Дипломдық жұмыс: Политология | Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір – біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады.
Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады:
1. Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет.
2. Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті.
3. Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды.
Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан экономикасын дамытудағы кәсіпорынның рөлі

Кіріспе
Экономикалық өмірдегі өнеркәсіптің осындай маңызды және көп қырлы рөлін ескере отырып, дамыған елдердің өзінде өнеркәсіптік- өндірістік кешенді дамытуды бірінші басымдылық деп таниды. Өнеркәсіп үлттық экономиканың жетекші белімі, елдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын "бас нүкте" екендігін дәл айқындайды. Сондықтан да олар белсенді, жан- жақты және қисынды өнеркәсіптік саясат жүргізеді.
Кез келген елдің экономикалық жағдайы елеулі түрде өнеркәсібінің даму деңгейіне байланысты болады. Елдің өнеркәсіптік кешенінің жағдайы мен даму динамикасы, экономикалык төуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті күшейту, халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, қоғамның экономикалық ортасын сауықтыру, тең күкықты және езара тиімді жағдайда өлемдік экономикаға бірігу секілді үзақ жөне қысқа мерзімді міндеттердің сөтті шешілу мүмкіншіліктерін анықтайды.
Өнеркесіптік саясаттың объектісі болып елдің барлық өнеркәсіптік кешені табылады, оның ішінде барлық салалардың жиынтығы, салалық құрылымы мен онеркөсіп салаларының ғылыми- техникалық деңгейіне әсер ететін құрылымдық ұйымдар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу

КІРІСПЕ
Банктің пайда болуы
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстан мен Эстония қарым қатынастары

Мемлекеттік атауы - Эстония Республикасы. Астанасы - Таллин ( 427 мың. тұрғын ) Жер көлемі - 47,5 мың.км2 . Европаның солтүстік шығыс бөлігінде ,Балтық теңізінің Фин шығанағының оңтүстік жағалауында орналасқан. Оңтүстігінда Латвиямен және шығысында Ресеймен шектеседі.
Эстония - жағажай, қарағайлар елі, ортағасырлық қалалар, хуторлық шаруашылық дамыған. Эстонияның визитті карточкасы - Балтық теңізі. Эстония - индустриалды - аграрлы ел. Фосфорит пен жанатын тақтатас, шымтезек, цемент, саз балшық, әктастың қоры көп кездеседі. Өнеркәсібінің басты саласы - машина жасау ( электрорадиотехникалар, прибор жасау, кеме жөндеу т.б) және метал өңдеу, химия ( минералды тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, бензол, жуғыш заттар ), жеңіл және тамақ өнеркісібі, құрылыс материалдыр, целлюлоза, қағаз.
Ауыл шаруашылығы сүтті- етті мал шаруашылығы. Шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Өсімдік шаруашылығы дәнді - дақылдар – қарақұмық, арпа, бидай, жем- шөп, картоп , көкөніс өсіреді.
Электротехника және радтоэлектронды бұйымдары, химикат, азық- түлік өнімдері экспортталады. Көлік байланыстары жақсы дамыған. Автомобиль жолыеың ұзындығы - 14,8 мың. км. Сыртқы саудасында теңіз жолының маңызы өте зор. Басты порттары: Таллин, Новаталлинский. Ірі қалалары: Тарту, Нарва, Пярну. Халқы: 1,45 млн.адам. Этникалық құрамы: эстондықтар ( 65% ), орыстар ( 28,2% ), украиндар ( 2,6% ), белорустар (1,5% ) және финдер (0,9%). Дін: лютерандық....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Лизингтік бизнес және Қазақстан Республикасындағы оның даму жолдары

