, Тас бұрқан сұрапылын қырға жазып. Дауылы жоталарды жүндей түтіп, Қаңғыған құла дүзде құм құтырып. Жандырған селдір-селеу дала түгін Жалақтап қызыл жалын жел жұтынып. Жәндік те, жануар да, шошып аң да Тыным ап тұра алмаған осы маңда. .....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы» Сабақтақырыбы: Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу Оқу мақсаттары: 2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу Сабақ мақсаттары: Өлең оқып, мазмұнын түсіне алады; Өлең оқып, мазмұнын түсіне алады;я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазады; Өздері өлең құрастыра алады.я, ю әріптерінің емлесін сақтап жаза алады.......