Кіріспе.
Жоспарлы құрылым өзгеріп,экономикалық қатынастардың жаңа жүйесіне көшкеннен бергі 10 жылдың ішінде ұғымымыз көптеген тың түсініктермен толықты. Солардың бірі лизинг сөзі. Егер бұл сөздің мағынасына келетін болсақ, 1993 жылы Алматыда жарыққа шыққан, орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздікте оған «лизинг-мамандандырылған қаржы компаниясының делдалдық етуімен машиналар,жабдықтар, жылжымайтын мүліктер және негізгі капиталдың басқа да элементтерін сатып алуға қаржы бөлудің ерекше формасы. Лизинг компаниясы мүлікті меншіктеу құқын ала отырып оны үшінші жаққа орташа немесе ұзақ мерзімге жалға береді»,-деген түсініктеме берілген.
Демек лизинг дамыған шет мемлекеттердің қазіргі заманғы озық техно логиясын , құрал –жабдықтарын алудың негізгі жолдарының бірі. Сонысына қарай оны отандық өндірісті , ауыл шаруашылығын,көлік пен байланыс салаларын таптырмайтын тәсілідеуге болады. Лизингтің мәнісін біз енді түсіне бастағандаймыз.
Экономикалық қатынастардың осындай жаңа түрінің біздің заманымызда қоданысқа ене бастағанына онша көп уақыт өте қойған жоқ. Өйткені арнайы мамандар болмаса шынайы лизингтің қандай болатындығын іскер кәсіпкерлердің өздерінің нақты біле бермейтіндігі жасырын емес.Сондықтанда лизингті іскер топтар арасында кеңінен түсіндіріп, болашақ экономика мамандарына ұғындыру бүгінгі таңдағы еліміздегі экономикалық білім беру ісіндегі маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан келгенде «Лизинг Орталығы» жауапкершілігші шектеулі серіктестігі атқаратын қызметі теңдесіз. Себебі ол қазіргі кезде лизингтің теориясымен тәжірбиесін зеріттеп жатқан республикамыздағы бірден –бір мамандандырылған оқыту-консалтингтік фирмасы саналады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі

Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, "коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде "коммуникатив" деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
1959 жылы шыққан казақ тілі сөздігінің бірінші томында "коммуиикация" сөзі берілмеген. Бұл сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын. Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде "коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме беріліен. Мұнда "коммуникация"' сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл терминнің тілге қатысты қолданылу ерекшелігін атап өтеді:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қазақ елінің қоғамдық ой-санасының даму сипаты

Тәуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері тарих қойнауының талай қалтарыстары ашылып, халықтың рухани қазынасының пайдаланылмай келген талай жәдігер мұралары бүгінде кәдеге жарап жатыр. Сондай ұмыт қалған қазынамыздың бірі - ұлттық білім беру мен тәлім-тәрбие мәселесі. Бүгінгі таңда ғылымның қай саласына болсын, жаңаша көзқараспен қарайтын уақыт жетті.
Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп жібермеу үшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. "Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. " Ислам дініне бой ұрады" деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады.
Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ, жер-жерлерде қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады. Бұның бәрі бүгінгі күж ғана тұрғыдан айтылып отырған шындық.
Халықты тарихынан жаңылдыру үшін бірнеше рет жазу графикасы ауыстырылды. Бұның өзі бүгінге дейін ел тарихын зерттеуге үлкен қол байлау болып отырғанын жасырып, - жабудың қажеті жоқ.
Патша өкіметінің "жымысқы" саясатының нәтижесінде ашылған "орыс-қазақ" мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шықға бастады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Арғымақ)

Құлан жылқы зауытында туған әсер
Көз қадамай өте алмайтын әркім-ақ,
Тұрпатымен көре қалған жанға ұнап,
Тұлпарларды өсіретін заводта
Тұрды ерекше сүлік қара арғымақ!
Жасаған-ай, әрі жомарт, әрі ұста!
Дүлдүл тұқым даңқы кеткен алысқа.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи және жасанды экожүйелер (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экожүйе
Сабақ тақырыбы: Табиғи және жасанды экожүйелер
Оқу мақсаты: 5.6.1.3. Табиғи және жасанды экожүйені салыстыру
Сабақ мақсаты: • Табиғи экожүйенің ерекшелігін білу
• Жасанды экожүйенің ерекшелігін білу
• Табиғи және жасанды экожүйенің салыстырмасын жасау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0